Ертегілер елінде «К??ілді тап?ырлар сайысы»
Ертегілер елінде «Көңілді тапқырлар сайысы»
Сабақтың мақсаты: Ізгілік үнемі зұлымдықты жеңетін ертегілерге, яғни хайуанаттар, құстар туралы ертегілерге арналған Ертегілер елінде «Көңілді тапқырлар» сайысын өткізу арқылы ой-өрісін дамыту.
Дамытушылық мақсаты: Кейіпкерлердің бет әлпетіне, дауыс ырғағына байланысты оқушыларды сөйлете отырып, қай ертегіден үзінді екенін тапқызу арқылы ізденіп оқуына білгендер ауызша жеткізе білуге үйрету. Рольдерде ойнау, елестету, қиялдау арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні:О қушыларды халқымыздың ауызәдебиетін рухани байлығын игеруге, ұлттық оздық дәстүрлерімізден үлгі алуға,еңбек қуанышын сезінуге баулу. Адамдарда болатын жағымды- жағымсыз, мінез – қылықтарды ертегі кейіпкерлері арқылы бейнелеп әдептілікке, адамгершілікке, ақылдылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Жазылған нақыл сөздер, тақырыбы, хайуанаттардың,құстардың суретін бастарына тағу, Қуыршақ театр ойыншықтары және т.б
ЖҮРІСІ
І. Ашылуы./ Кіріспе сөз мұғалім/
ІІ.Топқа бөлу және таныстыру.
1.топ: «Қанатты достар»
2. топ: Хайуанаттар
ІІІ.Әр топтың құттықтауы.
ІҮ. Топтар сайысы «Ертегіні жақсы білесің бе?»
Ү. Мақал- мәтел жарысы «Қай топ мақал- мәтелді» көп біледі.
ҮІ. Рбіс шешу. «Ребусты шешу арқылы шыққан сөзге байланысты көрніс қою»
ҮІІ. Ертегілен көрініс Қуыршақ театры.
ҮІІІ.Топ басшылар сайысы. Жұмбақ шешу, Сұрақ жауап.
ІІІ. «Қанатты достар» тобының сәлемдесуі.
Біз, «Қанатты достар» тобы «Көңілді хайуанаттар» сіздерге жер шарының түпкір – түпкірінен әелген сәлемімізді, бір ауыздан сіздерге жолдаймыз.
«Көңілді хайуанаттар» тобының сәлемдесуі.
Барлық бөлтіріктерден, барлық көжектерден, төрт- түліктерден жалынды сәлем.
ІҮ. Ертегіні жақсы білесіңбе?
Қанатты достар тобы.
А) «Бетіңнен сүйейін деп едім, сен – ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің, өмірі». Бұл қандай ертегіден үзіндіі?/ Қасқыр мен кірпі/.
Ә) «Ей саған ешкімге айтпа дегенім қайда?!
-енді сені жеймін.
- жеме ,жеме ең әуелі үй – ішіммен, ағайын тумамен қоштасайын
- жарайды, жарайды үш күнге рұқат бердім»-бұл қай ертегіден үзінді?/ Түлкі қойшы аю/.
Б)құрметті әтеш жан төменге түссеңші?! Қалғып – шұлғып отыра беруден саулығыңызғы хиян келер. Спортпен шұғылдану керек. былай - -былай менше секірсең, денең шынығып, көңілің сергиді, үніңде ашылады. / әтеш пен түлкі /.
2. «Көңілді хайуанаттар» тобы.
А) «- Қара тоқты, қара тоқы мен сені жеймін.
- жеме –жеме – ана жерде бес ешкі тұр соны же». / Бес ешкі/.
Ә) «Ей, түлкі би,. Айтсаңшы?! Неге күлесің?
- Әлемде болып жатқан оқиғаларды көрсең сенде күлерсің».
/ түлкінің күлкісі/
Б) «- Ей, мен сені жеймін...-
- Қой күшеке, қой!иӘуелі мені тойғыз сосын жерсің.
- жарайды! Менімен бірге еріп жүр».
/Күшік пен мысық/
Ү.ҚАЙ ТОП МАҚАЛ – МӘТЕЛДІ КӨП БІЛЕДІ?
ШАРТЫ:
1 Әр топ өз тобының атына байланысты мақал – мәтел кезекпе – кезек айтады.
2.әр топ ертегіні нақышына келтіре, мимикасын сала айтады.
1 қанатты достар тобы: а) әтеш пен тоты
ә)Қарлығаш пен дәуіт.
б)Қотыр торғай.
в)Сауысқан мен көкек.
2 көңілді хайуанаттар тобы: а)Құмыра мен түлкі.
ә)Қарға баласын аппағым дер.
Кірпі баласын жұмсағым дер.
б)Қайырымды қоян.
в) Түлкі мен тырна.
ҮІ. «Ребус» шешу(берілген ребусты шешіп оқиды)
ҮІІ. Ертегіден көрініс көрсету «Қай топ қуыршақ театрында жақсы ойнайды?»
1-топ. «Түлкі, қасқыр, түйе», «Төлдер айтысы» ертегісі
2-топ. «Әтеш пен түлкі», «Күшік пен мысық» ертегісін көрсетеді
ҮІІІ. Топ басшыларының сайысы
Жұмбақтар шешу
1-топ. 1. Бір құс бар, түнде ұшып,
Күндіз ұшпайтұғын.
Құлағы мен екі көзі,
Мысыққа ұқсайтұғын (Үкі)
2. Ағашта жабысып тұрады,
Тұмсығын аямай ұрады. (Тоқылдақ)
2-топ. 1. Далада жүр шапқылап,
Өзі айрықша сақ құлақ.
Тек есектен басқалау,
Оған ұқсас жоқ құлақ. (Қоян).
2. Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген жемісті
Бейғам елді іздейді...,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
Сұрақ – жауап
Топталып бұрыш жасап ұшатын құс?
Биенің сүтінің өзге малдың сүтінен ерекшелігі неде?
Қоян көзін ашып ұйықтай ма, жұмып ұйықтай ма? Себебі не?
Жабайы сүт қоректілерді атаңдар.
Соңы