Ана ?н, бала оны? ?айырмасы
Тақырыбы: «Ана-ән, бала оның қайырмасы»
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар, қасиетті аналар!Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,Қияға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніпӨнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға № 12 «Айгөлек» топ оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Ортаға балалар әуен ырғағымиен кіріп, билейді.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Көктем келді»атты әнін қабыл алыңыздар
Діннұр: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдыззыңыз Көктемдей құлпырыңыз Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Алихан: Мама, очень-очень Я тебя люблю! Так люблю, что ночью В темноте не сплю
Ақниет: Я так люблю тебя! Мне нужно, чтобы ты И в час и в день любой Всегда была со мной Я так люблю тебя, Что и сказать нельзя! Но не люблю, когда В слезах твои глаза Тебя красивей нет Тебя нежнее нет Добрее нет тебя Любимей нет тебя Никого Нигде Мамам моя
Ибраһим: Ана-деген жылағанда жұбатқан, Ана-мөлдір жаралғандай бұлақтан Қорған болып аймаласа перзентін Тәңірінен амандығын сұратқан
Ана-деген түн ұйқысын төрт бөлген, Ана ғана өткізеді өткелден Жадыратса жаздай етіп жаныңды Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен
Жүргізуші:Ертеде бір оқиға болыпты. Ақниет атты бала болыпты. Әкесі креслода газет оқып отырады. Ал анасы құрбысымен әңгімелесіп жүреді.
Анасы: Ой амансыңба жан құрбым Хабарласпай көптен сен
Жатырсың ғой үндемей Мүмкін сен бізге Кіріп кетерсің пәтерге Әлде көппе жұмысың
Бала: Ана, ана, ішім пысты, Маған ертегі оқып берші
Анасы: сен маған келгенше, Барсайшы ана әкеңе Кофта сатып алдың ба? Түсі неткен әдемі Сондай киім менің де Сатып алғым келіп тұр
Бала: Ішім пысты тұрмайық, Паравозбен ойнайық
Анасы: Менің қолым тимейді, Кір жуамын еденді
Бала: Әке отырма, менімен ойнашы Әлде мені циркке апаршы
Әкесі: Балам менің сен жоқта Ойнасаңшы ана жаққа Маған ондай циркті Білгім келеді көп жақсы
Бала: Апа,апа маған салып берші бір сурет
Апасы: Мені таныс бір жігіт Шақырады ғой киноға Мүлдем менде уақыт жоқ Мазамды алмай кет
Бала: Жалғыз өзім қалай ойнаймын Менімен ойнайтын адам жоқ
Жүргізуші: Не отыра алмайды, не жата алмайды.Бала жүр ғой қиналып, әкесі мен анасы көрсетіңдер оған көмек. Салыңыздар суретт, оқыңыздар кітапты. Өйткені бұл баланың айналысар ісі жоқ.
Бала: Үйде мен қалай ойнаймын Үйде менімен ойнайтын адам жоқ
Әсет: Мүмкін саған жаңадан ана іздеу керек шығар.
Рауан: Сен отырма уайымдап Оданда ізде басқаны Қызмет көрсету орталығы Айтар саған бір кеңес
Бала: Мен әрине дайынмын ғой іздеуге басқаны
Ән: « Мамочка моя» Орындайтын: Алихан,Нұрай, Нұрасыл
Ержан: Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, Ақындардың өлең арнар жырысың Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға Ғасырларға жалғасады бұл ісің
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға Орындалсын жүректегі бар арман!
Санжар: Бүгін наурыздың сегізі Сұлулықтың негізі Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі
Кәусар:
Інжу: Хабарлас достым бізге Табамыз бәрін сізге Анада таңдап береміз Бәріне көмек береміз
Бейбіт: Жаңалық, жаңалық Бүгін бәрі күлмейді Бүгін бізге келіпті Ана іздеп бір бала Сіздер үшін әрине Жұмыс жасайды бәрі де
Інжу: Кіріңіздер, кіріңіздер Қарсы аламыз сіздерді Таңдаңыздар,таңдаңыздар Өздеріңізге керегін
Аружан: Күтуші ме? Мерей: Әжей ме? Перизат: Егер десеңіз әркім жұмыс бабымен Әлемдегі ең жақсы табылады күтуші Егер келсе ұйқыңыз Ұйықтатады әжеміз
Жүргізуші:Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянғанТүн үйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған.Қаймақты сүттей қалқытқанСуық болса жөргегіҚорғасындай балқытқанАйналасына ас қойып,Өзенді көлдей шалқытқан.Қолын қатты тигізбей,Иісін жүпар аңқытқанБұл кім?Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: ендеше келесі кезегімізді аналарымызға арналған тақпақтарға берейік.
Нұрасыл: На Восьмое марта Нарисую маме Голубое море Небо с облаками Рядом с этим морем Пеною одетым Нарисую маму С праздничным букетам
Нұртөре: Дүниеде ең кемеңгер Ана табады, аялайды бағалы Сол үшінде құдіретңе бас иіп Құрметтейік қасиетті-ананы
Абдулуахйд: Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар , жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Аружан: Ана шырақ ұрпағымен жағылған, Өз анасын бар періште сағынған Құдіретін сезінгендер бас иіп Ана деген үш әріпке бағынған
Аман болса ана деген ардығым Күндей болып нұрланады жан-жағым Қуанышпен бар қайғысын өмірдің Ана ғана көтереді салмағын
Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын,- дей келесі кезекті Бимағамбет Бейбіт пен Сауытбай Інжәдің орындауындағы ән : «Апа»
Жүргізуші: Ал енді Ақниет анасын әлі де іздеп жүр екен.
Жүргізуші : Ақниет анасын тапқанға дейін кезекті ойынға береміз.
Ойын: «Гүл сыйлау». Ойын шарты: ортаға 3 жұп шығады. Әуен ырғағымен билеп жүреді де, әуен тоқтаған кезде гүлді жүгіріп қызға сыйлау керек.
Би: « Түймедақ»
Алмас: Кеше сенің қойыңда Ұнайды бір ана Ұзын бойлы, сымбатты Мейірімді, салмақты Күні бойы тек қана Ауыстырады киіміңді Мамандығы модельер
Бала: Ұстаз болса, әрине Үйретеді жаттатып
Көктем ханшайымы: -Балалар мені таныдыңдарма?
Балалар: ия
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Көктем ханшайымы. Қош келдіңіз!
Көктем аруы: Көктем ханшайымы деген мен болам. Жақсы тәрбиеші болам! Қолшатырым ылғи да, жаңалықтар әлеміне апарады әрдайым.
Жүргізуші: Ақниетке біз қазір Іздейміз жаңа ана Ұнатпады күтушіні Ал қазір біз бәріміз Модельерге қарайық
Кәусар: Журналдарға біз қарап Таңдаймыз біз бір үлгі Мындай сәнді көйлектен Көрсетеміз сән үлгі
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті тобымыздың ару да, сұлу қыздарымыздың орындауындағы «Чарльстон» биіне кезек береміз.
Бала: О,о қандай қыздар! Маған модельер қыздар керек емесКөктем ханшайымы: Ақниет сен өзіңе ана іздесең Мүмкін мен саған ана болармын
Бала: Жо-жоқ, ол ұзын сымбатты болса Вечерлерге кетеді ғой Тағы да жалғыз қаламын
Көктем аруы: ендеше мен аналармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын аты: «Кім жылдам»
Ойын шарты: ортаға 6 ана шығады. Олар екі топқа бөлінеді. Карточкалар бьерілед. Сол карточкадағы берілген тапсырманы іс қимылмен түсіндіру керек.
Ержан: Мынадай ана тағы бар Мамандығы мұғалім Үйретеді баланы Сурет салып, билеуге
Ақниет: Ұстаз болса әрине, үйретуден шаршатар
Жүргізуші: Ақниетке мұғалім ана керек емес
Айкөркем: Встану утром рано, Поцелую маму Подарю цветов букет Лучше мамы мире нет!
Бексұлтан: 8 Наурыз қуанышқа бөлесін! Әкелсінші жаздың жылы елесін! Барлық халық аман болып елімде 8Наурызға жете беріңіздер келесі
Аяулым: Әйел деген- бір әлем! Келіс мейлі, келіспе Әр отаудың Күні ол, Орбитасы ерекше!!!
Әсет: Сізлдер- Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер-өзен, тау, суы сарқыраған Сіздер-ана, сіздер-жар, сіздер –қыздар, Сіздер-жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Мерей: Анаң болса жүзіп өтер кемең бар, Анаң ғана өткізеді өткелден Тірі кезде қадірлесең анаңды, Шын өкініш жауламайды санаңды
Ән: «Сағындым әже!»
Нұрай: Мамин день! Мамин день Платье лучше надень! Утром встань пораньше, В доме прибери, Что-нибудь хорошее, Маме подари.
Бейбіт: Бабушка любимая, Самая красивая! Руки золотые, Глазки молодые Будь всегда счастливой, Мудрой и красивой С праздником, родная! Снова поздравляю!
Перизат: Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар Сәтті басса ұрпағың,-мерей тасып Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар
Би: «Әжелер»
Жүргізуші: Ортаға ақниет келе жатқан сияқты Ұсындық саған көп ана Ұстаз, модельер тағы қандай ана керек саған
Бала:Маған ешкім ұнамайды, Бұл өмірде көп ана бар Бірақ мен үшін бір ана бар Ең сымбатты, ең қымбатты Өзімнің жан анам
Анасы: Ой, құлыным біз сені жоғалтып жүрміз.Сағындық, қайда жүрсің?
Бала: Мен жүрген бір құпия сұрақ Сізден артық ана таба алмадым.
Бөбегіңнің сыйлығын,Қабыл алшы анашымҰзақ өмір жүз жасапАуырмашы анашымБәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.Аналар, қалқып бақыт аралында,Лайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен кешімізді аяқтайықГүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана-ән, бала оның қайырмасы» атты ертеңгілігін жабық деп жариялаймыз.. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
«Бекітемін»
№22 «Ақбұлақ» балабақшасының
директоры_______ Джаманшалова Г.Н.
«___» «____» 2017 жыл
Ертеңгілік
«Ана ән, бала оның қайырмасы!»
Дайындаған: №12 «Айгөлек» МАД тобының Тәрбиешісі: Чуйтанова Р А.
2016-2017 оқу жылы