Тригонометриялы? функцияларды? туындысын табу?а есептер шы?ару


Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастырудағы деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі
Айнагүл АМИРОВА
Есбол Өмірбаев орта мектебінің мұғалімі
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге байланысты, мұғалім ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Дамыта оқыту идеясына негізделген жаңа буын оқулықтарында бастауыштан бастап, ӨБЖ жасауды үйрету көзделеді. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.
Осы мақсатта «Тригонометриялық функциялардың туындысын табуға есептер шығару» тақырыбымен 10 сыныпта өткізілген ашық сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындысын табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуде білімдерін кеңейтіп толықтыру, туындының шығу тарихына шолу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау жүйелерін, тақырып бойынша формулаларды нақты есеп шартына сай таңдай отырып қолдана білу шеберліктерін,өз бетімен еңбектену дағдыларын, шапшаң есептеу техникаларын шыңдау.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Білім алуға ынтасын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы мен құрметін арттыру.
Сабақтың түрі: Білімді комплексті қолдану сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқушылардың жұмыс дәптері,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Тақтада үй жұмысын тексеру
«Қайталау - білім анасы» туынды табу формулаларын қайталау
Кітаппен жұмыс (І деңгей тапсырмалары)
«Білімді мыңды жығады» талапкер 2011 тест жұмысына шолу(ІІдеңгей тапсырмалары)
«Білім теңіз, түбі де, шегі де жоқ», сәйкестендіру тестісі
«Білгенге маржан» туынды тарихына шолу
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
1. Ұйымдастыру: а) амандасу
ә) түгендеу
б) сабаққа әзірлігін тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру: №187; №188
3. «Қайталау - білім анасы» туынды табу формулаларын қайталау
Төмендегі кестеде туынды табу формулалары мен қарапайым туынды табуға функциялар берілген. Сол жақ бағанда берілісі мен жоғардан сәйкестендіріп дұрыс жауабын тапсаңыз, сәйкес әріптерді жинай отырып сөз құрап, табылған сөздер арқылы сөйлем құрасақ, бүгінгі сабағымызға, болашағымызға қатысты ой түйін аламыз.(шешуі: Болашақ кілті - білімде)
5 0 12х5х4 3cos3х-2sinх-4х-5
(Х5)1 Р Л У Б У Ж Т
(2)1 Ф О Н К Щ И Ь
(2cosх)1 Ч И Ь Б Д Л Ж
(sin3х)1 Г Ш Щ З А Х Э
(5х)1 Ш Н Е К У Ц Й
(х)1 Р П А В Ы Ы Ф
(х-4)1 О Л Л Д Б У Қ
-1sin2Хcosх1cos2х-12sin2х-sinхsinхД К Л А Е
cosхЖ Г Ң Ә І
tg x Н Ө Л Ұ Ң
ctg x Т Н Щ З Ж
12ctg xЯ С М І Б
U1+V1 1 0 -V1V2U1*V+U*V1 n*xn-1 k
(1V)1 А П Р Б Ғ Ң І
(U+V)1 І Ш Г Н Е К У
(U*V)1 Щ З Х Э Л Ж Д
(k*x)1 В А П Р О Л І
C1(c-const) Ы Ф М К Е Т Ь
(xn)1 С Ч М И Ю Д Б
(x)1 Я Е Ф Ы В Е Қ
4. Кітаппен жұмыс (І деңгей тапсырмалары)
№189(а,б) №192
5. «Білімді мыңды жығады» талапкер 2011 тест жұмысына шолу(ІІдеңгей тапсырмалары)
3-нұсқа,18есеп болса, онда тап
4-нұсқа, 17есеп функциясы туындысының х=π3 нүктесіндегі мәнін табыңдар
6-нұсқа, 16-есеп функциясы туындысының х=π6 нүктесіндегі мәнін табыңдар
6. «Білім теңіз, түбі де, шегі де жоқ», сәйкестендіру тестісі

7. «Білгенге маржан» туынды тарихына шолу
Слайдтар көмегімен интерактивті тақтада көрсетіліп, ауызша түсіндірме беріледі.
1-слайд: Туынды ұғымы ХУІІ ғасырда пайда болды. «y1 мен f1» белгілеулерін Лагранж енгізген
2-слайд: Туындыны «Диференциялдау» деп атаған неміс математигі Лейбниц.
3-слайд: Өсімшені белгілеу үшін гректің әріпін қолданған Эйлер болды
Рефлексия. Ой түйін. Оқушылардың сабақтан алған әсерін, түйіндеген ойларын шығармашылық тұрғыда әдеби тілмен жеткізулері. Сабақты қорытындылау
Рефлексия
Мені таңқалдырды Мені ойландырды Менде сұрақ туындады

Сонымен оқушылар, бүгінгі сабақты қорыта келе, сіздер егемен елдің, кемеңгер елдің ұрпағы, болашақтың жарқын да көлеңкесіз болуына ең алдымен жауапты жансыздар. Сондықтан біздің болашаққа нық сенімді болуымыз үшін сіздер аса білімді болуларыңыз қажет. Әрине білім ішінде нақты ғылымдардың игерілуі аса мән берерлік нәрсе. Нақты ғылымды айтсақ алғашқылардың бірі болып алдымен тілге математика пәні оралады. Демек, болашақ кілті - білімде, ал білім кілті сіздердің қолдарыңызда деп сабағымызды аяқтасақ.
Үйге тапсырма: № 193; № 194 (функцияның х0 нүктесіндегі жанамасын жүргізуге, F1(х)=0 теңдеуін шешіңдер)
Қорытынды, бағалау
Аты-жөні 1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей Баға
1 1 1 1 1 2 2 2 3 3 Рефлексия
(Оқушылардың ой түйіндері)
Таңқалдырды Лейбниц пен Эйлерде,
Ойландырды туындының мәні де.
Бәрін түсініп арғарата білуге,
Ойыма келді болашақтың бәрі де.
Ильясова Меруерт
Таңқалдырды мені ғажап туынды,
Шешімдер ғажап, көмекейден суырылды,
ХУІІ ғасырда өзі пайда боп,
Құмартқан жанға таныссын деп кідірді.
О, ғажап, неткен бай тұлға еді – Туынды,
Бай бола тұра кеңпейіл, жарқын, көңілді
«ҰБТ менсіз өтпейді деп » күлімдеп,
«Сүрінбе, маған жығылма» деді
Ұ Ғ Ы Н Д Ы М!!!
Қуанышова Әлима
Мені таңқалдырды туындының 17ғасырда пайда болғандығы, әрі сол уақыттан бері өзінің салмағы мен түр сипатының осы кезге дейін еш өзгеріссіз жетуі. Мені ойландырғаны егер анықтап қарасам ҰБТ-да осы тақырыпқа келген есепке әлім келетіндігі. Менде туындаған сұрақ бұл туындының әлі біз білмейтін сырлары бар екендігі.
Мағдатов Наурыз
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы