Внеклассное мероприятие на тему К?з-мереке, к?з — береке» атты Алтын к?з мерекесі


Тақырыбы: «Күз-мереке, күз - береке» атты Алтын күз мерекесі
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға табиғатты сүюге, сақтауға үйрету.
2.Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру
3.Ұқыптылыққа , шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сахнада күз көріністері, күзгі дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар, «Жануарларды қорғайық» сурет, қолданбалы өнер көрмесі.
Әдісі: Галерея «Менің сүйікті жыл мезгілім» эссе. Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған көрме, сынып аралық сайыс, ата-аналар үшін, «күз өнімдерінен жасалған тәттілер жәрмеңкесі» аукцион, «Күн ханзадасы мен күз ханшайымдарының» балы.
Кеш барысы: І.Қызығушылықты ояту «Сақ бол» ойыны. Ойынның мақсаты дыбыстық тітіркендіргіштерге дәл әрі шапшаң жауап қайта білуге үйрету, зейінділігін дамыту. Балалар әуен ырғағымен шеңбер құра жүред. «Қоян» сөзі естілгенде секіреді, «бүркіт» дегенде қолдарын екі жағына созып, қалықтайды, «көкқұтан» дегенде бір аяғын ішке бүгіп, екінші аяғымен тұрады. Жеңгендері ойынды жалғастырады.
ІІ.Мағынаны тану
1-бастаушы: 1)Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
2) Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке, бірлікпенен ортақтассын.
Алтын күз: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар. Иә, міне , жыл сайын тойлап өтетін дәстүрлі үлкен мерекелерінің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті. Күзде жеміс—жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз-береке, сән-салтанат мереке айы.
1-бастаушы: Сыр беріп алтын күз, келіп жетті
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық
Өнерпаз өренімізге тамсанайық
Ән «Күзгі қайың» , Орындайтын: 9-сынып оқушысы
Алтын күз: Мектеп қой еліміздің қаны-жаны,
Мектептен басталады бәрі –бәрі
Бәске түскен сыныптар кезектерін
Анықтап алсақ, жас достар, қалай болады?
«Бақыт ағаштың» сары жапырақтарын алып нөмірін белгілеу үшін 5-6-7-8 сынып басшыларын шақырамыз.
1-бастаушы: Ал, енді, сайысымызды саралап, әділ бағасын беретін әәділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: М.С.Утенова
2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.О.Байнешова
3. «Жас ұлан» балалар ұйымының тәлімгері: Ж.Б.Қаунова
Сайысымыздың жоспарымен таныстыра өтсек:
1.Күзгі ханзадалар мен ханшайымдардың сән үлгісі (киім үлгісі, би сайысы)
2.Күз туралы ән
3.Батырлар жырынан үзінді оқу (мәнерлеп оқу сайысы)
4. Хандар мен би-сұлтандар, батырлар туралы қойылым (әртістікшеберлік сайысы)
5.Қол өнер байқауы (күзгі сурет, қолданбалы өнер, күзгі дастархан)
Алтын күз: Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік
Күз ханзадалары мен күз ханшайымдарының киімі, биі – жалпы сән үлгісі бағаланады.
Рахмет. Әділқазылардың бағаларын көрелік
1-бастаушы: Ән салса әншілерім таң қаласың,
Әр сөзін күз деп жүз қайталарсың
Сондай ән туғызған қазағымды
Қалайша тар пейіл деп айталарсың
Кезек күз туралы әнге беріледі
Рахмет. Әділқазылар әділ бағаларын беріңіздер
Алтын күз: Кезек мәнерлеп оқу сайысына келді. Достар! Биыл қандай тарихи мерей той жылы. Жауап: «Қазақ хандығына – 550 жыл» . Олай болса, ел тәуелсіздігін қорғау, ел қорғаны – батырдың ерлік істерін мадақтау біздің парызымыз. Нағыз батыр тек әкесінің баласы емес, бүкіл елдің баласы.
1-бастаушы. Дұрыс айтасың , «Алтын күз». Ендеше, туған елі мен жерін жаудан қорғап, қалың елінің мұңын мұңдаушы, жоғын жоқтаушы қаһарман – Қобыланды батыр жырын 7 сынып оқушылары орындайды. Қобыланды батыр-жауға елінің намысы үшін, кегін қайтару үшін аттанып, жеңіспен оралып отырады. Әкесі Тоқтарбай, анасы-Аналық, сүйген жары – Құртқа, қарындасы – Қарлығаш, тұлпары-Тайбурыл. Ортада 7 сынып оқушылары – Қобыланды батыр жырымен.
Алтын күз. Жиделі- Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген қолбасшы, батыр, шүршіт батыр, әкесінің аты- Байбөрі, анасы-Аналық, сүйген жары- Гүлбаршын, қарындасы Қарлығаш. Жан серігі-байшұбар аты. Сонымен , Алпамыс батыр жырымен алдарыңызда 6 сынып оқушылары, қарсы алыңыздар.
Бастаушы: Жер мен ел намысын қорғау, бай мен кедей арасындағы тартыс Қамбар батыр жырында баяндалған. Бұл өлең ноғайлы дәуіріндегі қазақ пен ноғай арасындағы қарым-қатынас негізінде туындаған. Қамбар батырдың тұлпары Қарақасқа ат, жары Назым. Ырда кездесетін Назым, Алшыораз, Қамбар бейнелері арқылы ерлік, бірлік, сұлулық жырланады. Алдарыңызда 5 сынып оқушылары, Қамбар батыр жырымен, қарсы алыңыздар.
Алтын күз. Елдің намысын, бірлігін қорғаған хас батырлардың бірі- Ертарғын. Ертарғын жырын оқып, көңілге тоқып, шешендік сөздерімен ой-санамызды оятып, ерлігіне тамсанып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйренейік, жас достар! Алдарыңызда Ертарғын жырымен 8 сынып оқушылары, қарсы алыңыздар.
Бастаушы. Оқушыларымыздың әртістік шеберлігін байқау үшін Хандар мен би-сұлтандар, батырлар туралы қойылымын тамашалаймыз.
8сынып оқушылары «Абылайхан және Райымбек»
7 сынып оқушылары «Қабанбайдың қырғыз батырымен жекпе -жегі»
6 сынып оқушылары «Елді аузына қаратқан бала би-Әйтеке»
5 сынып оқушылары «Сырым мен Малайсары би»
Алтын күз: Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып
Жел сыңсытса, қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып
Әлсін-әлсін күркілдеп
Ашу қысып зіркілдеп
Бұлт оттығын шаға алмай
Желп-желп етер шыр-пыр боп
Сайыскерлер қол өнер байқауына даярланғанша, мектебімізде бір ай бойы өткен сырттай байқауларды қорытындылайық.
Бастауыш сынып оқушыларымен сабақтастықты да ұмытпадық.
Бастауыш сыныптар үшін:
«Күз мезгілі» сырттай сурет байқауы өтті. Жеңімпаздар:
Дүниежүзі халықтарының жануарларды қорғау күніне орай «Менің сүйікті жануарым» қолөнер туындыларының жәрмеңкесі . Жеңімпаздар:
5-9 сыныптар үшін:
«Менің сүйікті жыл мезгілім» эссе. Жеңімпаздар:
«Жануарлар әлемінің қызықтары» фотогалерея. Жеңімпаздар:
Бастаушы: Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне
Алтын күз: Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр қақпай
Жылтырайды бұлақ біткен
Қол өнер байқауына кезек береміз (әр сыныптан бір оқушы түсіндіреді)
Ата-аналар үшін викториналық сұрақтар:
Денесінде қышқылы бар жәндік (Құмырсқа)
Жыланның сипап-сезу мүшесі (Тілі)
Ең сақ құс (Сауысқан)
Ұрлық жасайтын құс (Қарға)
Бір шақырым жердегі ұсақ жәндікті көре алатын құс (Сұңқар)
Ең киелі құс (Үкі)
Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құс (тырналар)
Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы (Ихтиология)
Денесінің түсін тез құбылтатын жануар (құбылғы-хамилион)
Африка түйеқұсының саусағы нешеу? (Екеу)
Жұмбақтар:
Оқушылар үшін.
1.Қасыңа келсем жылайсың
Ащы деп те санайсың
Келмеймін деп ойласам
Тағамға керек деп сұрайсың (пияз)
2.Жерде жатып желіндейді
Күз түскенше желінбейді
Үндеместен төлдеп жатыр
Су беріңдер, шөлдеп жатыр (асқабақ)
3.Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты (қарбыз)
4.Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы , мөлдір сөлі бар
Піскен кезде жияр
Оның аты -... (қияр)
5.Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті
Пісіріп жесең, ас тамақ
Оның аты - ... (асқабақ)
6.Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсең қанат
Сүті дәрі, еті тамақ (жылқы)
7.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар (сиыр)
8.Аталығы-күлміз, аналығы-сөге, төлі-еңлік деп аталады. Бұл қандай жануар? (Елік)
9. Көсемі – Абадан, аталығы- арлан, аналығы шулан, күшігін бөлтірік деп атайды. Бұл қандай жануар (қасқыр)
Ойын «Салат жинайық»
Қияр, қызанақ, орех, майонез, алма, киви, т.б. жеміс-жидектер жазылған сөздерді теріп , қандай салат жасауға болатынын айту керек.
-9сынып оқушыларының күзгі өнімдерден даярланған салат, т.б. тәттілерден аукционы
Бастаушы: Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар
-Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділ-қазыларға сөз береміз. Сыйлықтар беру
-Күзгі дастарханға шақыру
БҚО, Теректі ауданы, Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі,
жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Қ.А.Едресова