Туындыны табу ережелері саба? жоспары
Сабақ: №1 Мектеп: Семей қаласы, №23 ЖББОМ КММ
Күні: Мұғалімнің есімі: Шакенова Г. О.
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Туындыны табу ережелері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Туындыны табу ережелері мен дәрежелі функцияның туындысын, көбейтіндінің, бөліндінің, қосындының туындысын табу формуласын есептер шығара отырып қолдануда алған білімдерін бекіту
Табыс критерийлері Барлық оқушылар:
Туындыны табу ережелерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Дәрежелі функцияның туындысын, көбейтіндінің, бөліндінің, қосындының туындысын табу формуласын есептер шығаруда қоллдана алады
Кейбір оқушылар:
Берілгені бойынша қандай өрнектің туындысы екендігін таба алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Теоремаларды дәлелдеуде математикалық тілде сойлей алады.
Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Туынды, өсімше, дельта, дифференциалдау
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Туындыны табу ережелерін, формулаларды, есептің шығару жолдарын ауызша баяндау
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?
Туындыны табу ережелері
Дәрежелік функцияның туындысы
Тұрақты санның туындысы
Жазылым бойынша ұсыныстар:
▲х (дельта икс), f^(x) туынды
Алдыңғы оқу Туындының анықтамасы
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті 1-кезең: Қызығушылықты ояту(15 минут):
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Зейінді шоғырландыру жаттығуы «Маржан- Маржан, Маржан-Ален....»
Сыныпты арқадағы сурет бойынша 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын «Қос шеңбер» әдісі бойынша сұрау.
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығару, табыс критерийлерін жасайды. Әр кезең бойынша бағалау критерийлерімен таныстырады.
Ортаға шеңберге тұрады. Зейінді шоғырландыру жаттығуын орындайды. Бірден қос (ішкі сыртқы) шеңберге тұрып үй тапсырмасы бойынша жұптарымен сұрақтарды талқылайды. Ішкі неме сыртқы шеңбер айналып оырады. Осы кезең аяқталғанда әроқушының арқасына жапсырылған түстер арқылы(арқадағы түстерді тауып) 3 топқа топтасады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
Фигуралар, бағалау парағы
Оқулық, дәптер
2-кезең: Мағынаны ажырату(15 мин):
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
Әр топқа есептер жазылған парақтар таратады. «Өкіл» әдісі бойынша топтарға деңгейлік тапсырмалар (есептер)береді.
Сергіту (Визуалды есте сақтау қабілеттерін дамыту жаттығу) Топта оқушылар бірлесе отырып, талқылау жүргізеді. Топтың әрбір мүшесі ортақ жұмысты орындайды. Топ басшысы топ жұмысына қадағалау жүргізеді. Басқа топтарға барып, өз есептерінің шығару жолдарын түсіндіреді.
Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалайды.
Әр топтан оқушылар кезектесіп барып алыста орналасқан суреттің элементтерін естерінде сақтап қалып, өз топтарына барып қағазға түсіреді, жарысады. Топтар бір-бірін «Басбармақ» бойынша бағалайды. Интербелсенді тақта
Түрлі-түсті қағаздар,
Маркерлер
3-кезең:
Ой-толғаныс(10 минут):
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
сабақ қорытындысы
«515» әдісі арқылы тақырып бойынша сөздік қор тексеріледі.
Бағалау. Бағалау парақтары бойынша (алдын-ала таратылған)
бағалайды.
Кері байланыс «Рефлексивті нысана»
Оқушылар 5 минутта тақырыпты ашатын 15 сөз немесе сөз тіркес жазады.
Бағалау парағы арқылы әр оқушы өзін өзі бағалайды.
Тақтаға нысана суреті ілінеді. Ол нысанаға «Белсенді қатысты», «Түсінікті болды», «Жаңадан білдім», «Қызықты болды» деген жазулар жазылып, нысананың төрт ширегіне сәйкесінше орналастырылады. Оқушылар сабақ соңында сабақтың мақсатына қаншалықты жеткенін нысана бөліктерін 1-10, 1-5 балл аралығындағы көрсеткіштермен бағалайды Түрлі-түсті қағаздар,
Маркерлер
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы) Теорияны оқу, оқулықан есептер беру.
Туындының техникада қолданылуы жайында ғаламтордан мәлімет әкелу.
Қосымша ақпарат Саралау
Әр топ басшысы топтағы оқушыларға, тапсырманы бұрынырақ орындағандар басқа оқушыларға көмек көрсетеді. Қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі. Бағалау
«Басбармақ» бойынша қылптастырушы бағалау
Өзін –өзі бағалау
Критерий бойынша бағалау Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.
Информатика.
Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Техникалық құралдарды пайдалана алады. Оқушылар ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.
Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі
Тақырып бойынша негізгі идеялар мен түсініктер есептер шығару барысында дұрыс, тиімді қолданылды. Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі
Алдын-ала айтылған бағалау критерийлері оқушылардың жауапкершілігін, талпынысын тудырды, бәсекеге қабілеттілік артты.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен? Сабақ мақсаты қарым-қабілеті, деңгейлері бойынша барлық оқушының өз бетімен білім алуына негізделіп құрылды. Бүгінгі сабақта оқушылар туындының анықтамасын, қасиетін білді. Топпен жұмыс істеу барысында әрбір топ мүшесі тапсырманы орындау үшін өз үлестерін қосуға тырысты. Оқушылардың қабілеттері мен мінез-құлықтары, жас ерекшеліктеріне сай әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беру жоспарланды. Яғни «Өкіл» әдісі бойынша әр топ берілген тапсырмаларын орындады. Үй тапсырмасын тексеру кезінде уақытты тиімдірек пайдалану керек екендігін түсіндім. Дегенмен бұл кезеңдебарлық оқушылардың қамтылуы болды.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
«Қос шеңбер» бойынша үй тапсырмасын сұрау тиімді болды, барлық оқушылар қамтылды.
Критерийлер бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Зейінді шоғырландыру жаттығуы оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті
Сергіту сәті оқушылардың есте сақтау қабілеттеріне жақсы әсер етті.
Кері байланыс
Бағалау парағы
Әлі де дайын-далуым керек
Өзіме көңілім толмады
Жақсы меңгердім
Өте жақсы меңгердім
0 1 2 3
Формулаларды білу Ережені айта алу Туындыны таба алу Табылған туындыны теңдеуге айналдырып шеше алу Табылған туындыны теңсіздікке айналдырып шеше алу Берілгені бойынша қандай функцияның туындысы екенін таба алу Бірнеше дұрыс жауапты таба алу Қорытынды ұпай Ұпай санын бағаға айналдыру шкаласы
17 – 20 ұпай «5»
11 – 16 ұпай «4»
5 – 10 ұпай «3»
0 – 4 ұпай «2»