Бірінші ?ырк?йекке арнал?ан мерекелік сценарий


1-қыркүйек – Білім күніне аралған мерекелік
с ц е н а р и й
БАҚЫТНҰР: Қадірлі ата-аналар, қонақтар, сүйікті балалар, жадыраған жазда аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашы күні 1- ші қыркүйек. Бұл ата- аналар үшін де ең қуаннышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған балалар үлкен сағынышпен «Ақбөбек» мектебіне келді. Сіздер жыл бойы өз жастарыңа лайықты білім және тәрбие алып жүрдіңіздер. Білімге талпынған қанаттарың қатая берсін. БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ШАРУХИН АЛАН: Пришел сентябрь, значит до свидания лето! И злравствуй праздник школы, знаний и отметок. Сегодня двери школы снова распахнутся, уже завтрашним утром уроки начнутся. Ученья свет начнут дарить учителя! С ДНЕМ ЗНАНИЙ ПОЗДРАВЛЯЕМ ВАС , ДРУЗЬЯ!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: September came, good-bye summer! Good morning holiday of school!Tomorrow our lessons will begin.
БАҚЫТНҰР: Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен «Шоқ жұлдыздар» атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Cood morning guests , parents, dear our pupils!
ШАРУХИН АЛАН: Көк тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені.
(ТУДЫ ӘКЕЛЕДІ).
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: The national anthem of Kazakhstan is called «My Kazakhstan».
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.)
БАҚЫТНҰР: Кел балалар ойын ойнайық,
«Ақбөбек» білім беру орталығында
Білім күнін біз де тойлайық.
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Білім күнін қуанышпен ҚАРСЫ
АЛАЙЫҚ!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: In front of you pupils of private school «Akbobek» will read you rhymes.
(ТАҚПАҚТАР: ТОҒЖАН, ДАУРЕН, БАҒЛАН.)
БАҚЫТНҰР: Өмір бойы «Ақбөбекті» жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім , берекем,
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні, мерекем!
ШАРУХИН АЛАН: Алдарыңызда 4-класс оқушылары Тілектесов Мейірхан мен Жанабаева Адеманың орындауында «Ақбөбек- білімнің ордасы» әнімен. Қабыл алыңыздар!
(ӘН: «АҚБӨБЕК-БІЛІМНІҢ ОРДАСЫ»).
ШАРУХИН АЛАН: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,
Қуанышпен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: A world get to the director of school Dusegalieva Lazzat Serikbaevna.
(ЛӘЗЗАТ СЕРИКБАЕВНА СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ).
БАҚЫТНҰР: Гүлге толы омырау, шақырады мектеп ана, соғылмақ тұңғыш қоңырау. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, Амангелді Айсұлу мен Ерназар Аминаның орындауында «Мен өнерлі баламын» әнін қабыл алыңыздар.
(ӘН: «МЕН ӨНЕРЛІ БАЛАМЫН»).
ШАРУХИН АЛАН: Ребята , а вы хотите заглянуть в будущее и узнать , что вас ждет впереди? Я думаю об расскажут звезды.
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: А разве звезды могут говорить?
ШАРУХИН АЛАН: Конечно. Надо только уметь их слушать.
ВОЛШЕБНЫЙ ГОЛОС: Жарқыраған жұлдыздар
Нақтылап айтып береді.
Жаңалықтың барлығын
Түсіндіріп көреді.
Тек балалар оқыңдар, көңілге бәрін тоқыңдар.
Бұның бәрі кейінірек, қонаққа құлақ тосыңдар.
ШАРУХИН АЛАН: Міне ғажап! Бұл кім болды екен?
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Мен –кішкентай ханзада! Жұлдыз бен айдан сұраңдар, қонаққа келдім қараңдар, сиқырлы әсем- мекенім. Білесіңдер қандай екенін, таңғалдырар ұл – қызды, аты оның «ЖҰЛДЫЗДЫ».
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: О , ханзада айта қойшы жасырмай, Таңғажайып елің сенің, Отаның қайда?
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Мейірім мен сұлулықтың әлемі, балаларға мекен үші дәл еді. Қанатында армандардың қалықтап, мектеп ана берері көп кәделі.
Мектебімен балдырғандар қауышқан, кездескен сәт жұлдызды сәтті болсын!Оқуда ылғи алда болып, жұлдыздары жарқырап, көңілдері толсын!
ШАРУХИН АЛАН: Ты верно говроишь маленький принц, уже не первый год 1 сентября мы собираемся возле родного Акбобека, чтобы услышать торжественный и волнующий первый звонок. После долгой летней разлуки мы рады видеть родные лица учителей и одноклассников. Но сегодня на нашей линейке встречаются и новые лица, это наши ПЕРВОКЛАССНИКИ и их родители, которые пришли проводить своих детей новую для них школьную жизнь и познакомить их с новой школьной семьей.
БАҚЫТНҰР: Қуаныш- бүгін мереке. Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы, Жан досым саған мың сәлем!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Dear teachers and pupils invite your to our holiday.
ШАРУХИН АЛАН: Алғаш келген бүлдіршін! Құтты болсын қадамың! Төбеңде бейбіт, күн күлсін, төмендемесін талабың!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Нұр шашып көкте күн, өмірімнің көктемін. Гүлдендірем деп келдім, сәлем «Ақбөбек» мектебім – деп, алғашқы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.
(ТАҚПАҚТАР: Ақбота, Аружан, Самал, Дана, Саламат.)
ШАРУХИН АЛАН: Айтшы маған жасырмай, кішкентай ханзадам, жол сілтеуші жұлдызың бар еліңде жарқыраған?
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Елімде бар жұлдыздардың түр түрі , жасылы мен сарысы бар, қызылы, Жылысы да, салқыны да болады, жол сілтейді ішіндегі кейбірі.
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Балаларға оларды қайдан тауып берейік?
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Сыйлық етіп жұлдызды, қуанышын көрейік.
(БИ: «ЖҰЛДЫЗДАР».)
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Жол сілтеуші жұлдызың болсын ылғи жаныңда,
Тура әкелді, сілтейді еш қорықпай адымда , ертең мектеп әлемі,
Жай ғана әлем болмайды. Жұлдызды елге айналып, жарқыратпай қоймайды!
(БИЛЕГЕН ҚЫЗДАР АЙТАДЫ.)
БАҚЫТНҰР: Мұндай аттары бар жұлдыздар мектеп өмірінде өте қажет болады. Мұндай ғажап жұлдыздар үшін бүгінгі сиқырлы қонағымызға алғыс айтамыз.
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Ал мнің ойымша, балдырғандардың бойындағы еңбекқорлығы , ынтасы, зейіні үшін олардың ата-аналары мен ұстаздарына алғыс айту керек. Қане бәріміз «РАХМЕТ» айтайық.
Барлық бала: РАХМЕТ!
КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА: Ал менің жолға шығар уақытым келді. Мені өз әлемінде үлкен іс күтіп тұр. Сау болыңыздар, балалар!
ШАРУХИН АЛАН: Вы знаете, мне по- прежнему верится , что если останется жить Земля, высшим достоинством человечества станут когда - нибудь учителя. В них сила и мудрость, талантливость редкая, они словно солнце несут не крыле. Учитель- профессия дальнего действия, профессия главная на земле!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Ия, ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге сондай жарық береді.
БАҚЫТНҰР: Абай атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға» деп, алдарыңызда «Ұстазым» әнімен әнімен 3 «А» класс оқушысы Талипова Салтанатты қарсы алыңыздар.
(ӘН: «ҰСТАЗЫМ».)
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным, деп, сөз кезегін ұстадар мен ата- аналарға береміз.
ШАРУХИН АЛАН: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына сөз кезегі беріледі.

АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Келесі сөз кезегі 2 «А» класс оқушысы ата-анасына беріледі.
ШАРУХИН АЛАН: Вот и звенит первый звонок, всех приглашает на урок. Друзья, снова праздник, день знаний у нас! Звени же звонок в добрый путь, в добрый час!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: Жаңа оқу жылы құтты болсын,
Ізгілік оты жағылсын!
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын!
БАҚЫТНҰР: Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін мектебіміздің үздік 4- класс оқушысы Дүйсенбаев Дастан мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған Бейбіталы Дананы шақырамыз.
(ДАСТАН МЕН ДАНА ҚОҢЫРАУ СОҒАДЫ).
( ШАРУХИН АЛАН : Ақ жол , бүлдіршіндер! Біліммен асып тасайық! Тілеуін берсін көптің, Тілекпенен ашайық! Ақбөбектің есігін.
БАҚЫТНҰР: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкетілсін!
(ТУ ӘКЕТІЛЕДІ).
БАҚЫТНҰР: Осымен 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекеміз өз мәресіне жетті.
ШАРУХИН АЛАН: Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Еліміз аман, беделі асқақ болсын!
АЙМАҒАНБЕТОВ АЛАН: 1 класс оқушылары мен ұстаздарын алғашқы Білім күніне арналған класс сағаттарына шақырамыз.
(Мектеп мұғалімдері мен класс оқушыларын хабарлау)
СОҢЫ
«Ақбөбек» жеке мектебі
1 қыркүйек - Білім күніне арналған мерекелік іс- шара.
Тақырыбы: «Шоқ жұлдыздар».
Ақтөбе - 2015 жыл