Бастауышпен ?оштасу. Балалы? ша?тан болаша??а жар?ын жол!
Балалық шақтан болашаққа жарқын жол
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы.
сөздер Слайдтар. Қанатты мен тақырып.:
«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.
«Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы.
«Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.»
«Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ»
«Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер,оқушылар. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Дорогие ребята! Уважаемые родители! Вот и пришел день вашего прощания с начальной школой! Четыре года назад вы пришли в первый класс. Здесь мы с вами поднимались трудными ступеньками по лестнице знаний. Вы учились читать и считать, учились дружить, учились жить по строгим школьным правилам. Сегодня нам и грустно и радостно. Грустно, потому что осенью вы пойдете учиться в разные школы, у вас будут новые учителя, а к нам придут новые ученики. Радостно, потому что вы все повзрослели, стали умнее и многому научились. Сегодня - ваш выпускной праздник!
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Балалық шақтан болашаққа жарқын жол» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Жүргізушілер:
1 жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Ученик
Добрый день, дорогие друзья,-Гости, родители, учителя!Мы очень рады видеть васВ этот день и в этот час.
2 жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Ученик
И вот настал заветный день,Все чуточку грустны,И словно где- то бродит тень.И всем не до весны.
1 жүргізуші:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ученик
- А был первый класс.Нас привели к вам за ручку и папы, и мамы.Вместе учились, ведь сложные нынче программы…Будем мы эти деньки вспоминать и не раз. 2 жүргізуші:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ученик:
А теперь мы дальше пойдём,
Ведь впереди ещё пятый класс, а не одиннадцатый.
Думать о будущем, кажется, нам рановато.
Будем стараться и Вас, и родителей не подведём.
1 жүргізуші: : Олай болса Есен алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім. Слайд: «Мектептегі мерекелер»
2 жүргізуші:
Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді
Ашылуы
1.Әдеби Монтаж
1-оқушы: Жанель
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: Камал
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы: Мадияр
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Ученик:
Четыре года пролетело
И не верится сейчас,
Что когда-то дружной стайкой
Мы пришли в наш шумный класс.
4-оқушы: Алтыным
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы: Бекзат
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
6- оқушы: Самат
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Ученик:
: Мы были все смешными малышами,
Когда вошли впервые в этот класс,
И получив тетрадь с карандашами
За парту сели первый в жизни раз!
7-оқушы: Рахат
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті .
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
8- оқушы: Өтеген
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
9- оқушы: Алуа
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Ученик:
Новую форму на себя надели
Новая ручка в новеньком портфеле,
Новые книжки, палочки для счёта,
Новые тетради, новые заботы.
10- оқушы: Гүлзат
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
11- оқушы: Томирис
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.
12- оқушы: Аслан
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Ученик:
Незаметно время длилось
Год как день, а день как час.
Вместе мы переходили
Каждый год из класса в класс
13- оқушы: Дархан
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты
Ученик:
Мы взрослели, мы учились
И сегодня здесь стоим.
Вам, наш первый друг, учитель,
Мы спасибо говорим.
1жүргізуші:
Мына біздей бірге жүрген құрдастар
Алдыменен әуелетіп жыр тастар
Оқулықтар қатарына сөз бердік
(Әліппе, ана тілі , әдебиет кіруі)
Әліппе: (Ерасыл)
Ішімді аштым, білімді шаштым,
Әліппе деген атақты бастым
Букварь:
Букварь,мой верный друг
С тебя начало всех наук
Ты очень долгий путь прошел
Чтоб научить детей читать
Ана тілі: (Әділжан)
Ағайын құлақ сал мен Ана тілімін
Шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін
Ал енді қоштасам, балдырған өзіңмен
Шыңдалсын енді әдебиетпен білімін
Әдебиет: (Саят)
Білімді шәкірттерге сенген едім
Толықсып әуеніңе тербелемін
Келешекте сен менен дәріс ал деп
Араңа әдебиет боп мен келемін
Нұрила:
Әлі есімде мектепке келгеніміз
Келгеніміз сыныпқа, енгеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұзтазым сенгеніміз
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзің арнап ән салам ардақтап сізді өтем мен
Ученик:
Спасибо вам, учитель первый наш,
За ваш огромный труд, что в нас вложили.
Конечно, мы не первый выпуск ваш,
И все же мы друг друга полюбили.
Хор: Ұстазым (Ғалымда)
2 жүргізуші:
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам
Ардақтап сізді өтем деп оқушылардың ұстаздарға деген жылы лебіздерін тыңдайық.
Мария:
Әкемдей мейрімді құшақ ашып
Тұрасыз Мұратжан ағай амандасып
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп
Барамын болашаққа қадам басып
Директору
Друзья - директор школы - этоНезримый луч добра и светаС ней не прервется эстафетаДерзаний, знаний и идейҚамқоршы және мейрімді номинациясымен мектеп директоры Тулаков Мұратжан Манапұлы марапатталады
Фархат:
Жұмыста ылғи қайсарлы
Көрмейміз мұндай жайсанды
Ұжымның мықты ұстазы
Панигул,Сауле, Татьяна апайларды айтсаңшы
Өз ісінің шебері номинациясымен Оқу ісінің меңгерушісі Аменова Панигуль Бекеновна және Садубаева Сауле Бияхметовна, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсембаева Татьяна Андреевна марапатталады.
Завучам
Там , где Завуч – аккуратность,
Где он есть – порядка суть.
Чувства такта в нем – изрядность.
С ним – учебный легок путь.
Зейнеп:
Білімділік тіршіліктің тірегі
Индира апай тереңнен түсіндіреді
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі
Байсалды ,мейрімді номинациясымен бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Кайырбекова Индира Нұрмұханқызы марапаталады
Мадина А:
Сауле апай тәрбиелікке оқытқан
Санамызға қырын – сырын тоқытқан
Ізгілікпен ізеттікке жетелеп
Ақыл кенің болаттай қып қорытқан
Мы помним, как многому вы нас научили
И нет человека здесь для нас милей.
За все, воспитатель, что в нас вы вложили,
Примите спасибо от ваших детей!
Кеңпейілді ұлағатты номинациясымен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдыкоава Сауле Акажановна марапаталады.
Аян:
Сөз сөйле жарқын –ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой сананы
Біздермен ойнап күледі
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді
Баға жетпес өнегелі номинациясымен сынып жетекшілеріміз марапаталады
Аружан А:
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Маржан апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Таусылмайтын кеңге өзіңді балайды
Талай шәкірт мақтан тұтар апайды
Өмірінің өзегі деп санайды
Учителю английского языкаАнглийский дружно изучалиСтарались изъясняться и писатьАх, как же трудно нам порой бывалоПереводить, читать
Рассказы по-английски составлять
«Ардақты ұстаз» номинациясымен Тахирова Маржан Жамбуловна марапаталады
Зарина:
Русскому языку от нас поклон
кто из нас В вас не влюблен?
Вы душевный и добры , и при этом так умны
Знайте , не забудет вас
Выпускной четвертый класс.
«Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен орыс тілі пәні мұғалімі Мамырбекова Нурзия Хусатаевна марапатталады.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім
Осы тілдің ұқтырған терең сырын
Уміт Сарқытбекқызы
Өрқашан да біздерге берген білім
Адиль:
Бояу сырын үйреткен
Шын көңілмен жүрекпен
Бауыржан ағай керемет
Сабақ берген суреттен
Все мы любим рисовать
И лепить мы любим.
И учителя ИЗО
Точно не забудем.
«Алтын қалам» бағамымен сурет пәнінің мұғалімі Акпаева Айгерим Советовна марапатталады.
Зейнеп:
Музыка атты пәніміз,Айтылар онда әніміз.Әлия апай үйретсеШырқатамыз бәріміз.
Учителю музыки
Вы учили нас искусство понимать,И различать красу и музыки творение,Певцов и композиторов теперьМы слушаем с великим упоением. «Күміс көмей» бағамымен музыка пәні мұғалімі Закирова Алия Исламовна марапатталады.
Санжар:
Достарым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Үнемі айтады гой Индира апай
«Ақ көңіл» бағамымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Толепова Индира Сейлгазиевна мен Ускембаев Кайрат Шайхеслямович марапатталады.
Учителю физ-ры
Дружно хором говоримУчителю "Спасибо"Мы любой рекорд побьемВ этом наша сила!
1.жүргізуші:
Ортаға өзінің ақ тілегімен Мектеп Мүдірі: Тулаков Мұратжан Манапұлын шақырамыз.
2.жүргізуші:
Дайындық топта оқытқан
Есімі бізге қымбатты
Ұмытпаймыз Рахман апайдың
Тал бойын әсем, сымбатты.
Дайындық топта оқытқан Рахман Зайдашевнаға сөз
Берейік
Первому учителю
Жизнь перед нами долгая, большаяИ мы в начале нового путиУчительница наша дорогаяВы помогли дорогу нам найтиВы нас прощать, дружить учили,Быть честными и добрыми людьми.Вы нас как собственных детей любили,И навсегда запомните детьми.Ата-аналар сөздері
1. жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып тер төккен шаруада , көкті шарлаған ғарышкерде бәрі ұстаздан тәрбие алған.
2.жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімен мәңгі бірге боласың
Сен асқар сың, сен аспансың биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Ведущий: Ребята, четыре года, изо дня в день, из урока в урок вместе с вами учились и наши родители. Они волновались, возможно, больше вас переживали ваши неудачи и радовались вместе с вами вашим победам. Они сейчас здесь, в этом зале. Давайте вместе скажем родителям огромное “спасибо”.
У: Люблю тебя, мама, за что, я не знаю.Наверно, за то, что дышу и мечтаю.И радуюсь солнцу и светлому дню – За это тебя я, родная, люблю.За небо, за ветер, за воздух вокругЛюблю тебя, мама, ты лучший мой друг!
У: А вот и папам нашим слово,Быть может, вам оно не ново.В дневник заглядывайте чащеИ в школу приходите к нам.Хоть иногда смените маму,Хоть в месяц раз нужны вы нам.
Ән. «Анашым»
Көрініс; Кітап мұңы
Мюзикл «Теремок»
Ән
Би: Қазақ биі
КВН
Мектептегі балғын балалық шағыңыз есіңізде ме? Шыжығы мен қызығы мол күндердің артта қалғанына көп уақыт болса да, естеліктері мәңгілік жадымызда. Сол естеліктердің күлкілі сәттерін оқып, күліп алыңыз.
Ведущий: А сколько талантов у нас, хоть сейчас снимай тележурнал "Ералаш"!
- Бізге жаңадан оқушы келді. Өзі сондай сұлу бала.
- Жақсы болған екен. Әйтпесе, сыныптағы ұлдарыңның түрі онша емес қой.
- Жаңадан келген оқушы да солай ойлайды.
1-я сценка.1-й ученик: Вы слыхали? Учитель поставил кляксу в журнал. На самую главную страницу! Я сама видела.2-й ученик: Вот бы на мою единицу!3-й ученик: Вот бы на мою двойку!4-й ученик: Ой! Только бы не на мою тройку!
Тарих сабағынан емтихан.
Мұғалім: - Ең алғашқы ұшқыш әйел.
Оқушы: - Жалмауыз кемпір.
Мұғалім-мұғалімге:
Сыныбым сондай ақымақ. Бір рет түсіндірдім, түсінбеді. Екінші рет түсіндірдім, түсінбеді. Үшінші ретінде өзім де түсініп алдым. Ал олар әлі түсінбеді
2-я сценка.Учитель: Болтаешь на уроках?Ученик: Нет.Учитель: Списываешь?Ученик: Да что вы!
Учитель: Дерешься?Ученик: Никогда!Учитель: Да есть ли у тебя хоть какие-нибудь недостатки?Ученик: Вру много.
Мұғалім тақтаға шақырар кезде біреуі микроинфаркт алып, екіншісі жаратқанға жалбарынып, үшіншісі үй тапсырмасының жартысын жаттап үлгеретін кезі естеріңізде ме?.
Мектеп кезінде озат оқушылар нашар оқитындарға көшіруге береді. Ал мектепті бітірген соң нашар оқитын оқушылар озаттарға пайызбен ақша береді.
3-я сценка.Звенит звонок. Учащиеся рассаживаются.Учитель: Найдите в слове "паровоз" корень. Кто ответит быстро?Ученица: В нем нет корней, зато много колес. И есть еще два сменных машиниста.Учитель: Данил, ты подсказываешь Юле. За подсказку поставлю два.Ученик: Два? Но я подсказывал и Юре! Может быть, поставите четыре? Сыныпта бақылау жұмысы жазылып жатыр. Сынып жетекшісі оқушыларды жақсылап бақылап, көшіріп жатқандарын шығарып жіберуде. Сыныпқа завуч кіріп:
- Ал қалай жазып жатырсыңдар? Араларыңда көшіруді жақсы көретіндер де бар шығар? – деді.
Оқушылар:
- Жақсы көретіндер сыртта тұр, тек бұл істің нағыз мамандары қалды.
4-я сценка.Учитель: Миша, твоё сочинение о собаке слово в слово похоже на сочинение твоей сестры.Ученик: Так ведь у нас одна собака на двоих.
Бастауыш сыныпта ұлдар әдемі қыздардың шашын тарта береді. Өскен соң әдемі қыздардың неге ақымақ болатынына таң қалады.
Мұғалім ата-аналарға: Сіздердің балаларыңыз көктемнің жайқалған гүліндей.
Ата-аналар: - Рақмет сізге!
Мұғалім: - Бүршік атқандай бәрі бет-бетімен кетіп барады!
ФЛЕШМОБ
Вальс
1.жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда деп
Бастауыш сынып жетекшілері 1.
2
3.
және 5 сыныпқа қабылдап алушы 1.
2.
3.апайларды ортаға шақырамыз.
2.жүргізуші:
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат
Айтылды ізгі тілектер
Болмасын еш жаманат
Алдыңда ұзақ жолыңАлдыңда ұзақ жолың бар
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман есен болыңдар!
Бастауышпен қоштасу кешімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әніменн аяқтаймыз.
Ведущий : Дорогие ребята! Дорогие родители и гости! Вот и пришёл час прощания с начальной школой! Пролетели эти годы удивительно быстро. Они многому научили и вас, и нас. Было всякое: но хочется, чтобы в памяти о годах, проведённых в начальной школе, остались только приятные и светлые воспоминания. Не будем грустить. Пусть ваша жизнь будет весёлой и звонкой, как школьный звонок.
Қортындылау сөзін басшыларға береміз.
Ата – аналардын бата сұрау.
Сынып жетекшісінің жылы лебізі
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Учитель (под продолжение музыки):
Пусть каждый день ваш будет светлым,
Пусть ваше сердце будет щедрым.
От всей души желаю счастья,
В учёбе – радостных побед,
Пусть обойдут вас все несчастья
Как будто их в природе нет!