Бастауышым — балб?ла?ым (бастауышпен ?оштасу)


Бастауышым – балбұлағым!
Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатыны, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,тәрбиелеу. Ақыл-ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстазымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігіне таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: «Бастауышым - балбұлағым», шар, компьютер.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Бастауышым – балбұлағым» және «Тілашар» атты бастауышпен және мектепалды даярлықпен қоштасу ертенгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар бастауыш сынып және мектепалды даярлық тобымен қоштасқалы тұр.
«Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіз!
Жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ортаға 4 сынып және мектепалды даярлық топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(Музыка әуенімен ортаға шығады)
Ендігі сөз кезегін мектеп директоры: Джубанышкалиева Гүлнәр Камитқызына береміз.
Жүргізуші: Иә, бүгін сізде қуаныш,бүгін сізде үлкен той. Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санаңызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағына ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақсыз.
Келесі сөз той иелеріне беріледі.
Назым: Мен оқушы боламын,
Оқып білім аламын.
Үлкен болып өссем де,
Бақшамды әлі қимаймын.
Нұрайм: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілен бестік аламын.
Аяулым: Ұқсатпа мені басқаға,
Есейдім алты жастамын.
Қош айттым енді бақшама,
Мектепке жолды бастадым.
Саягүл: Алтыға толам биыл мен,
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам,мектепке барам асыға.
Мөлдір: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді.
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмеді.
Данияр: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзін берген кеңестер.
Жанарымда асыл тартқан қара жол,
Көз жұмсамда көре-тұғын белестер.
Гүлім: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Ермахан: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздық ұлағатынан басталарын.
Жүргізуші: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың,
Ән мен шашу шашайық.
Ән: «Бала тілегі». Орындайтын МАДТ
Жүргізуші: Мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шәрбәті – тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адал – мұғалім, ұстаз» деп бекер айтпаған.
Ұстазға бауыр басқаныз,
Айналып мектеп үйіне, -дей келе 4 жыл бойы оқу дәрісін сусындатқан ұстаздарымызға жыр шашуын шашайық.
Ермахан: Кәмшат апайға!
Өмірге алғаш қадам басқанымда,
Мысқылдап мейірім төгіп жас жаныма.
Ұстазым арманыма ақ жол бастап,
Жұлдыз боп күліп тұрдың аспанымда.
Сіз менің анамдайсыз, апамдайсыз,
Мен үшін армандайсыз, алаңдайсыз.
Дүниеде сізден артық жетекшім жоқ,
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансыз.
Мөлдір: Гүлсім апай сүй деген орыс тілін,
Алыңдар шынайы терең білім.
Білесіңдер орыс тілін таза сөйлеп,
Болмайды бұл өмірде аса қиын.
Данияр: Тілді білсең ағылшын,
Мол болады табысың.
Слушаш апай біз дайынбыз,
Сіздей жақсы жан үшін.
Беруге лайық қол ұшын,
Рахмет сізге айтамыз.
Гүлім: Шәкірттеріміз беріспес,
Ән мен жырды жөн деген.
Нұргүлдей апай ұстазым,
Дауысымызды өндеген.
Данияр: Бастауышты аяқтадық нана ма,
Қалқып шықтық дариядан жағаға.
Айтамыз біз алғысымызды шексіз ғып,
Дарыны бар Роландай ағаға.
Ермахан: Сайыс болса спорттан,
Шымырлылар жеңеді.
Динара апай ұстазым,
Шынықтырған денені.
Жүргізуші: Мың бұрала билейтін,  Биді жақсы көретін.  Қыздарымыз бар біздің  Қоян биін билейтін – деп, мектепалды даярлық тобының орындауында «Жастар» биі. 
Жүргізуші: Оқыңдар ұл, қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете ұстазға, - дегендей ортада «Алғашқы ұстаз» әнімен 4-сынып оқушылары.
Жүргізуші: Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,
Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанда.
Езуінді еріксіз тартқызады,
Ал, үңіліп көрелік тамашаға.
Ертегі «Мақта қыз бен Мысық»
Бәрі хормен: Тал егеміз,
Гүл егеміз.
Өзгелерге өнегеміз,
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз.
Тату-тәтті
Бір класпыз.
Жүршгізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетеді, -дей келе, тамашалайтындарын «Вальс»
Жүргізуші: Па,шіркін! Осы екен ғой би деген,
Мың бұралып айналған көркіменен.
Қайта бір табысқандай жазығында,
Детство биіне де келді кезек.
Би: «Детство»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,
Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқынан, ата-анадан бата алады,
Ортаға шақырайық ата-ананы, - дей келе ата-аналарға сөз кезегін береміз.
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
 
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Жүргізуші: : Қоштасып тұрып қимадым,
Парасат,білім жинағым.
Бастауыш мектеп сырласым,
Сен маған білім сыйладың. - дегендей.
Хор: «Мектебім»
Жүргізуші: Ашық болсы нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамын сендерді,
Қош бастауыш , қош ұстазым деп тұрып.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі біздің дайындаған ертеңгілігімізде өз мәресіне жетті. Әрқашан да бейне жарқын жүздеріңізден күлкі кетпей, арамызда аман-есен жүріңіздер. Шәкірттеріміз биік шыңдардан көрініп,жетістіктерге жетіп бізді қуанта берсің. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, елбасымыз аман болғай. Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Келесі кездесекенше сау – саламатта болыңыздар!