Т?рбие са?аты «АНА – Г?Л, АНА – ЖЫР, АНА – ?МІР ШУА?Ы»


«АНА – ГҮЛ, АНА – ЖЫР, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ»
Сабақтың мақсаты:Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,шарлар
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ән: «Анаға тілек» Г.О
 Міне аналар мейрамыда күлімдеп көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім. 
Станислав: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталдыСен деп жаздым алғаш өлең-дастандыҚуандым ба, өзің бар деп қуандым,Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.Жанарыңнан көрдім алғаш аспандыЕркелесем, бір өзіңе еркелеп,Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Бекжан:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттыңӨміріме нәрін берді ақ сүтің,Кең құшағың аясындай гүл бақтың.Ер жеткізіп елге берген баласын,Ақылдысың, ардақтысың, данасың!Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,Қайратыңнан қайта көрме, анашым
1-жүргізуші:Десек те уақытпен жарыспайды,Қиялға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып оқушылардың орындауындағы
«Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
Аружан:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,Ана деген бәйтерегі өмірдің,Ана деген алтын қазық алтын бақ!О, аналар осындайсың бәріңде, Осындайсың жасындағы кәріңде,Сыйынатын осы өмірде құдірет,Сыйынар ем ана деген тәңірге
1-жүргізуші:Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін гуілдеген үнімен білдірсе, өсе келе ерекше
сезімін энмен жеткізгісі келеді.
Би: “Жаяу”.
Аяжан:
2-жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармынӘн болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне оқушылардың орындауындағы «Мама» атты әнін қабыл алыңыздар.
Аяулым:Ана деген,ана деген бұл өмірдің  тірегі
Аналардын мөп-мөлдір ғой тілегі
Құлыным  шырылдаған ,ешбір тыным таппаған,
Ауырмасын, ауырмасын ,аналардың жүрегі.
Құттықтаймын мейрамыңмен ,аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің ,жұртың ,ұл мен жұртың бағалар.
Аружан:
Мұғалім:
 ІІ жүргізуші: Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
Көрініс: «Ана жүрегі»
 2-жүргізуші: Әлемнің жарығын,Сыйладың сен маған.Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше келесі тыңдайтындарыңыз
«Папури».
Аяулым:
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында
«Анаға тілек» Ә.Қ әнін қабыл алыңыздар!
-Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дей келе
Би:«Ризамын».
. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі ақ тілегі сәби үшін қаншама қиындықты төтеп беретін төзімділікті бәрі тек сөзге сыйып тұрғандай!  «Пародия»
Аналарға деген ыстық құрметімізге білдірейік.
Оқушылар:Менің анам алтын
 Менің де анам алтын
Аналарды құрметтеп
Қол соғыңдар жалпың
Аналар мейрамы құтты болсын!
Ән:«Сенің анаң алтын»
Хор:
Құрметтейік ,о адамдар ,аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскеншеОсымен концертіміз аяқталды.
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!