«?ош бол, ?стаз, алтын ?я мектебім!» атты Аттестат алу кеші


Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздерБүгін қандай шаттық толы кеш еді,Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,Болсын солай әрбір күнің, әр айың.Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
-Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін таратын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.(аннотация)
Құсайын Талшын-1 сыныптан 9 сыныпқа дейін оқу озаты.Аудандық пән олимпиадасынан география пәні бойынша I орын және II орын иегері.Облыстық, республикалық интеллектуалды сайыстардың жеңімпазы, интернет-олимпиада жеңімпазы,республикалық ғылыми жоба 2 орын.
Серік Мұхтар-2012-2013 оқу жылының мектеп бойынша «Үздік жыл оқушысы», аймақтық олимпиада сурет пәнінен I-дәрежелі мақтау қағазы иегері, халықаралық «Парктер-шеруі-2013» сайысының плакаттар бағамы бойынша I-орын иегері.
Замкенова Айжан-1 сыныптан 9-шы сыныпқа дейін оқу озаты.Аудандық пән олимпиадасында ағылшын тілінен 3-орын иегері, облыстық, республикалық интеллектуалды сайыстардың жеңімпазы,интернет олимпиада жеңімпазы, аудандық «Жауқазын» фестивалінің лауреаты.
Жұмагелді Төребек- интернет-олимпиада 1 орын иегері, интеллектуалды конкурстардың жеңімпазы, аудандық «Жауқазын» өнер фестивалінің лауреаты, аудандық шахмат жарысының III орын иегері.
Кәкім Темірлан-оқу екпіндісі, білімді оқушы.Аудандық пән олимпиадасында тарих пәнінен жеңімпазы,облыстық олимпиада «үздік эссе « иегері,интернет олимпиада жеңімпазы
Абилова Динара- мектеп волейбол, баскетбол құрама командасының белсенді мүшесі, интернет олимпиада жеңімпазы.
Рамазан Бернат-.Мектеп волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика құрама командасының белсенді мүшесі, аудандық жарыстардың жеңімпазы,грек-рим күресінің жеңімпазы, жүлдегері,интернет олимпиада жеңімпазы.
Сағынғали Саян- Грек-рим күресінің жеңімпазы, жүлдегері.
Сәлім Мағжан-интернет олимпиада жеңімпазы
Тыныбек Данияр- мектеп баскетбол, волейбол құрама командасының мүшесі, грек-рим күресінің жеңімпазы, жүлдегері .
Төлеухан Дәулет- грек-рим күресінің жүлдегері.
Тоқтау Жандос- грек-рим күресінен аудандық,облыстық,республикалық жарыстардың жеңімпазы,жүлдегері.
(Музыка әуенімен оқушылар сахнаға тізіліп тұрады )
Жүргізуші; Бүгінгі кеш-Сіздер үшін қымбатты түлектер!
Бүгінгі айтылар тілек, орындалар ән күй, ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сіздерге арналады
2015 жыл-Қазақ хандығының құрылғанына 550жыл, ҚР Конситуциясының 20 жылдығы,Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерей тойларымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.Күннен күнге көркейіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.1.---------------------------------------------------------2.---------------------------------------------------------3.---------------------------------------------------------.Қош келдіңіздер.Мектебімнің қиынына күйгені,Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.Сіздер үшін күйінгені, күлгені,Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Бекова Құралай Артықбаевнаға беріледі.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,Төгілген күн нұрының шапағаты,Тамылжытып ән салады.Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда ........................................ Қабыл алыңыздар!Ардақты асыл мекен мектебімеАяулы асыл жандар көп келеді.Құрметпен қонақтарға сөз берійік,Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегіқұрметті қонағымыз --------------------------------------------------------------------------- беріледіӨрендер кетті, сендерден енді балалық,Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.11 жыл оқып, білімің түсті қорланаАттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.Аттестат деген – азаматтық куәсі,Аттестат деген - өмірге берген жолдама.дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.Шығыңдар білім шыңына,Батамыз осы сендергеБолыңдар үздік тағыда,Оқуда да еңбекте- дей келе,Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Бекова Құралай Артықбаевнаға және оқу ісінің меңгерушісі Жилкайдарова Айнаш Қайырбековнаға тапсырылады.(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
Ән.............................................Қайратова Дарига. Әлі есімде әліппені ашқаным,Есіміңді есте мәңгі сақтадым.Жүрегімде нұрын құйған жылылық,Көрген емес ешқашанда суынып.Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары:Сабырбаева Бақыт Жакуповна және Дүйсенбекова Жадыра Жасатаевна.Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздарына беріледі.Сыныпты келдің басқарып,Көрмедің ойлап бас қамын.Шәкірттер жатыр ұшқалы,Өмір дегенін қас-қағым.5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісіне алғысымыз шексіз.Келесі сөз кезегі 11а сынып жетекшісі Токабаева Нұргүл Кулмухаметовнаға беріледі.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,Қолыңда шәкіртіңнің болашағыӨмірді алға қарай өрлететінСендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «.....................................» орындайтын .........................Мектепке келгелі достармен,Өтіпті талай жаз, талай қыс.Сондағы сыныптас достармен,Қалайша, қалайша тараймыз.Қаз-қатар тізулі партамыз,Тақтада ілулі картамыз.Он бір жыл білімге үйреткен,Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келеБалалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттерімізге беріледі.
Ата-ана тәрбиелеп балапаның,Әлдилеп, аялаған алақаның,Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналарынаа беріледі.Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,Ататұғын туған елге таңсыңдар.Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,Біз аспаған биіктерден асыңдар.Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілімМектеп, мектеп, шаттық толы өмірімМектеп, мектеп, әнім болып төгілдіңМектеп, мектеп,ана болып та көріндің.Ән: «.......................................» Ор:.......................................................................Қиындықтар мойытпасын сендерді,Батылдық пен асыңдар сан белдерді .Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,Жақсы іспен қуантыңдар енді елдіҚыран болып ұшыңыз,Оқуларға түсіңіз.Еңбекте көп қуанышЕлде талай туар іс.Кемелденген маман боп,Келіңіздер аман боп.Мерейлі боп күніңізМектепке кеп тұрыңыз.Сағынамыз күн сайын,Кездесейік жыл сайын.Сіздерге жалын жүрекпенАйтамыз достық тілекпен.Әрқашан сәтті жол болсынСапарларыңыз оң болсын-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.