Интеллектуалды? ойынны? та?ырыбы Ал?ырлар мен Тап?ырлар
Сабақ тақырыбы: Алғырлар мен тапқырлар
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, білімге қызығушылығын арттыру
Оқушыларды шапшаңдыққа ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбилеу
Барысы:
Көңілді алғырлар, тапқырлар
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
І. Алғырлар ІІ. Тапқырлар
Топтың аты: Топтың аты:
Ұраны: Ұраны:
Ұқыпты – ұтарЖарыс десе жанамыз,
Іздеген табарЖасырғанды табамыз
Оқыған - озарКүш сынысып көрейік,
Еріншек тозарЖеткенінше шамамыз.
Жаста берген тәрбие,
Жас шыбықты игендей
Білімді болса ұл мен қыз
Пайдасы елге тигендей.
І. « Мақал-мәтелдер» сайысы
Екі топ мақал-мәтел айтып жарысады
ІІ. «Ұйқасын тап» ойыны
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оны аты - жүзім .
Жерге түскен айдай
Секеңдеуі көп-ті
Тура тептім таймай,
Ұстап көрші допты
Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі үйректі.
Халық қу деп
Қылған күлкі,
Айласы көп
Бұл не? түлкі
Сырты тастай қатты,
Дәні майдай тәтті.
Шағып қара таңдап
Оның аты – жаңғақ.
Аз да болса жауын,
Бітік өсті қауын.
Аппақ доп тауып,
Шақырады ақ тауық.
Алмастан тыным,
Шабады құлын.
Шай ішетін кеше,
Сатып алдық кесе.
Өзінше ноян,
Қорқақ қоян.
Жорғалайтын көдеде,
Құстың аты бөдене.
ІІІ. Сөз құра, тез құра
Тек қана түзу бойымен жүру арқылы берілген әріптерді пайдаланып сөздер құрау
ғ
ш
з
б
д
ң
л
ж
а
т
рт
с
г
у
н
қ
п
а
ІҮ.Ғажайып төрттік
Ана тілі
10. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
20. Жұмбақ. « Ірі денесі-
Түздің кемесі,
Жонында бар бір төбесі. Бұл қандай жануар?»
30. Қыс мезгіліндегі табиғат құблыстарын ата.
40. Мақалдың жалғасын тап. « Ата көрген оқ жонар, ...»
Математика
10. Бұрыш түрлерін ата
20. Уақыт бірліктерін ата
30. 2 жылда неше ай бар?
40. Баласы 6 жаста, ал шешесі 36 жас үлкен. Шешесі неше жаста?
Дүниетану
10. Тірі табиғатты ата.
20. Тірі табиғатқа тән ең қажетті бес жағдайды ата.
30. Өсімдік мүшелерін ата.
40. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Қазақ тілі.
10. «Инелік» сөзін буынға бөл.
20.Мәтін түрлерін ата.
30. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
40. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Ү. «Қадам бас»
Б Б Б Б Б Б С С С С С С 15
15
ҮІ. «Сиқырлы» шаршы
4 8
5 4 8
5 №27 Дихан орта мектебі
Интеллектуалды ойын
Алғырлар мен тапқырлар
Мұғалім: Сартаева Аққыз
2 сынып
2015 жыл