«Алтын к?з мереке,к?з береке»


Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін молайтуға, табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін біле түсуге, «Күз береке» тақырыбына сәйкес, өлең тақпақтарын мәнерлі, мазмұнды айта білуге үйрету. Көп алдында өздерін ұқыпты ұстауға, өзін де, өзгені де құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз мереке,күз береке» атты мерекелік іс-әрекетімізді бастаймыз.
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек-жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Қоймаларға түседі.
Табыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
-Күз мезгілінде болады.
Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгіліде келіп жетті.-    Күз мезгіліне қандай айлар жатады?(қыркүйек,қазан,қараша)
-    Ауа райы қалай құбылады?(күн салқындайды,жаңбыр жауады,аспан қара бұлт қаптайды. Т.б)-    Күзде қандай құбылыстар болады?-    Ал қазір күздің қай айы? ( екінші айы қазан айы.)Енді балаларымыздың күз мезгіліне арналған «күз жомарт» әнін орындап берейік.Ән: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Ой балалар бірдеңенің сыбдырын естідім. Бізге біреу келе жатыр-ау деймін.(Әуенмен залға Күз кіреді )Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар мен сендерге қонаққа келдім. Сендерді көргеніме ризамын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Алтын күз Біздің мерекемізге қош келдіңіз. Төрден орын алыңыз. Сізге арналған балалардың тақпақтары бар. Соны тамашалаңыз.
-Балалар, күзге лебіздеріңді білдіріңдер.(Тақпақтар күз туралы үш тілде)
Ердәулет:
Соққанда кейде жауыны.
Береке күздің жауыны .
Сол жауыннан өсіпті,
Бақшаның қарбыз,қауыны.
Еркеназ:
Күздің қазан айында.
Алмұрт ,алма піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Мансур:
Шаттанды балақай,
Күз түсті,күз түсті.
Береке-салты күз,
Мереке алтын күз.
Анжелика:
Осень,осень погади
И с дождями не спеши
Дай еще нам лето
Солнышка и света
Демьян;
Наступила осень,
Пожельтел наш сад
Листья на березе.
Золотом горят,
Не слыхать веселых
Песень соловья
Улетели птицы
Вдальние кроя,
Ваня;
Вот на ветке лист кленовый
Ныне он совсем как новый
Весь румяный золотой
Ты куда,листок постой
Таня:
Дождик дождик кап да кап
Ты не капал бы на пап
Ты не капал бы на мам
Приходи бы луше к нам
Папам –сыро,мамам-грязно
Нам с тобою –распрекрасно!
Күз: Балалар сендер мен туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер,рахмет сендерге. Меніңде сендерге арналған сыйлықтарым бар.Міне мына сыйқырлы сандық.Ешкім ашпасын деп сыйқырлы сөзбен кілттеп тастағанмын. Сол сиқырлы сөздерімді үш жапыраққа ұмытпас үшін жазып қойганмын. Кеше қатты жел тұрып жапырақтарды орманға ұшырып кетті. Ал енді осы сиқырлы сөздерсіз сандық ашылмайды. Балалар маған орманнан жапырақтарымды тауып беруге көмектесесіңдерме? Олай болса орманға аттанайық.(Жай музыкамен балалар орындарынан көздерін жұмып орманға келеді)Әуенмен түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімінМен әдемі түлкімін- Ой орманға балалар келіп қалыпты ғой, неғып жүрсіңдер балалар?Жүргізуші: Түлкі жан біз орманнан жапырақ іздеп жүрміз. Ол жай жапырақ емес сиқырлы сөздер жазылған жапырақ,қатты жел тұрып орманға ұшырып әкетті. Түлкі: Жапырақ дейсің бе? Кеше қатты жел болған менің қасыма бір жапырақ ұшып келген. Ол өзгеше болғасын алып қойдым. Күз: Ой, ол мүмкін менің жапырақтарымның бірі болар. Түлкі жан бізге жапырақтарды қайтарарсың.Түлкі: Қайтару! Мен ол жапырақтарды жайдан жай қайтара алмаймын.Менмен бірге билесендер
Жүргізуші: Ендеше біздің кішкене «Балапан » тобының бүлдіршіндері билесін.
Түлкі:Жарайды
Би: «Буги-буги»Түлкі: Жарайсыңдар балалар, өздерің алғыр балалар екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдарма?
Ойын: « Не қайда өседі?»

Түлкі: Жарайсыңдар, олай болса сендердің жапырақтарыңды қайтарайын. Ары қарай жолдарың болсын. Жүргізуші: Сау болыңыз түлкі жан. Ал енді балалар одан әрі сапарымызды жалғастырайық. (Балалар көздерін жұмып тағы бір айналады) Әуенмен жолбарыс кіреді.Аю: Әй,мына орманда шулап жүрген кімдер-ай өзі басымды ауырттыңдар ғой шулап.Жүргізуші:Аюжан сәлеметсіз бе? Біз орманға келген себебіміз жапырақ іздеп жүрміз. Ол жай жапырақ емес сиқырлы сөз жазылған жапырақ.

Аю: Ә, ия кеше қатты жел болдығой өзгеше екен деп алып қойып едім, бірақ ол жапырақты жайдан жай бермеймін.Жүргізуші: Біздің балалар өнерлі балалар қазір сізге қыздарымыз би билеп,балаларымыз тақпақ айтып береді. Тақпақтар: ( жемістер-көкөністер)
Іңкәр:
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Менің атым-шие.
Алихан:
Іші толған шәрбәт.
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Менің атым-жүзім.
Айжарқын:
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәмі.
Қызығасың көріп,
Менің атым-өрік.
Аида:
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрен қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай,
Алхан - Ақжол: Картоп
Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Пияз
Асқанадан шықпаймын,
Атым-пияз ,бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!
Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ.
Күнге қарап ұялып.
Сәбіз
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз!
Сәбіздерміз жазықсыз!
Ердәулет:
Я-румяная редиска.
Поклонюсь вам низко-низко.
А хвалить себя зачем.
Я и так известна всем.
Аю: Ой, балаларым –ай, сендер ақылды ,білімді балалар екенсіндер. Сендерге жапырақты қайтарып берейін. Ары қарай жолдарың болсын!Жүргізуші: Сау болыңыз жолбарыс! Қане балалар әрі қарай сапарымызды жалғастырайық. (Музыка әуенмен көздерін жұмып айналады)Түшкіре әуенмен орманшы кіреді.

Орманшы ата: Сәлеметсіз бе? Балалар неғып жүрсіңдер,адасып кеткен жоқсыңдарма?Күз: Жоқ, ата біз жапырақ іздеп жүрміз. Жапырақ жай жапырақ емес, сиқырлы сөз жазылған жапырақ. Кеше жел болып осы орманға ұшып кетті.Орманшы ата: Ия кеше қатты жел болды. Жапырақтың бәрі әрі-бері ұшып маған келді. Бірақ сол жапырақтар ішінен бір өзгеше жапырақ көріп алып қойып едім. Бірақ ол жапырақты жай бермеймін.Жүргізуші: Балалар қане олай болса орманшы атамызға би билеп берейік.Би: « Қол шатыр»

Жүргізуші: Орманшы ата біздің балаларымыз билеп қоймай, әнді де жақсы айтады.Ән: « Күз »Орманшы ата: Ой, мына балалар қандай өнерлі балалар. Бір демалып қалдым. Би билеп, ән айтпағалы қашан. Балалар рахмет сендерге іздеп жүрген жапырақтарыңды берейін. Жолдарың болсын! Жүргізуші: Сау болыңыз, Орманшы ата! Күз: Балалар қане жапырақтарымызды санайық 1,2,3 олай болса бақшамызға қайтайық.(Балалар көздерін жұмып, бір айналып бақшаға қайтады). Күз: Міне ,балалар балабақшамызға да оралдық, барлық жапырақтарды таптық, енді сиқырлы сөздерімізді айтып, садығымызды ашып аламыз. Күз: Ақ сандығым ашылсын Ішінен жібек шашылсын.Әуенмен сандық ашылады. Міне сандықта ашылды, ішіндегі жеміс-жидектер сендердікі. Сендердің еңбектерің зор. Ал енді мен кетейін. Басқада балабақшаларға баруым керек.Жүргізуші: Қош болыңыз Алтын күз Жолыңыз болсын! Сізге үлкен рахмет Балалар күз мезгіліне ризашылығымызды білдіре отырып Мерекеміздің соңында тағыда күзге арналған біздің қыздарымыздың сән үлгісін тамашаланыз.(Сән үлгісі )

Жүргізуші:Осымен біздің «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Уақытарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Құттықтау сөз кезегі; Покатилов ауыл округінің әкімі: Сердалиева Лунар Ганибаловнаға беріледі.
«Қызғалдақ» бөбекжайның директоры Тлесова Анара Максотовнаға беріледі.

МКҚК «Қызғалдақ» бөбекжайы.

(Алтын күз мерекелік шара.)

Орындаған; Омаова М.Н
Тексерген;Габдуахитова Ж.Т