Та?ырыбы: ?дептілік ?демілік белгісі
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ.Төлегенова_________
«03.13.14.18.19» «11» 2015ж
Сыныптар: 1- «а,ә,б,в, г,ғ,д,е»
Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары
1 – сынып 10 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Сабақтың мақсаты: «Әдемілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін
ашу;
Сабақтың міндеттері:
әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;
сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
ізеттілік, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: қоржын, үнтаспа.
Шаттық шеңбері
Балалар, бәріміз шеңбер құрып, бір – бірімізбен амандасайық. Маған ілесіп өлең жолдарын айтайық.
Азамат өсіп келеді
Ерінбей сурет салады, Көрсетіп көмек,
Жасайды қағаз кемені. Үлкенге сәлем береді.
Таудан да биік талабы, Ұқыпты барлық ісіне,
Азамат өсіп келеді. Азамат өсіп келеді.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен танысу, нақшынына келтіріп оқып берем.
Әдеп
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
Әже, мына орынға отырыңыз, - деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.
Мә, қалқам, ала ғой.
О не дегеніңіз, рақмет, әже!
Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ,. Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой, - деді әжей Аянға күлімдей қарап:
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Аян мен Арманның орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
Арман не үшін алманы тұтастай жеп қоюға қысылып келеді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Назар аударыңдар
Балаларға Алпамыс пен Махаббаттың атынан Ақботаның сиқырлы қоржынынан шыққан сыпайы сөздерді ұсынады.
Қоржынынан алынған сөздер: Ассалаумағалейкум! Уағалейкум! Аман – саусыз ба? Аман – есенсіз бе? Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз! Рақмет! Рұқсат етіңіз!
Сыпайы сөздерді оқып беремін, балалар естеріне сақтап алуды тапсырамын.
Дәйексөз
«Сәлемдесу – әдептілік бастауы» деген даналық сөзді тақтаға жазып қою, түсіндіру.
Амандасу – кездескен адамдардың бір – біріне амандық тілеуі, бір – бірінің хал – жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап – ақ, олардың әдептілігін байқауға болады. Сондықтан да халық даналығында «Сәлемдесу – әдептілік бастауы» деп тегін айтылмаған.
Тапсырма
«Мен әдепті баламын» тақырыбында тапсырманы ұсынудағы мақсат балаларды әдептілікке үйренуіне көңіл бөлу. Тапсырма бойынша балалар оқулықтағы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста. (Бойларын тік ұстайды)
Деміңді ішке тез ал да, (Демін ішіне тартады)
Емін – еркін тыныста (Терең дем шығарады)
Сол қолыңды соз алға, (Сол қолын алға созады)
Қол ұшына қара да (Қолын жоғары көтереді)
Үшбұрыш сыз ауада (Сол қолымен үшбұрыш сызады)
Оң қол да бос тұрмасын , (оң қолды алға созады)
Шеңбер жасап зырласын. (оң қолымен шеңбер жасайды)
Қорытындылау
Оқушылар сабақ бойы үйренгендерін өздері қорытынды жасайды,
Біз бүгінгі сабақтан әдепті болу үшін адамдармен күлімдеп амандасу, олармен сыпайы қарым – қатынас жасау, бір – бірімізді сыйлау қажеттігін түсіндік. «Кешіріңіз», «Рақмет», «Рұқсат етіңіз» сияқты сөздерді жиі айтатынымызды, үлкендерге, кішілерге мейіріммен қарап, сыйластықты қатынас жасай алатынымызды көрсеттік. Әдепті балалар – бақытты балалар.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру.
Ұстазыңмен кездескенде қалай амандасар едіңдер?
Жұмыстан келген ата – анаңды қалай қарсы аласың?
Сабақтан соң досыңмен қалай қоштасасың?
Жүректен жүрекке
Балалар, шеңберге тұрып, «Балдырған әнін» бірге шырқаймыз.
Балдырған әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар барлығымыз
Қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары.
Бақшамыз жайнады.(2 рет)
Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық – ұранымыз.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ.Төлегенова_________
«20.21.24.25.26» «12» 2015ж
Сыныптар: 1- «а,ә,б,в, г,ғ,д,е»
Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары
1 – сынып 11 сабақ
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік. Түсіне білу – жақсы қасиет.
(халық даналығы)
Сабақтың мақсаты: «Өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
маңыздылығын ашу;
Сабақтың міндеттері:
Өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
Балалардың өзін жәні басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
Балаларды өзара жағымды қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен кезектесіп амандасады.
Сәлеметсіз бе, Азамат!
Қайырлы күн, Меруерт!
Сәлеметсіз бе, Әсем Асқарқызы!
Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Оыслайша бір – бірімен сәлемдесу аяқталған соң, мына сөздерді айтады.
Армысың, сұлу күн! (Күнге қарап бас иеді)
Армысың, ашық аспан! (Аспанға қарап бас иеді)
Қайырлы күн, баршаға! (Құшақтарын жаяды)
Әңгімелесу
Алпамыс пен Махаббат ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті. Балалар көптен бері бір – бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісінің естілмегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын ғой.... Алпамыс пен Махаббат осы жағдайға қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар әрі ойлап, бері ойлап осы халыққа ақыл – кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: «Адамдар бірін – бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір – біріне шыдамдылық танытса,бірін – бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа білсе, тату тәтті, достықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты болады», - деп айтыпты.
Данышпан атаның ақыл – кеңесін түсінген балалар бір – бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату – тәтті дос болыпты.
Сендер қандай жағдайда кімдермен татуластыңдар?
Мәтінмен жұмыс
Әтеш, лақ және күшік
Әтеш, лақ және кішкентай күшік бұрыннан дос еді. Бір күні ойнап жүріп, лақ мүйізімен күшікті түйіп қалды. Қорыққан күшік қашып кетті. Енді бірде әтеш лақтың арқасынан шоқып жіберді. Бір – біріне көңілді қалған достар жан – жаққа кетті.
Достарын ренжітудің дұрыс емес екенін түсінген лақ күшікке барып:
Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір, күшік, - деді.
Жарайды, кешіремін, - деді күшік. Күшік содан соң әтешке барды:
Дос болайық!
Сендерді шоқып алғанымды кешіріңдер, достарым! – деді әтеш. Сөйтіп, үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату – тәтті өмір сүруде.
Әңгімеде әтеш, лақ және күшік қалай достасты.
Бір – біріңмен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?
Балалар, дұрыс айтасыңдар. Адамдар бір – бірімен ренжісіп қалғанда, бір – бірінен кешірім сұрайды. Кешірімді міндет етпей, шын көңілден сұрайды. Түсіністік болмай қалған жағдайда болған істі немесе айтар ойын жымиып тұрып, асықпай түсіндіріп айтады.
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жағдаяттарды талдау
Балалар, суреттерге қарай отырып, осындай жағдайларда қалай тіл табысуға болатынын талдап, шешейік.
1 – жағдаят:
Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапаты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады.
Тапсырма: Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар?
2- жағдаят:
Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың кітабы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі кітап тұр. Марат үндеместен Айдостың бір кітабын алды да оқи бастады. Мұны байқаған Айдос ренжіп қалды.
Мараттың не істегені дұрыс?
Тапсырма: Айдос пен Мараттың қалай татуласқаны жөн?
3 – жағдаят:
Үш дос қыз бірге ойнап жүрді. Кенет олар ойынның шартына келісе алмай, өзара дауласты. Қыздардың біреуі ренжіп қалды.
Тапсырма: қыздардың қалай тіл табысқаны жөн деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс
Оқушылар сурет бойынща Арман мен Жанардың қалай татуласқанын айтып береді.
Жүректен жүрекке
Балалар бәріміз бірге шеңберге жиналып, ән айтады.
Біз бақытты балдырғандар
Асыр салып ойнаймыз да,
Ән шырқаймыз, билейміз
Үлкендерді сыйлаймыз да,
Тентектерді сүймейміз.
Қайырмасы:
Біз – бақытты,
Біз – бақытты,
Біз – бақытты балдырған.
Тату – тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты
Көп білуге құштармыз біз
Жақсы оқимыз сабақты.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ.Төлегенова_________
«02.03.08.27.28» «12» 2015ж
Сыныптар: 1- «а,ә,б,в, г,ғ,д,е»
Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары
1 – сынып 12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік. Түсіне білу – жақсы қасиет.
(халық даналығы)
Сабақтың мақсаты: «Өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
маңыздылығын ашу;
Сабақтың міндеттері:
Өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
Балалардың өзін жәні басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
Балаларды өзара жағымды қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер
Шаттық шеңбері
Балалармен амандасу, назарларын сабаққа аудару, құрал – жабдықтарын түгендеу;
Өлең арқылы сәлемдесу.
Достар тілін ұғамын
Шәу – шәу үрсе күшігім, Үйшіктің де тәуірін,
Жат дыбысты білгені Соған арнап жасадым.
Мияуласа мысығым, Жас болсам да әлі мен,
Тамақ іздеп жүргені. Достар тілін ұғамын.
Қыт – қыттаса тауығым, Сондықтан да бәрімен
Алдына дән шашамын. Өте тату тұрамын.
Мәтінмен жұмыс
Сабақта оқушылардың тіл табысу туралы білімдерін кеңейту үшін М. Төрежановтың «Аяқталмаған ойын» атты әңгімесімен жұмыс жүргіземін. Мәтіннің мазмұнын айтып беру, мәтін бойынша берілген суреттер бойынша мазмұнын түсіндіру.
Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып, бір – ақ тоқтады.
Ақан, сен барып шананы алып кел, - деді інісіне Асан.
Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің, сен бар, - деді Ақан.
Жоқ. Сен барасың. Сен кішісің, деді – Асан.
Бармаймын. Үлкенмін деп, жұмсай бересің, шананы да үнемі мен сүйреймін.
Бармасаң, сырғанақ тепкізбеймін.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге кетті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай беттеді.
Ақан не істерін білмей, тау басында аңырып тұрып қалды. Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.
Дәйексөз
Тақтаға «Түсінісе білу – жақсы қасиет» деп жазып қою.
Дұрыс айтасыңдар, бір – біріңмен келісіп іс істеген жағдайда ортақ шешімге келуге болдаы. Адамдардың бір – бірімен тіл табысуы үшін өзара түсіністік пен сыйластық, кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Адамдар түсіністікте өмір сүрсе, қуанышқа бөленеді, жақсылыққа кенеледі. «Түсінісе білу – жақсы қасиет», - деп бекер айтпаған.
Тапсырма
Тапсырма бойынша оқушылар суретке қарап, мысық пен күшіктің қалай достасатыны туралы әңгімелеп беріңдер. Ғаббас Жұмабаевтыің «Мысық пен күшік» атты өлеңін оқып беруіне болады.
Мысық пен күшік
Мысығым мен күшігім, Бәрі сүйек кеміріп,
Таласуға құмар да. Үйшігінен шықпайды.
Тарын қара ішінің, Бәрі сүтке семіріп.
Не жетпейді бұларға? Пеш үстінде ұйықтайды.
Не керек бос таласып,
Жүрем ылғи жаратпай
Дос болмай ма жарасып,
Меніменен Мараттай.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы орныдайды.
Тіл табысып ойнау не үшін қажет?
Суретті бояп, өз ойларыңды айту.
Жүректен жүрекке
Оқушыларды шеңберге жинап, тіл табысудың қажеттілігі мен маңыздылығын қорытындылау,
Балалар, бір – бірімізбен тіл табысу үшін не қажет?
Күтілетін жауаптар: бір – бірімізбен дос болу үшін, бір – бірімізді сыйлау үшін, бәрге ойнау үшін, тату тәтті болу үшін т.б