Туындыны табу формулалары ашы? саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Туынды табу ережелері
Сабақтың мақсаты:
1. Туынды ұғымы және оның қасиеттерін қорытындылау, есептер шығаруда туындының анықтамасы мен қасиеттерін қолдана білу дағдыларын бекіту.
2. Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқушыларды бар ақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшандыққа, бір-бірлерін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, флипчарт, дауыс, деңгейлік тапсырмалар, ҰБТ материалдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут)
Үй жұмысын тексеру:(5 минут)
Сұрақ-жауап(5 мин)
1) Функцияның нүктедегі туындысы анықтамасын тұжырымда?
2) Функциялардың қосындысының туындысының ережелерін тұжырымда?
3) Туындысы болатын функция қалай аталады?
4) Функциялардың көбейтіндісінің туындысы ережесін тұжырымда?
5) Бөліндінің туындысының ережесін тұжырымда?
6) Тұрақты көбейткішке байланысты ережені тұжырымда?
Сәйкестікті тап:(3 мин)
Логарифмнің қасиеттеріне шолу жасау-флипчарт(3 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Бұл кезеңде туындының қасиеттері бойынша алған білімдері тексеріледі. Дұрыс формула алу үшін өрнектердің арасына сәйкес стрелкалар қоюлары қажет. Дұрыс формула алу үшін оқушылар сәйкестікті тауып, стрелка қоюға тиісті.
(U+V)' u'∙v-u∙v'v2(xⁿ)'c∙u'(U·V)' U'+V'uv'U'V+UV'
(c∙u)'n∙xn-1Функциялардың туындысын тап: флипчарт(7 мин.) (Әр бала кезекпен –кезек шығып есептерді шығару керек )
fx=x-4x2fx=x+sinxfx= 4x-7x-4fx=x2*cosxfx= 23x3-8xТуындылар эстафетасы (7 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Өрнектің мәнін табыңдар. Оқушылар тақтаға есептерді түсіндіріп шығарады және жауабын табады.
1 1/x⁸+2 -8/x⁹
2 x⁵+2x 5x⁴+2
3 4/x² -8/x³
4 x²+√x 2x+1/2√x
5 1/3·x³ x²
6 1/x³ -3/x⁴
7 x⁴+2√x 4x³+1/√x
Оқулықпен жұмыс(6 мин)
Математикалық диктант (7 минут) (оқушыларға тапсырмаларға арналған жеке-жеке парақтар беріледі.)
Диктант жауаптарын партадағы оқушылар бір-бірін тексеріп, мұғалімді хабардар етеді, тек бірде-бір қате жібермеген оқушыларға символдар беріледі
Үйге тапсырма беру: № 443, № 449(1-4) (1 минут)
Рефлексия. (2 минут)
Оқушыларды бағалау(2 мин)
Сабақты қорытыңдылау.(1 мин)
ҰБТ-ға дайындық. (8 минут) (оқушылар интерактивті тақтада бір-бірден шығып орындайды.)
Амалдарды орындаңдар:
211∙1413+216Өрнекті ықшамдаңыз:
y2-z22y+2zТеңсіздікті шешіңдер:
х-6х+4х-12<0Туындыны табыңдар:
fх=х3+2х2-3Көбейткішке жіктеңдер:
9-4х2