Тарих п?нінен ашы? саба?: ?лы Жібек жолы мен оны? тарихи ма?ызы
Сынып: 7 «а»
Сабақтың тақырыбы : Ұлы Жібек жолы мен оның тарихи маңызы
Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік :ОқушыларғаҰлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
б) Тәрбиелік :Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.
в) Дамытушылық :Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше қорытынды жасау және шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау,бағыт-бағдар беру.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі :интерактивті тақта, Қазақстанның саяси картасы.
Пәнаралық байланыс :Дүниежүзі тарихы, әдебиет
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:(2-3мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) Оқушыларды түгелдеу;
в) Оқушылардың оқу құралдарының түгелдігін тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (8-10 мин)
«Зымыран» сұрақтар
Ұлт дегеніміз не ? Белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік-этникалық бірлестігі
Қазақ халқында қандай әдет-ғұрыптар мен салт –дәстүрлер бар ? (Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, беташар, жар-жар, сыңсу, отпен аластау, т.б.)
Үйленуге байланысты әдет-ғұрып жырларына та ? (Беташар, сыңсу, қоштасу, тойбастар, жар-жар т.б.)
Той үстінде айтылатын ән, қыздар жағы бір топ, жігіттер жағы тобы болып айтылатын ән ?(Жар-жар)
Кісі өліміне байланысты әдет-ғұрып жырларын ата ? (Естірту, көңіл айту, жоқтау)
«Қазықмайлау» дегеніміз не ? (Мал байлайтын уақытта малдың иелері қазықтарды, байлауыштарды маймен майлап, сүт, айран құяды. Бұл рәсім жылқы малы үшін «бие бау», сиыр, қой, ешкі үшін «қазық майлау», деп аталады)
«Отпен аластау» дегеніміз не ? (Аластау — дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымнан, отқа табынудан қалған ырым. Ол екі түрлі мәнде — ел аумағын, мал өрісін, мекен-жайды кесір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Ұлы Жібек жолы мен оның тарихи маңызы»
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған.
Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі— Жапонияның ертедегі астанасы Нарга қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі—- ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақтаулы тұруы. Сол сияқты жібек өндіру жапон елінде, Кавказ жерінде де жандана бастаған. Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданың дамуының арқасынде бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады.
Ұлы Жібек жолы
Шығыс өлкесі Батыс өлкесі
Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. V-ІІ ғасырлардың аралығы.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.
Ұлы Жібек жолындағы сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Б.з.д . І ғасырдың ортасында алғаш рет Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Бұған іле-шала Қытайға, Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орталық Азиядағы елдерден әртүрлі тауарлар ағыла бастады. Халықаралық саудаға Орталық Азияның атақты асыл тұқымды аттары, Шығыс елдерінің пілдер мен мүйізтұмсық сияқты жануарлары, барыс пен арыстандар, аң аулауға қажетті құстар сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар түсе бастаған.
Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері. Сауда кезіндежол бойындағы елдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздеріне тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қана қоймайды. Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті.
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ,ол Шығыс пен Батыс елднрінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы. Қытай императоры У Ди 138 жылы Батыс елдеріне аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған, осы кезден бастап Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тармақтары.
“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы еліміздегі және әлемдік ауқымдағы ірі жобалардың бірі болып саналады. Оның құны 825 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Керуен жолының Қазақстан бойынша жалпы ұзындығы 5126 шақырымды алып жатыр.
Жетісу жерінен шығысқа қарай Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Оны, біріншіден, Жетісу аумағындағы ортағасырлық қалардың орналасуынан, екіншіден,бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қыстауларының орналасуынан байқаймыз.
Қазақ жері Батыс пен Шығысты қосып жатқан орталық болды.Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері –Шығысқа шығатын негізгі қақпаға айналды.
ІV. Сабақты бекіту.
Жібек жолы қайдан басталады?
Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
Жібек жол арқылы таралған діндер?
Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?
Б. з. б. ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?
Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған ?
Сәйкестендіру тесті :
V. Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолы мазмұндау
VІ. Сабақты қорытындылау.