Word ба?дарламасымен практикалы? ж?мыс.


Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі
Бекмуратова Молдир Талгатовна
Қысқа мерзімді жоспар
Информатика пәні мұғалімі: Бекмұратова Мөлдір
Пәні: « Қызықты информатика»
Сыныбы: 7 «А» Мерзімі: _____________
Сыныбы: 7 «Ә» Мерзімі: _____________
Сыныбы: 7«Б» Мерзімі: _____________
Тақырыбы: Word бағдарламасында практикалық жұмыс.
Мақсаты: Word тексттік редакторының қызметін пайдалана білу, тексті форматтау және редакторлеу дағдыларын меңгеру, құжатты көркемдеу әдістерін үйрену, тақырыптық құжаттарды өз еркімен жасауға дағдылану.
Күтілетін нәтиже: Word тексттік редакторының қызметін пайдалана біледі, тексті форматтау және редакторлеу дағдыларын меңгереді, құжатты көркемдеу әдістерін үйренеді, тақырыптық құжаттарды өз еркімен жасауға дағдыланады.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Ой қозғау», «Ыстық орындық»
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
3 минут
Кіріспе. І. Ұйымдастыру кезеңі. Кабинеттің сабаққа даярлығы. Жұмыс орындарының тоқ көзіне қосылуы. Компьютерлерді жүктеу, іске қосу. 
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар шаттық шеңберін жасап, өз есімдеріне сәйкес жағымды теңеулерді айтады.
Білу
6 минут «Ой қозғау» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Құжаттарды енгізу, редакторлеу.
MS Word бағдарламасының мүмкіндіктерін атаңыз?
MS Word бағдарламасында мәтінді қалай енгіземіз?
Редакторлеу дегеніміз не?
MS Word мәтіндік редакторында құжаттарды қалай форматтай аламыз?
MS Word бағдарламасында мәтіндерді қалай пішімдей аламыз? Оқушылар сын тұрғысынан ойланып, өз ойларын жеткізеді. компьютер
Түсіну
8 минут
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Тақырыбы: Практикалық жұмыс
1-тапсырма.1. Берілген мәтіндегі тиісті сөздерді орысшадан аударып, көшіріп жаз.2. Қаріп өлшемі-14, Times New Roman, мәтінді көк түспен, екі шетінен туралау керек.Қазақ(язык)-(государственный) тіл. Қазақстанда тұратын (нация(ы) басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. (Они) қазақ тілін (кружок)лерде, (общество)дарда, (школа)тер мен институттарда оқып біледі. Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады. Олар Қазақстанды өз (народ)і санайды. (Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға тырысып үйренуде. Қазақстан – көп (нация)ты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін (государственный) тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.3. Мәтінге тақырып бер.
4.Мәтіндегі «Қазақстан» сөзін жартылай қалыңмен және қызыл түспен жаз.
Оқушылар бүгінгі күнді, тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.
слайд
Слайд, дәптер, ручка.
Қолдану
9 минут АКТ – ны пайдаланып, жеке – жеке практикалық жұмыс жасау. Оқушылар АКТ – ны пайдаланып, жеке – жеке жұмыс жасайды. компьютер
Сергіту сәті
2 минут Видеоролик арқылы «Дене шынықтыру» жаттығуын орындау. Видеоролик арқылы «Дене шынықтыру» жаттығуын орындайды. компьютер
Талдау
7 минут Практикалық жұмысты талдау. Оқушылармен бірге практикалық жұмысты талдау жүргізу. компьютер
Жинақтау
5 минут Алған білімдерін тексеру үшін
«Ыстық орындық» әдісін пайдалану арқылы бір – біріне сұрақтар қоюға нұсқау беру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойнша бір – біріне сұрақтар қояды. Рефлекция
2 минут «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнатамын.
Кері байланыс

Тілек
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
арқылы оқушылар өз ойларын жеткізеді.
ақ парақ
Бағалау
2 минут «Смайлик» әдісін пайдаланып, бір-бірін бағалауға нұсқау беру.
Оқушылар смайлик арқылы бірін – бірін бағалайды. сурет
Үйге тапсырма
1 минут Word текстік редакторы және Word бағдарламасына 10 тест құру. Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. күнделік