Ашы? т?рбие са?аты Ауылым алтын бесігім


ҮМІТКЕР ОРТА МЕКТЕБІ
«Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясы бойынша өткен тәрбие сағаты»
Тақырыбы:

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Қауызова Б.Қ.

Тақырыбы:Ауылым алтын бесігім
Мақсаты:Cынып ынтымақтастығын қалыптастыру,топтық,жұптық және дербес жұмыстарға тарту,туған елімен жерін сүюге баулып,ауылының мәртебесін көтеруге шақыру
«Халқымның сүйегі де,
Жүрегі де-ауыл»
І.Кіріспе сөз.
Біздің ауыл 1961 жылы Ульянов қазігі Бұқар-Жырау ауданының солтүстік-шығысыда орналасқан, атақты-ғалым, ғылым кандидаты Қ. Бабаевтың есімімен аталған.
Қылыш Бабаев(1931-1948)аграном-ғалым,ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.Қаз.ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шаруашылықтың негізгі мамандырылған бағыты етті шаруашылықтары және астық өндірісі орта мекені «Үміткер»селосы болған еді. Іргесі1935 ж.қаланған Үлгі,Төрткөл,Шат селолары солардың айғағы.
Ғалым-агроном Қ.Бабаевтың туған жері. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ортамызда арнайы ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ ауылдық жерімізде егістік далалар,таулы орман,
көлдер де байлықтың бір көзі.Ауылымыздан көптеген түлектер ұшқан, олар қазір әр аймақта жұмыс істеп, жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Совхозымызда көптеген еңбек сіңірген.1961-1965 жылға дейін совхоз басшысы Шопатай Әмірханұлы.1965 ж. Мәкішев Мұқан. 1975 ж. Жарқынбеков Қабиден 1982 ж. Мауиенов Рақатай, 1986 -1997 ж. Шадетов Жеңіс болды. 1997 жылы совхозымызда 5 бөлімшіге бөлінді.
Ауылымыздан көптеген түлектер ұшқан, олар қазір әр аймақта жұмыс істеп,жоғары оқу орындарында білім алып жүр.
Совхозымызда көптеген адамдар еңбек сіңірген.
1961-1965жылға дейін совхо басшысы Шопатай Әмірханұлы.
1965ж. Мәкішев Мұқан.
1975 ж. Жарқынбеков Қабиден.
1986ж.-1997 ж. Шадетов Жеңіс.
1997 жылы совхозымыз 5 бөлімшеге бөлінді. Бабаева,КХ
«Үміткер»,КХ «Алшыбай», КХ «Усеш», «Үльга».
Қазір ауылымызда ТОО «Үміткер Шат»,КХ «Әсем»,КХ «Яссауи»бөлімшелері жұмыс істейді. 6 ЖШС «Алмас», «Береке»,«Шахназар»,«Еркенұр»,«Ержан»,«Олжас»
дүкендері халыққа қызмет етеді.
Қызығуды ояту.
ІІ. Мағынаны тани білу.
Алдын ала берілген(сынып сағаты дайындық барысында) тапсырмалар бойынша жұмыс.
1-деңгейлік тапсырма(міндеті).
Ауыл туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер, өлендер жаттап келу.
«Ауылым-алтын бесігім»
1. Туған жердей жерболмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
3. Өз елімнің басы болмасамда,
Сайының тасы болайын.
4. Туған жер-алтын бесік.
Өтебай Тұрманов
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбеі щалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем
2-деңгейлік тапсырма(алгоритмдік)
«Ауыл» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?
Ауылдың өзіне тән шыжығы
Ауыл.
Жалаң аяқ алысып,асық ойнап жүрген балалар,
Көктемдегі малдың төлдеуі,жасырынбақ ойнау,тауықтарға жем шашу,атпен шауып ойнау, бүлдірген теру,егін жинау.
- Сендер қалаға қыдырып барып жүресіндер.Ауыл өмірі мен қала өмірін салыстырып қарандаршы.Оларға не ортақ?
Венндиаграммасы.
3-денгеилік тапсырма(эвристикалық) ауылда тұру «тиімді»,
«тиімсіз» бағыттары бойынша сөзсайыс.
Онда оқушылар «ауылда» тұрған жақсы,«қалада»тұрған жақсы деген пікірмен екі топқа бөлінеді.Әр топ пікірлерін дәлелдеп
шағады.
4-деңгейлік тапсырма.
Ауылда тұру «тиімді», «тиімсіз» бағыттары бойынша екі топқа бөлініп, «Жұптасып сурет салу» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Онда сырттан келген адамға өз ауылын немесе қаласын сурет арқылы таныстырады.
Әр топ жеке суреттерін ортада қорғайды.
Қортындылау.
Міне,атағы шығып,атқа мінген Астана асып кететін болмаса, ақылды да,ақылды да ауыл балаларының арасынан шығады.
Қаншама академик ағаларымыздың асыл балалары. Тіпті, Елбасының өзі ауылдың топырағын,ауасын иіскеп өскен ауыл баласы емес пе?
Бар қазақтың тамыры ауылда екеніне,халқымыздың сүйегі де,жүрегі де,ауыл болып есептелетіндігіне бүгін көздерің жетіп отыр.