Саба? жоспары Жібек жолы


Сабақтың тақырыбы: "Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі, мәдени қатынаста Ұлы Жібек жолының рөлі"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқиғаға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ізденіс жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: слайдтар, сызбалар, қосымша мәліметтер.
Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
Балалар біз бүгінгі сабағымызда "Ұлы Жібек жолының мәдени қатынастағы рөлі" туралы тақырыпты қарастырғалы отырмыз. Алғашқы сөзімізді мына бейнеге берейік. (слайд)
Міне осы Ұлы Жібек жолы жайлы оқушылар сендерге алдын-ала тапсырма берілген. Әр топ өз тапсырмасы бойынша өз жобасын жасауы тиіс болатын. Ендігі сөзді сендерге береміз.
1 - топ. "Сұңқар"тобы. Олар Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеп келуі тиіс еді. Топ мүшелері өз жұмыстарымен таныстырады. Талдайды.
2 - топ. "Жігер" тобы. Ұлы Жібек жолының тармақтарымен жүріп отырып түсіндіреді. Картаны пайдалану.
3 - топ. "Тұлпар" тобы. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін баяндайды. (слайд)
4 - топ. "Өркен" тобы. Ұлы Жібек жолының мәдениетке тигізген ықпалын түсіндіреді.
Осыдан соң балалардың ойын жинақтап, тірек - сызба арқылы мағлұматтарын толықтыра, түсіндіріп кетемін:

"!енаощ


Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан - жануарлар сатыла бастаған.
Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың жемістері сатылған.
Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.
Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен .

Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.

Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі - ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған.

Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.
Келесі тапсырма: Тиісті сөзді қабылда.
Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.
....................Талғар
....................Тараз
....................Түркістан
Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.
....................Тараз, Испиджаб, Отырар
....................Талғар, Тараз, Отырар
....................Талғар, Испиджаб, Отырар
Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт - медреселердің орындары табылған.
....................Тараз, Баласағұн, Испиджаб
....................Отырар, Тараз, Испиджаб
....................Тараз, Испиджаб, Талғар
Бекіту сұрақтары:
1. Жібек сауда жолына "ұлы" сөзінің қосылу себебі:
Шығыс пен Батысты байланыстырды.
Ежелгі жол болғандықтан.
Үлкен сауда жолы болуынан.
2. Жібек жолының басы басталатын аймақ:
Ыстықкөл өңірінен.
Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан.
Византия елінен.
3. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:
б.з.б. ІІІ ғасыр
б.з.б. ІІ ғасыр
б.з.б. І ғасыр ортасы
4. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:
Шабдалы мен қауын
Жүзім мен қызанақ
Қытай немесе болгар бұрышы
5. Жібек жолының халықаралық қарым - қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:
б.з.б. ІІ ғасыр ортасы
б.з.б. І ғасыр ортасы
б.з.б. ІІІ ғасыр ортасы
6. Қытай императоры У - Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:
15ж. кейін
13ж. кейін
12ж. кейін
7. Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:
XVII ғ. бастап теңіз жолының ашылуы
XIVғ. бастап теңіз жолының ашылуы
XVI ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

Қорыту: "Қызықты сандар" (тақырыптағы барлық ғасырларды қосу)
II+VI+VI+I+II=XVII ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуы, Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер етті.
Жібек жолы - Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық.
Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым - қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған мәдениетті өмірге әкелді.
Бағалау:
Үйге тапсырма: оқып, мәліметтер әкелу.