Урок по НВП Автоматты (пулеметті) тексеріп ?арау ж?не оны атыс?а дайындау


Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау жұмыстарын жүргізуді үйрету.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.
автоматтан (пулеметтен) автоматты атыс жүргізу үшін не істеу керек?
автоматтан (пулеметтен) жекелей атыс пен кезекпен ату қалай жүргізіледі?
     б) Негізгі бөлім – 25 минут.   
Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.
Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):
күн сайын;
сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
тазалау кезінде тексеру керек.
Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.
Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібіКүнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.
Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.
Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп  қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.
Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:
а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.
ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.
Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.
Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.
Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.
Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.
Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.
Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.
Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.
Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.
Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.
Ұрыстық оқсауыттарды қарау.
Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.
Оқсауытты қарау кезінде:
оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;
капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;
ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.
Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған  оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.
Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:
автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;
автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;
оқжатарды қарау қажет.
Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.
Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.
     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
          Сұрақтар мен тапсырмалар:
автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?
автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?
жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезінде автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?
автоматтың (пулеметтің) керек – жарақтарын тексеру қалай  жүргізіледі?
жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?
автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.
Бастапқы әскери даярлық пәнініңұйымдастырушы      оқытушысы:  _____________  ______________