?лы Жібек Жолыны? тарма?тары 7 класс


Күні :18.10.2015ж Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Мұғалімі: Байсеитова Гульнар Жаппаровна Класс: 7 «ә»
7 «а» Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары. Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы
Сабақтың мақсаты Ұлы Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу, топпен жұмыс жүргізу.
Күтілетін нәтиже Ұлы Жібек жолының маңызын түсінеді, Ұлы Жібек жолының тармақтарын картадан көрсете алады, топпен жұмыс жасайды
Әдіс-тәсілдер Өзара оқыту әдісі
«Домино» «Жіңішке және жуан сұрақтар»
«Толықтыру және сәйкестендіру диктанты»
«Талдау картасы» әдісі
«Ия, жоқ» ойыныСабақтың кезеңдері Сабақтың мазмұны Бағалау Ресурстар
І
Қызығушылықты ояту Тренинг «Мен саған тілеймін»
Оқушылар топқа қобдиша ішіндегі тармақтарға қарап бөліну.
«Домино әдісі бойынша үй тапсырмасын қорытындылау»

жібек жолы халықтар арасындағы
сауданың дамуына ғана зор
үлесін қосып қойған жоқ,
ол Шығыс пен Батыс
елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық
қарым- қатынастың дамуына да
өзінің үлкен пайдасын тигізген.
Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.
Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген
Жаңа тақырыпты ашу үшін қойылатын сұрақтар
1.Жібек жолының басы қай жерден басталады?
2.Жібек жолы Қазақстанның қай аймағымен жүрді?
3.Жол қандай бағыттарға тармақталды?
Қошеметтеу
«Домино әдісі»
Жарайсыңдар Интерактивті тақта
ІІ
Мағынаны ашу Жетісу – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі
Ұлы жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы
Топтарға мәтін беріледі, мәтінді қорғайды. Жұпта талқылайды, топта талқылайды.Шығып постер қорғайды.
Тапсырмалар беру:

Жіңішке сұрақтар- бір рет қана дәлелді жауап талап ететін сұрақтар Жуан сұрақтар- күрделі, толық жауап беріп, талдауды қажет етеді
1.Қазақстанның қай аумағы керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы саналды?
2.Ұлы жібек жолының маңызы?
3 VIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға? 1. Ұлы жібек жолының маңызы жойылғаннан кейін сауда қалай дамыды? Қазақстандағы қалаларға қандай әсері болды?
2.Ұлы жібек жолын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қандай тәсілмен жандандыруда?
3 топқа тапсырма беріледі:
Картамен жұмыс 3 бағытты сызу
Талдау картасы әдісі бойынша Ұлы Жібек жолының мәдениетке,шаруашылыққа тигізген оң әсері «Ия» деген, ал теріс ықпал «Жоқ» деген бағанаға толтырылады
Толықтыру диктанты
І-топ
Толықтыру диктанты
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының 3 бағыты бар
Батыс Қытай- батыс Еуропа бағдарламасының бастамашысы Н.Ә.Назарбаев
Бұл қалалар.Тараз, Испиджаб жеріміздегі сауданың басты орталықтары саналады.
Үшінші бағыт бойынша атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан.
Сәйкестендіру диктанты
1. Ежелгі Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы
---------------- 3000 шақырым болған
---------------- 4000 шақырым болған
---------------- 5000 шақырым болған
2. Батыс Еуропа – Батыс Қытай құрлықаралық автокөлік дәлізі Қазақстанның бес облысының аумағын басып өтеді
---------------- Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары
---------------- Орал, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары
---------------- Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары
3. 6-7 ғасырларда Ұлы Жібек жолының қай бағыты неғұрлым шапшаң дамыды?
---------------- Хуанхэ арқылы Ланчжоуға бағыт
---------------- Қашғардан Ферғана, Самарқанд, Бұхара, Сирияға бағыт
---------------- Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа бағыт
ІІ-топ Талдау картасы әдісі

Ия ЖоқҰлы Жібек жолы мәдениеттің дамуына ықпал тигіздіТүрлі діндердің келуіне жол ашылдыВизантия шеберлерінің жасаған заттары Тараз, Талғар, Отырар қалаларынан табылды. Жергілікті шеберлер сондай ыдыс жасауға мамндандыЖергілікті шеберлер жасаған ыдыстар Византия, Қытай елдеріне шығарылған жоқЖібек өндіру Қытайдан өзге Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастадыЖібек өндіру біздің елімізде болған жоқҰлы Жібек жолы халықаралық сауданың дамуымен қоса халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына үлес қосты. 568 жылы Византия мен Түрік қағанаты Иранға қарсы одақтасты627 жылы Батыс Түрік қағаны Тон Византияға көмек беруге әскерін аттандырады, бұл қарапайым халыққа қиын тиеді, себебі салынатын салық көбееді Қошеметтеу
Өзара оқыту әдісі
«Жіңішке және жуан сұрақтар»
«Толықтыру және сәйкестендіру диктанты»
«Талдау картасы»
Картамен жұмыс
Оқулық,
Әдістемелік құрал
АКТ
А-3
Стикер
ІІІ
Ой толғаныс Ия, жоқ ойыны
1 Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)2 Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)3 Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)4 Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)5 VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)6 Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)7 Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)8 Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)9 Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)10 Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә)
Рефлексия Маған бұл сабақта «Жеңіл болды» «Қиынырақ....» «Қызықты» «Ия, жоқ»
Рефлексия А-4 қағаз
Үй тапсырмасы «Ұлы Жібек жолына саяхат» Эссе жазып келу Бағалау Суммативті Не сәтті өтті? Не сітсіз өтті?