Т?рбие са?аты Ауылым-алтын бесігім
9 сыныпТәрбие сағатының тақырыбы: «Ауылым-алтын бесігім»
Мақсаты: Оқушыларды туған ауылдың тарихын білуге тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
Оқушылар туған ауылының жері, тарихы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мәлімет алады.
Ауылымыздыі болашағы туралы ойланады.
Топ іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастырады.
Бағалау:
Туған ауылдың тарихы, жері жөнінде кесте сызып толтырады, жаңа ақпарат алады.
Бірлесіп сурет салу арқылы ауылымыздың болашағын көрсетеді.
Жеке, жұпта, топта, топ алдында жұмыс жасайды.
Құралдар: «Менің ауылым» атты шы.армалар көрмесі, мәтін, ТСО, бейне таспа.
Стратегиялар: «Ассоциациялық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Бірлесіп сурет салу».
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ауыл – заты қазақ баласының кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Ауыл – адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен – жайы, ұлттық рухының қуат алар қайнар көзі. Ауыл көркейсе – халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ауыл төсінде жайқалып егін өссе, төрт түлік мал өрсе – ауылдың сәні кірмей ме?
Ауыл ұлтымыздың ұйтқысы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, кез келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жататының естен шығармауға тиіспіз». Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі, салт – дәстүрі, өлең – жыры, өнерімен, мәдениетімен дамыған ордасы.
Қызығұшылықты ояту.
«Ауылым» әнін тыңдау.
22345653086103348990327660Ассоциациялық карта құру. «Ауыл» деген сөзді естігенде ойларына не келеді?
364426570485172021541910214820541910ААуыл
00ААуыл
359664044386517583154343403329940586740214884056769036537902914651139190300990
Мағынаны ашу.
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» стратегиясы
Знаменка уылымыз туралы не білесіздер? Кестенің 1 бөлігін толтыру.
Не білгілеріңіз келеді? Кестенің 1 бөлігін толтыру.
«Менің ауылым» мәтінімен танысу
Менің ауылым
1891 жылы Ресейдің көп бөлігін қуансыздық басқан салдарынан астық шықпай ашаршылық болғандықтан шаруалардың Сібір мен Қазақстан территориясына жаппай қоныс аударуы басталды.
1895 жылы Ертістің сол жағалауында Знаменка, Карповка, Новотаубинка, Громовка сияқты жаңа ауылдар пайда болды.
Знаменка ауылының негізгі тұрғындары Украинадан шыққан адамдар болды. 1926 жылы бірінші мектеп ашылған. Знаменка ауылы бұрын Қарасу ауылы деп аталған. Көшіп келген адамдар Знаменка деп атап кеткен. Знаменка ауылы Семей қаласының оңтүстік-батыс бағытында 60 км. Қашықтықтыа орналасқан. Жер беделі төбелі жазық, топырағы ашық қоныр, сортан. Жерінің көлемі 198184 гектар.
Пайдалы қазбалар: алтын, уран, көмір, мырыш, күмыс. Рудасыз пайдалы қазбаларынан: мәрмәр тас, ақтас, ас тұзы, цементті қосылыстар бар.
Қарасу өнірінде кездесетін жануарлар мен құстар: қасқыр, қоян, түлкі, борсық, дала үйрек, жабайы қаз, қарлығаш, қара қарға, саусқан, қосаяқ, арқар, қарсақ.
Қолда өсіретін мал түрлері: ақбас сиыр, еділбай қойы, қазақи жылқы.
Бұл өңірде дәрілік өсімдіктердің 20 шақты түрі кездеседі: қара алқа, бақбақ, жалбыз тікен, түймедақ, ермен, кермен жусан, қара мендуана, итмұрын, мойыл, у сарымсақ және т.б.
Біздің ауылымыздан 12 км. Қашықтықта «Алел» алтын кен орны бар.. Ол 1985 жылы ашылды. 2005 жылы 25 мамырда аттынды өндейтін сульфиттік зауыт ашылды. Аптасына 30 кг., жылына 300-400 тонна алтын өндіріледі.
Қазіргі уақытта Знаменкада 82 шағын шаруа қожалығы тіркелген, оның 53 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олар мал өсірумен шұғылданады.
Біздің ауыл жылдан жылға көркейіп барады.
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесін аяқтау. Жеке, жұпта, топта жұмысты қорғау.
Бейне таспадан көрініс көрсету.
Ой толғаныс. «Менің ауылымның болашағы» деген тақырыпқа сурет салу. Топта хатшы мен спикер тағайындалады. Хатшы топ мүшелерінің іс-әрекетін жазады. Спикер топ атынан қорғайды, өзге топ сұрақ қояды, пікір айтады.