Мені? ?аза?станым — патриотты? ?ндер фестивалі. (бастауыш сыныптар)


«Менің Қазақстаным!» - патриоттық әндер фестивалі.
Фестивальдің барысы: 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған « Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер фестивалін ашық деп жариялаймыз!
ҚР мемлекеттік гимні. 2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Сахынада 4 «В» оқушылары «Жаса, Қазақстан» әніменен. Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Тас еденде жатты қазақ баласы,Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,Жараланған жолбарыстай, ышқынып,Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!.... - Қайраттай жігіттеріміз елімізде аз емес. Туған жерін, Отанын қорғауға батыл, өжет сарбаздар әркез дайын. Сонымен «Алға, қазақ жігіттері!» - сахынада 4 «Б» сынып оқушылары!
2-жүргізуші:
Жас ұлан – егемен ел сұңқарлары,Тұла бойда биік тұрған намыс, ары. Адалдық пен достықты ұран еткен, 
 Самғаған тәуелсіз ел қырандары
Жас ұландарды қарсы алыңыздар!
Сахынада 4 «А» сынып оқушылары. «Ұландар күні».
1 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің - Ду қол шапалақтап қарсы алыңыздар. «Жаса, Қазақстан!» - орындайтын
3 «Б» сынып оқушылары.
2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. « Қазақ елі» - орындайтын 3 «А» сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: 
Қазағымның жарқырасын күні жарқын, Көтеруге еліміздің рухын, даңқын. Спортшылары елімнің барын салды, Жеңісімен қуантуға қазақ халқын. 
«Чемпиондар әні» - орындайтын 3 «Ә» сынып оқушылары.
Ду қол шапалақтап қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухына.
Көк туды желбіретіп биік ұста!
Сахынада 4 «Ә» сынып оқушылары. «Көк тудың желбірегені»
Құттықтау сөз қонақтарға беріледі.
Қатысушыларды марапаттау кезеңі.
1 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.2 – жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.
1 - жүргізуші: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. «Атамекен» әнімен фестивальді аяқтаймыз