Ашы? саба? Туындыны? физикалы? ж?не геометриялы? ма?ынасы. Функцияны? графигіне ж?ргізілген жанама
Уакыты:
26.01.2016 Пәні: Алгебра Сынып: 10 Мұғалім: Кейкуатова Д.М.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, оқу әдістемелік құралы (күндізбелік жоспар)
Тақырып: Туындының физикалық және геометриялық мағынасы Функцияның графигіне жүргізілген жанама
Жалпы мақсаты: Туындының физикалық және геометриялық мағынасы Функцияның графигіне жүргізілген жанама туралы алған білімдерін жинақтап, тиянақтау
Ресурстары: Интерактивті тақта, слайдтар
Оқыту әдістері: СТО, АКТ, бағалау Әдісі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту нәтижесі: Сабақтың ғылымилығы, нәтижеге жету үшін ұйымдастырылған жұмыстардың толық орындалуы. Оқушылардың тақырыпты жеткілікті меңгеруі.
Түйінді идеялар: Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. Тапсырмаларды жұптасып орындау дағдысын жетілдіру.
Модульдар Пікірлесу, есептерді талдау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Блум жүйесі: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңбері:
Бүгінгі сабағымздың жақсы өтуіне қандай уәде бересің (уәде берем.) Оқушылар сабақтың жақсы өтуіне байланысты уәде береді.
Формула құрастыру арқылы топқа бөліну
ІІ. Білім Әр түрлі кубиктарды қолдана отырып үйге берілген тапсырманы бақылау сұрақтары бойынша сұрау
Кубиктардағы жазылған тапсырмаға оқушылар жауап береді.
ІІІ. Түсіну.
Тақырыптың мазмұның ашу үшін топтпрға тест беріледі 1.Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып тексереді.
ІҮ.Талдау. «Топпен зерттеу» стратегиясы оқулықпен жұмыс №199, №200, №202
Топпен зерттеу стратегиясы бойынша есептің шығару жолын талдайды, тұжырым жасайды. Постер қорғайды.
Жинақтау. Ойлаудың алты қалпағын қолдана отырып, сабақтты бекіту. Оқушылар әр түрлі қалпаққа байланысты сұрақтарға жауап береді.
Бағалау. Жиынтық бағалау/ жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша/ Жиындық бағалау. Топ басшылары үй тапсырмасын, топтық, зерттеушілік жұмыстарын ескере отырып бағалайды.
Келесі оқылым. №203, Үй тапсырмасымен танысу, орындалуына байланысты нұсқаулықтар алу
Рефлекция Кері байланыс Оқушылар өтілген сабақтан қандай жағымды әсер алғандарын стикерге жазып хаттар ұяшығына салады.