Ашы? саба? жоспары: ?осу мен к?бейтуді? ауыстырымдылы?, терімділік ?асиеттерін пайдаланып, ?рнектерді ы?шамдау


Сынып: 5 « А »
Пән мұғалімі: Айдарова С.П.
Сабақтың тақырыбы: 2. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру № 16,№20 ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау
Жаңа сабақты меңгерту:
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: аb=ba
Көбейтудің терімділік қасиеті: (a*b)*c=a*(b*c)
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+b=b+a
Қосудың терімділік қасиеті: (a+b)+c=a+(b+c)
Мысалдар келтіру: 73+36+27 = (73+27)+36=100+36=136
(m+9)+16= m + (9 + 16) = m + 25
алғашқы түрі ықшамдалған түрі
Дамыту кезеңі. Есептер шығару.
№ 29 (ауызша), № 32
№ 38 (1;6) 1) 1-қатар, №38 (2;4) 2) 2 қатар, № 38 (3;5)) 3-қатар
Деңгейлік тапсырма.
№ 39
Сабақты бекіту кезеңі:
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не? Мысал келтір.
Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма : № 36. № 40