Т?рбие са?аты: ?дептілік-?ліппесі. 1 сынып


Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
С. Шапағатов селосы
Джансенбаева Гулбану Кадырхановна
Бастауыш сынып мұғалімі.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік-әліппесі.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету.
2. Шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.
3. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: слайд, мақал-мәтел, нақыл сөздер.
Сабақ жүрісі: I.Ұйымдастыру.
I-бөлім: Мақал-мәтелдер
II-бөлім: Әдеби музыкалық монтаж
«Не деу керек».
III. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік жөнінде.
IV. Жақсы,жаман әдеттер.
V. Қазақтың ырымдары.
VI. Көрініс «Көліктегі тәртіп»
VII. Коцерттік бағдарлама.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі болатын 3А-сынып оқушыларының «Әдепті бала-арлы бала!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн екендігін дәлелдей түседі.
I-бөлім: Әдеби музыкалық монтаж «Не деу керек».
II-бөлім: Мақал-мәтелдер.
1.Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.
2.Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат-надандықтың белгісі.
3. Жақсы бала-сүйік, жаман бала-күйік.
4. Жақсыға шаң жуымас, жаманға жан жуымас.
5.Өнерлі адам өрге жүзер,
Өнерсіз адам жер сүзер.
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
III-бөлім. Ізгілік, әдептілік жөнінде.
1-оқу.Бақшаны суарып, келеді су алып,
Қолды жайнатып, самаурын қайнатып.
Үйде де, түзде де қылығы өнеге,
Ұстазы бізге де ұнайды ол неге?
Хор: (Себебі ол еңбекқор бала)
2-оқу. Екі болса алғаны-
Бала ұятқа қалғаны.
Қашқан бала қарыздан-
Су жүрек қой ол жазған.
Хор: (Себебі ол қорқақ бала)
IV-бөлім: Жақсы,жаман-әдеттер.
1-топ 2-топ
Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу
Өтірік айтпау Салақтық,еріншектік
Сабақтан қалмау Бұзықтық, сабақтан қашу,
кішіге күш көрсету
V-бөлім: Қазақтың ырым сөздері.
Бүйіріңді таянбау
Жалғыз ағашты кеспе
Үлкеннің алдын кесіп өтпе
Үйге қарай жүгірме
Күлді баспа
IV-бөлім: Көрініс «Көліктегі тәртіп»
Қатысушылар: Қарт әжей, көлік, Айдос бала.
Сәлеметсіз бе? Әжей?
Сәлеметсіңбе? Балам!
Кешіріңіз, қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңіз.
Сонда әжей сөмкесін балаға береді. Айдос сөмкені автобусқа көтеріп мінеді. Балалар әжейге орын бермейді, Айдос достарына ренжиді. Содан әжей бір балаға: балам атың кім?
Жақсылық
Нешінші сыныпта оқисың
3«А» сыныбында
Апайларың үлкенге жол беруді үйретпеді ме?
Кешіріңіз ,отырыңыз әжей
Рахмет балам. Өркенің өссін, әрдайым осындай әдепті бол, үлкенді сыйла,-дейді.
Концерттік бағдарлама:
Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы. Кім дейміз?
Хор: Әдепті екен бұл дейміз!
Мұғалім: Таудай биік талабы.
Жақсы оқитын баланы. Кім дейміз?
Хор: Үлгілі екен бұл дейміз!
Ән: «Мен әдепті баламын»
Би: «Өзбекбиі»
Ән: «Қуыршағым»
Ән: «Атамекен»
Жүргізуші: Құрметті тыңдарман қауым «Әдептілік-әліппесі» атты тәрбие сағатымызды «Болайықшы осындай» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.