?аза? тілі Та?ырыбы: Дара ж?не к?рделі етістіктер


Пәннің аты: Қазақ тілі Уақыты: 2-сынып Мұғалім:
Сабақтың атауы Дара және күрделі етістіктер
Мақсаты 1/ Білімділік: Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; дара , күрделі етістік туралы  білімдерін тиянақтап, бекіту.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық, практикалық ойлау және сөйлеу қабілетін жетілдіру.
2/ Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін,   шығармашылық,танымдылық  қабілеттерін дамыту. 
3/ Тәрбиелік: Жаңа технологияны басшылықа  ала отырып, білімдерін тиянақтау. Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы.Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту сабағы.    Дамытушылық, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, салыстыру-ажырату, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер,  сөзжұмбақтар, ойын
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Бала, бала, балапан, Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан, Қане, қайсы, алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
кіап Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану   І деңгей
1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
                      І І деңгей
1. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады-
Жазды-
Секірді-
Оқыды-
2. Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
             ІІІ деңгей.
1.     Дара , күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп  жаз:
Барды, алды, ойнап, жүр, кірді, ойлап, отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр.
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 
Ой толғаныс - Бүгінгі сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?- Дара етістік неше сөзден тұрады?- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 12509580645 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады