Внеклассный урок на тему Аттанды? бала ша?тан болаша??а
Тақырыбы: Бастауышым – бастамам. (Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңыздаҚол соғып, қошеметтеп шақырайық4- б сыныбын ортамызға!
Көңілді әуенмен оқушылар ортаға шығады.
Көз тартар алыстан сыныптың үздік оқушыларын қарсы алыңыздар:
Назымбекова Жаннұр – оқу үздігі, бірнеше мәрте интеллектуалдық сайыстардың жеңімпазы, қобыс үйірмесіне қатысады. Аудандық пәндік олимпиада жеңімпазы, қазақ тілінен өткен облыстық олимпиаданың 3 орын жүлдегері. Республикалық шығармалар жинағына шығармасы енді. Облыстық «Дарын» орталығының шығармалар жинағына енген шығармасы мазмұндылығымен ерекшеленді.
Әлібеков Нурлы – оқу үздігі, музыка мектебінің белсенді оқушысы, талапты, зейінді оқушыларымыздың бірі
Ерлікова Еркежан – оқу үздігі, облыстық интелектуалдық сайыстардың жүлделі орындар иегері, мектептегі би үйірмесіне қатысады. Мектепішілік, ауданыдық шараларға белсенді қатысады. Аудандық «Биле, биле» би фестивалінде топтық би мүшесі болды.
Қабамбаева Айым – оқу үздігі. Сынып топ басшысы. Облыстық интеллектуалдық сайыстардың жүлделі орындар иегері. Мектепішілік шараларға белсенді қатысады. Сынып ішінде сыйлы, ақылды да зерек қызымызбен мақтанамыз.
Замзина Наргиз – оқу үздігі. Облыстық интеллектуалдық марафондарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Шебер қолдар үйірмесінде де табысты әс-әрекеттерімен танылуда. Бірнеше марапаттау қағаздарымен марапатталған. Зейіді де зерек, кішіпейлілігімен сыныптастары арасындағы Наргизден болашақта зор үміт күтеміз.
Нұрмұхамбетова Наргиз – оқу үздігі. Облыстық пән олимпиадалының жүлделі орындар иегері. Математика пінін сүйіп оқиды. Ақылды, зерек, көпшілдігімен сыныптастары арасында сыйлы. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлықпен қарайтын Наргиз тек қана ата-анасының ғана емес, мұғалімінің де мақтанышы.
Назарқан Темірлан – оқу үздігі. Талапты оқушылардың қатарынан табылатын Темірлан сыпайлғымен, ақылды де зерек қылықтарымен жан-жағын баурап алады. Адал да қарапайым қасиеттері көпке үлгі боларлықтай.
Спорттан да жетістікке жетіп жүрген талапты медалист ұлдармен мақтанамыз.
Алдарыңызда:
Ершинұлы Аманбол – аудандық күрес жарысының 2 орын жүлдегері. Салауатты өмір салтын ұстанады. Мектепішілік мәнерлеп оқу сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындар мақтау қағазымен марапатталған. Сөзінде тұратын, шамысқой Аманболдың бойында ізгілік, ізденімпаздық қасиеттерді де көреміз.
Нүкенов Нұрдәулет – волейбол, футбол спорт түрлерін қатар алып жүр. Аудандық балалар футбол командасының құрамында ойнайды. Жігітке жеті өнер де аз дегендей сыныптан тыс шараларға белсене араласады. Сыныптас достарының арасында сыйлы, шыншыл, адалдық қасиеттерінің арқасында талай биік белестерден көретінімізге сеніміміз мол.
Қуаныш Мәди – аудандық балалар күрес сайысының 1 орын иегері. Облыстық интеллектуалды марафондардың жүлделі орын жеңімпазы. Мәдидің сабаққа ынтасы жоғары. Барлық іске жауапкершілікпен қарайтын қасиеті баршаға үлгі боларлықтай. Ұл балаға тән қарапайымдылық, өз сөзінде тұру, салмақтылық сияқты жақсы қасиеттер Мәдидің бойынан табылады. Әлі де жіңісті күндерді тілейміз.
Жанысқанов Алишер - аудандық балалар арасындағы күресте 3 орын жүлдегері. Салмақты, қарапайым, дастарына адал, көпшіл Алишер сыныптағы достары арасында сыйлы. Достарына қамқорлық жасап, көмек қолын созуға ұмтылатын Алишерге болашақта да жеңіті күндер тілейміз.
Болатбеков Расул – аудандық балалар арасындағы күресте 3 орын жеңімпазы. Облыстық интллектуалды марафондардың жүлделі орындарының жеңімпазы. Ұқыпты да білімге құштар, адал да қарапайым Расул әркез ұстаздарының мақтанышы болар деген сенімдеміз. Тәртіпті, ізеттілегімен көпке үлгі болар Расулымызбен мақтанамыз.
Әркез жеңісті күндеріңіз көп болып, медальдарың көбейсін деп тілейміз ұлдарға.
Алдарыңызда Қабдыкарім Бақытжан – талапты да ұғымтал ұлдарымыздың бірі. Сабақпен қатар түрлі үйірмелерге белсене қатысады. Домбыра үйірмесіне бар ынтасымен барып, үйреніп жүрген Бақытжаннан болашақта жақсы домбарашы шығар деген сеніміміз мол.
Шадиарханов Алихан – қарапайым, ақкөңіл, кішіпейіл. Сыныптастары арасында сыйлы. Облыстық интеллектуалдық марафондарға қатысып, жүлделі орындар алған. Сабақта алғыр, тиянақты. Адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп өсіп келе жатқан Алихан апасының, ата-анасының мақтанышы, қолқанаты болар деген сенімдеміз.
Қабдуллаев Елнұр – аққөңіл, қағілез, әрқашанда көңілді болып жүретіндігімен ерекшеленеді. Тез тіл тауып, үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарайды. Өлең жазанды ұнатады. Ұйымшыл, достары арасында беделді, ұйымдастырғаш қабілеті арқасында ортасына сыйлы Елнұрды әркез жақсылығымен, биік белестерден көргіміз келеді.
Нұрбеков Елжас – салмақты, ұқыпты, тиянықтылығы үлгі боларлықтай . Елгезек, шыншыл, ешкімге өздігінен соқтықпайтын тамаша қаситтері бар Елжас әлі де биік белестерден көрінер деген сенімдеміз. Ез келген іске жжауапкершілікпен қарайтын Елжастың ізгілікті жан болуын қалаймыз.
Аманов Жасулан – мектепішілік математика пәнінен ұйымдастырылған олимпиадада жееңімпаз атанды. Адандық кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен Жасұланмен мақтанамыз. Математиканы сүйіп оқиды. Талапты, салмақты, сыныптастарына сыйлы үлгі аларлық қасиеттері мол. Әлі де ерінбей алдыға ұмтылып алар асулар мол болар деген үміттеміз.
Құдайберген Ермек – оқу екпіндісі. Аудандық сурет байқауының 1 орын жүлдегері. Бейнелеу өнері пәніннен өткен облыстық олимпиаданың қатысушысы. Талапты, талантты Ермек әр іске жауапкершілікпен қарайды. Тәртіпті де алғыр Ермек сегіз қырлы, бір сырлы ұлдарымыздың қатарынан. Буын буыны қозғалып билейтін Ермекті мақтан етеміз. Талантың өрлей берсін!
Құрметті қонақтар алдарыңызда бишы қыздар тобы келеді: Жұмағазы Гүлім, Қамбарбекова Келбет, Қамбарова Жібек, Тоқтарова Мадина, Нұрлан Балнұр, Бекен Перизат. Мың бұрала билейтін қыздарымыз сыныпта, мектепішілік шараларда, аудандық шараларда бірнеше мәрте өнер көрсетті. Оқу мен биді қатар алып жүрген осындай ақылына көркі сай қыздар ата-анасының көз қуанышы, мектебінің мақтанышы болары анық.
Негізгі бөлім
Айым: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар,
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар
Елнұр: Dear teachers and peoples! You are welcome to our party «Бастауышым –балбұлағым»
Ермек: Добрый день, дорогие друзья,-Гости, родители, учителя!Мы очень рады видеть васВ этот день и в этот час
Жаннұр:Армысыздар осындағы көпшілік,Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.Тұрған біздер төртінші сыныбымызКөңілді өтсін бүгінгі,Бастауышпен қоштасу күн - кешіміз!Нұрдәулет:Армысыздар, мұғалімдер, әз жандарБілім іздеп, инемен құдық қазғандар.Құшақ жайып қарсы аламыз СіздердіБи биленіп ән де бүгін шырқалар.Келбет:Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.Алдарыңда жауқазындай құлпырған,Біз алаңсыз балғын шақты балалар.Алишер:- Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.Еркежан:- Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.Алихан:- Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.Жаннұр: Оо, сыныптастар, достар! Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Аяужан Нұрланқызының құттықтау сөзі
Ендеше құрметті оқушыларым! ІСКЕ СӘТ
Оқушылар: РАХМЕТ!!! (3 рет)
Оқушылардың топтық биі
З. Наргиз:- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!5 оқушы шығады:Темірлан: Ұ – ұлағаттыЕлжас: С – салмақтыБақытжан: Т – танымалЖасұлан: А – ардақтыАлихан: З – зиялы
Нұрлы: Олай болса, алғашқы бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
Расул :Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Гүлім: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Аманбол: О, ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,Қол бастаған батырдың дәл өзісің.Шаршасаң да сездірмей күлімдейсіңШәкіртім білім алсын, білсін дейсің.
Балнұр: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Нұрдәулет: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Жібек:Орысшаны жаттаймыз,Орыс тілінен қалмаймыз.Кокош Уранхаевна, Гульнар Сабыровна арқасындаОрысша біз сайраймыз.Ұнатады ол ендіОрысшаны білгендіН. Наргиз:Балғын сәби болсақ таҚадіріңізді білемізҚай қиырға қонсақ таМай нем из деп үйреткенАрай КабитканқызыӨзіңізбен біргеміз.Мәди:Асыр салып ойнаймызЖаттығуды жасаймызБойымызға күш жинапШынығуға жараймызТлеубек Толқынханұлы сіз үшінБәріне де дайынбыз.Еркежан:Ақылшы асыл ұстазымӨзіңізді үлгі тұтармын.Өзімізді танытқанНұргүл апайға ұқсармын
Мадина:Ән салғызып, билеткенНотаны да үйреткенАхат ағайға мың алғыс!
Суретті сөздей сөйлеткен
Натюрморт, пейзаж дегендерді үйреткен
Маулен ағайға мың алғыс
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!
Ән «Мектебім»
Айым: Б.Бұлқышев «Ана»
Келбет: Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,Бар шуағын баласына арнаған.Бір өзіңнен қуат алып өмірдеСенің салған сара жолды жалғағам.Айымсың ғой жарық қылар түнімді,Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.Бір Алладан саулығыңды тілеуменАтқызамын әрбір ғажап күнімді.Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!Аллам сенен жамандықты қашырсын.Әкемменен мәңгі шалқып бақытқаЖастарыңды жүзден дағы асырсын!Жаннұр:Тілегімнің бастауы да бір өзің,Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.Сен жанымда болған кезде әр сәтімЖаздай жайлы қысым менен сұр күзім.Бақытымсың, жаным анам, жан анам,Мен өзiңдi періштеге балағам.Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.Аман жүрсең - маған сол гой керегі.Бақытты бол, ауырма деп тілейдіСәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!
Еркежан:
Баға жетпес асылдың сынығысың,
Мөлдiр таза бұлақтың тұнығысың.
Күндей ашық, айдай биiк көңiлiңдi,
Жүрегiмдi нұрға бөлер жыр ұғынсын.
Менi мүлде құлатпайтын шынарымсың,
Дүниеде таусылмайтын жыр-әнiмсiң.
Саған айтқан шын сөзiмдi өлеңiмнен...
Жан анашым жүрегiңмен ұғамысың?!
З. Наргиз:
Кең даладай құшағыңмен жылытасың,
Менi өмiрде жылатпауға тырысасың.
Ақ қанат көңiлiңмен ақ таңымның,
Алдымнан шығатынын ұғынтасын.
Ақ пейiлдi, шын адалсын балашыңа,
Бұл өмiрде кiм жете алсын анашыма?!
Қолда барын аямай шын ниетпен,
Қиып бере салатын баласына...
Менi күнде "боташым"-деп, еркелеткен,
Әр күнiмдi нұрға бөлеп көркем еткен.
Қарызыңды өтей алман - ару ана,
Тiлегiңдi берсем де көптен күткенӘн: «Анажаным» «Аналармен вальс»
Аналарды марапаттау
Жасұлан: ұлдар, ұлдар, біздің қыздар бүгін сондай әдемі болып кетіпті. Өнерлері де тасып тұр. Біздің қыздардың білімдерін тексеріп жіберейік.
Ұлдар: дұрыс айтасың, сөйтейік, табылған ақыл!
Жасұлан: Құрметті сыныптың сұлу қыздары, осы 4 жылда неше рет қоңырау соғылды. Есептеп жіберіңдерші.
Жасұлан: біздің қыздар есептің жауабын тапқанынша 4 б сынып ұлдарының орындауында «Жаяу» әнін қабыл алыңыздар!
Ұлдар әні: «Жаяу»
Қыздар: жауаптарын оқиды
Перизат: Ұлдар сындарыңнан сүрінбей өттік. Біз де сендерге тапсырма дайындап қойғанбыз. Ол қазақ тіліне қатысты. Шешіп көріңдерші.
Ұлдар тапсырма орындағанша
Балнұр:
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Қыздар биі
Темірлан: осы 4 жылда өмірімізде талай қызықты да тамаша күндерді өткіздік. Ендеше, сіздерді мектеп өмірінен алынған қызықты көріністерді көруге шақырамыз:
Көрініс: Есеп:
Н. Наргиз – анасы тамақ пісіріп жатады.
Елнұр баласы сабақтан келеді.
Елнұр: Анашым, мен келдім.
Анасы: оо, балам, келгенің жаақсы болды. (маңдайынан сүйеді) күнің қалай өтті? Баға алдың ба?
Елнұр: 5 алдым.
Анасы: оо, жарайсың балам, кәне, күнделігіңді көрсетші. Ашып көреді
Ойбуу, қайдағы бес мынауың 2 және 3 қой.
Елнұр: анашым, түк уайымдамаңызшы, зато бұл семіз 3 пен семіз 2, соны да білмейсіз бе? 2 мен 3 –тің қосындысы 5-ке тең болады.
Анасы: тезірек тамағыңды іште, сабағыңа дайындал.
Елнұр кетіп қалады да, математика пәнін алып келеді. – Анашым, мен мына есепті шығара алмай қойдым, маған көмектесіп жіберіңізші.
Анасы: осы сен сабақта не істеп отырасың? Сенің есебіңді енді мен шығарамын ба? Оп-оңай тапсырма, бастауыштың есебін шығара алмаймысың?
Кітапты алып, оқып, оқып шығара алмай қояды.
Наргиз: балам, қазір менің уақытым жоқ. Бар апаңа шығартып алшы, ол кісі 35 жыл мұғалім болып, зейнеткерлікке шыққан. Бар сол кісіге шығартып ал.
Елнұр апасына барады:
Апашым, мына есепті шығара алмай басым қатыыып кетті.
Апасы: (Перизат): жаным, сол, құлыным сол, осы апаң білім берудің үздігі атанған, 35 жыл мұғалім болғам, әкеле ғой, өзім шығарып берейін.
Апасы кітапты ары оқып, бері оқып шығара алмай қояды.
Апасы: көөтөк, мынасы қалай? Түсінсем бұйырмасын. Әлгі жүгірмекке шығара алмай қойдым деп қалай айтам.
Апасы: әй Елнұр көзім көруден қалыпты. Тіпті, көзім қарауытып барады. Түк көре алмай отырмын.
Елнұр: апа, қазір көзәйнегіңізді алып келемін.
Елнұр жүгіріп кетеді.
Апасы: ойбай не дит мынау енді не сылтау айтам.
Елнұр жүгіріп келеді. Қолында көзәйнегі бар. Апасы көзәйнегін тағып бір оқиды да:
Апасы: осы көзәйнек маған жақпады. Осыны кисем, көзім қарауытып басым ауырып кететіні несі, қой дәрілерім ді ішіп алмасам. Мына есеббіңді атаңа шығарт. Сол бәрін білемін мақтанғанда сондай. Соған апар.
Елнұр кітапты алып атасына келеді: ата мыны есепті отырып, отырып шығара алмадым, оны алып анама бардым, апама да бардым, шығара алмады. Енді сізден көмек сұрайын деп келдім.
Атасы: ой, балам осынша шаршамай атаңа бірден келмедің бе? Ана апаң 35 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып, өзі де бала болып кеткен. Енді сенің есебіңді де шығара алмай қалған ба? Әкел бері
Атасы әрі оқып, бері оқып есепті шығара алмай қояды.
Атасы: ойбай, мынасы қалай, әлгі жүгірмекке қалай шығара алмаймын деймін енді? Не десем екен?
Мына есеп қалай өзі? Қазақстанда білім жүйесі мүлдем дұрыс емес. Осы кітапты қалай шығарады осы? Мұғаліміңе айт. Қате есептер бермесін. Мәә, ал бар, әрі жүр. Жұмысым көп. Анаңа бар.
Елнұр анасына қайтып оралады.
Елнұр: анашым, мына есепті ешкім шығара алмайды. Ертең шығармасам, апай ұрсады.
Анасы: осы өзің неге шығармайсың? Сабақта тыңдап отыр деп неше рет айттым. Қазір Темірланның мамасына звондайын.
Алло, Жұлдыз қалдарың қалай? Бүгінгі үй тапсырмасын шығардыңдар ма? Бағанадан уақытым болмады. Өзім де шығара салар едім. Бала есебі оңай ғой. Бірақ соған түк уақыт болмай-ақ қойды.
Темірланның мамасы: аа, сәлеметсің бе, ой сол менің де түк уақытым болмады. Әкесін тосып отырмын.
Анасы: ее, жарайды, онда біз де папасын тосайық.
Осы кезде үйге папасы келеді. (Аманбол)
Папасы: ал бәйбіше, сен шай-пәйіңді әзірлегенше газет оқиын. Балам, ана Рауан газетін алып келші.
Елнұр: жжооқ, әке, қазір газет оқитын уақыт па екен, өте-мөте глобальный мәселе шешілмей жатқанда.
Папасы: ол қандай мәселе?
Елнұр: менің есебім шығарылған жоқ.
Папасы: ее, сол да сөз болып па, әкел бері!
Ары оқиды, бері оқиды түсінбейді. Мынаған шығара алмаймын деп қалай айтам. Білгенімше шығарайын енді.
Папасы: міне көрдің бе, балам үйде кім ақылды екенін. Үйрен балам, үйрен!
Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың Әкелері де сол есепті қате шығарыпты.
2011 жыл қазан Менің мекен-жайым
Мұғалім балаларды шығарып салып жатыр.
Мұғалім: апай бүгін Алиханды мақтайын деп тұрмын. Бүгін Алихан сабаққа өте жақсы қатысты.
Олар кетіп қалады. Сыныпта Наргиз отырады. Мұғалім сағатына қарап қояды.
Мұғалім: үлкен Наргиз сені кім бүгін алып кетуші еді?
Наргиз: мамам
Наргиз: апай мен өз үйімді білем. Айтайын ба?
Наргиз: мына мектептен шығасыз, сосын былай бұрыласыз, сосын былай бұрыласыз...
2012 жыл қыркүйек а әліппе сабағы Көршінің иті
Мұғалім: балалар, мынау е әрпі. Қане айтып көріңдерші. Еее, дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар: дауысты
Ал қане, ее дыбысы кездесетін сөздер айтайықшы. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Алихан: апай, апай ана ит тура менің көршімдікі сияқты екен. Жоян. Біз бәріміз одан қорқамыз. Қабаған. Ылғи байлаулы тұрады.
Еркежанның алғашқы сабақ айтуы Мұғалім – Мадина
Нұрдәулет: Ермек бізде өнерлі, Биді жақсы көреді. Сіздерге қазір қатырып Биін билеп береді.
Ермек биі
Шаттық шеңбері
Ант беру рәсімі
Аманбол : Біз 4 «а» сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге
АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)
Флешмоб «Көңілді күн!»
Қорытынды.
Мұғалім : Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік. (қонақтарға сөз беріледі)