Саба? жоспары: V тарау. М?тіндік редактор §19. WordPad м?тіндік редакторыны? интерфейсі
Күні: 03.02.2016ж
Сыныбы: 5 «А», «Ә», «Б».
Пәні: ИнформатикаСабақтың тақырыбы: V тарау. Мәтіндік редактор
§19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, дәптермен жұмыс, компьютермен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелі қағаздар, слайд, дербес компьютерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөліміӨткен тақырыпты еске түсіруЖаңа тақырыпты түсіндіруКомпьютермен жұмыс
Сергіту кезеңі
Сабақты бекітуБағалау
Үйге тапсырма беру.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.
2.Өткен тақырыпты еске түсіру (үй жұмысы)
Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз.Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
Paint редакторы дегеніміз не?
/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (Алығшынша сурет, сурет салу) /
Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?
/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/
Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?
/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/
Сурет салу, ашу және сақтау.
1 Оқушы шығып Paint редакторын ашып, сақтап көрсетеді.
Paint редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?
Paint редакторында түстерді қалай өзгертеміз?
Суретті басып шығару үшін берілетін бұйрық?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа түсініктер:
Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т.с.с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
өз құжаттарыңды түзетуге;
құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
3.1. Дәптермен жұмыс
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор- ол мынадай мүмкіндіктерді беретін қолданбалы программа:
мәтіндік құжаттарды құруға;
оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фергаменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге.
мәтінді пішімдеуге-әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
құжаттарды басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
•Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
•Мәтінді түзеу тәсілдері;
•Шегіністер мен интервалдар.
4.Компьютермен жұмыс
1-тәжірибе
Уақытты белгілеп, дәптерге «Мен мәтіндік редакторды аша аламын» деп жазыңдар. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңдар және сол мәтінді теріңдер. Жазу және басып шығару уақытын санаңдар. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырым жасап, оларды дәптерге тіркеңдер2-тәжірибе.
1. «Мәтіндік редактор» сөздерін жартылай жуан әріппен ерекшелеңдер.
2. Құжатты өз бумаларына 2-тәжірибе_RTF деген атаумен, файлдың типін RTF етіп, сақтаңдар.
3. Word Pad батырмасы → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар, файлдың атын 2-тәжірибе_TXT деп, ал файлдың типін «Мәтіндік құжат» деп көрсетіңдер.
4. Жақындағы құжаттар тізімінен 2-тәжірибе_RTF файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударыңдар. Жаңадан 2-тәжірибе_ TXT файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударындар.
5. Редакторды жабыңдар.
6. Файлдардың мөлшерін анықтаңдар.
7. Дәптерге құжатты әртүрлі пішімдегі файлдарда сақтау туралы өз тұжырымдарыңды жазыңдар.
5.Сергіту кезеңі
Көз жаттығуын орындайық. Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
6.Сабақты бекіту
Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
Мәтіндік редактор деген не?
Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
Мәтіндегі абзацтар бір – бірінен қандай символмен ажыратылады?
Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?
7.Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
8.Үй тапсырмасын беру
V тарау. §19 оқу.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.