Т?рбие са?аты Аттанды? бала ша?тан болаша??а
Бастауышпен қоштасу мерекесіМақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Аттандық бала шақтан болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Байназарова Жанар Асылбекқызына беріледі.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңыздаҚол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
4 «А»сыныбы.Сынып жетекшісі:Хайрмеденова Роза.
4 «Ә»сыныбы.Сынып жетекшісі:Басанова Жадыра.
4 «Б»сыныбы.Сынып жетекшісі:Оспанова Оралхан.
4 «В»сыныбы.Сынып жетекшісі:Сегизбаева Гүлнар.
4 «Г»сыныбы.Сынып жетекшісі:Жаманшаева Қамажай.
4 «Ғ»сыныбы.Сынып жетекшісі:Бижанова Күләш.
Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Бүгінгі қоштасу мерекесіне арнап дайындаған 4 сынып оқушыларының мерекелік концертін тамашалаңыздар
Ән «»орындайтын 4 «А»сынып оқушысы.
1.Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2.Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
3.Армысың сен , алтын ұя мектебімСаған айтар жыр- алғысым көп меніңЖүректерге жаққан білім шырағын ,Мектебіме арналады бұл әнім!
Би «Илигай»орындайтын 4 сынып қыздары.
Ән «Ұстазым» орындайтын 4 «Ә»сынып оқушылары Оңдасын Руслан мен Ниетқабылова Асылай.
1.Асылай
2.Таңат
3.Нұржау
Би «Бүлдіршіндер»
Ән «Бала тілегі»орындайтын 4 «Б»сынып оқушылары Максутқызы Нұршат пен Сембаева Ақерке.
1.Азамат
2.Жасмин
3.Дәурен.
Би «Мектеп вальсі»
Ән «»орындайтын 4 «В»сынып оқушысы Сатибаева Мадина және Сегизбаева Гульнар апай.
1.Нұрқанат
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2.Мыңбай.
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Жүргізуші:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Хор «Білім қайнары»орындайтын 4 сынып оқушылары.
1.Анар
2.Мирамбек3.Ержан
Ән «Ақ құстар»орындайтын 4 «Ғ»сынып оқушысы Базар Бейбіт.
1.Гүлмира
2.Мерей
Ән « »орындайтын 4 сынып жетекшілері.Жүргізуші:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Келесі сөз кезегі ұстаздарға беріледі.
Жүргізуші:
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.