Т?рбие са?аты 8 наурыз мереке?мен


Мерекеңмен, аяулы арулар (ашық тәрбие сағаты)Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну.Ана еңбегін қадірлеу білу.Көрнекіліктер:нақыл сөздер ана туралы.Кіріспе сөз:Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мерекеңмен, аяулы арулар». Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегіні жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар.
Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», - дейді.Баланың анаға деген жай махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз. Әрине, мұндай қасиет іштен тумайды. Оны біртіндеп қалыптастыратын да ананың өзі,үйдегі басқа ересектер аға-іні, апа қарындас, ағайын,туыс, ата және т.б.Осы мәселеде аналардың өзгере де кейде қате жіберіп қояды. Мұның себептері де сан алуан. Мәселен,баланың жайын табам деп, «буынсыз жерге пышақ салып», жанын қинап, әр түрлі машақатқа түсетін аналар да жоқ емес.Балалар да аналарының бастан кешірген қайғы қасіретін жете түсіне бермейді, анаға деген құрмет, оған деген шексіз махаббат табиғи түрде қалыптасып, ыстық сезімге айналуға тиіс.Өйткені, адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке, сезімге соқпай кетпейді. Маржан:Аналарды сүйеміз,Сөзін ойға түйеміз.Әжені де ардақтап,Әдеппен бас иеміз.Әлпештеген баласын,Ана-бақыт,ана-күн.Әркім сүйіп өзініңМақтан етер анасын!
Дильназ:Ерлік еңбек атқарған,Еңбегімен мақталған,Ел сенімін ақтаған,Айналайын, ақ анам! Бізді өсіріп баптаған,Жақсы болсақ шаттанған,«Алтыным» деп мақтаған,Айналайын,ақ анам! Аяжан:
Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.
Ақбұлан:
Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз кестесіне назар аударайық
Сұңғұла:Абай Құнанбаев: «Әйел сұлу болмайды көркіменен,Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме».
Мейірім:
К.Д:Ушинский «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілеті бар».
Роза:
В.А. Сухамлинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлылығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретініне мен мың сан мәрте көз жеткіздім».
Архат:
В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы-нанның алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя».
Мақал-мәтелдерАна жақсылығын ауырсаң білерсің,Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.Анасын сүйгеннің баласын сүй.Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал.Шығармашылық жұмыс«Ана» деген сөзге оқушылар өз асоциацияларын жазу керек.
Мұғалім:«Ананың ақ сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай жүзеге асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам, өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Анаға құрмет өмір бақи терең де, шексіз болуы керек.Ана сыйламаған тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көреді.Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай келе,адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз-АНА деп білеміз!!!
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.1. Тіл не үшін керек?2. Тілдер мерекесі қашан?3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?4. Орыс тілін білу қажет пе?5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?Қортынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп, тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!