?ош келді? — Наурыз ерте?гілік (Балаба?ша)


"Бекітемін"
Атамұра-Орда балабақшасының
меңгерушісі Б.Тасбергенова.
Тақырыбы: "Қош келдің, Әз-Наурыз"
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Ұлттық өнерін паш ету.
Нені игереді: Көктем мезгілінің ерекшелігін, үш тілде тақпақ айту туралы тілдерін дамытады, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды игереді.
Пән аралық дамыту: тіл дамыту, айналамен танысу, шығармашылық өнер, орыс тілі, көркем әдебиет, ағылшын тілі.
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Бибісара ханым шашу шашады.

Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар, үлкен кіші ағайын! Наурыз "жаңа күн"деген сөз. Бұл күн біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын. Бейбіт заман! Ағайын-жұрт тегіс аман болсын!

Ендеше сөз кезегін "Атамұра-орда" балабақшасының құрылтайшысы Серікбай мырзаға және балабақша меңгерушісі Ботагөз ханымға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Құрт-бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір-бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын деп алдарыңызда Серікбай А орындауында "Мереке" әні.

Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра деп алдарыңызда қыздарымыздың орындауында "Домбыра" биі: Ақтілек, Инабат, Айару, Диана.

Жүргізуші: О жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз тойы басталды
Жайым жоқ тосып амалдар
Терме жырлар есілсін
Арадағы араздық
Татулықпен шешілсін.
Балабақшаның бүлдіршіні Бағжанның орындауында "Балапан" әні қабыл алыңыздар.
Інжу: Уа, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Берік: Қарық қып құтты Наурыз!
Қазанға толсын сары уыз
Қайнасын наурыз көже де
Толтырып ішкей кесеңе
Нұрасыл: Малдар төлдеп, қой қоздап
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Басталыпты Наурыздан
Нұриман Ш: Ұлыстың ұлы күнінде
Көппен бірге күлімде
Көбейсін жаң достарың
Молайсын елге қосқаның
Жүргізуші: Елін қорғап, кең байдақ жерін қорғап
Ұрпағына аманат еткен, ол біздің қазақтың батырлары. Қанекей, ұлдарымыздың "Батырлар" биін тамашалаңыздар. Айсұлтан, Нұрғиса, Бексұлтан, Мирас, Ерсайын, Әбдімансұр.

Жүргізуші: Бала деген салтанатың,
Жарығың ол сөнбейтұғын жәннатің,
Шөлдеп келсең, шаршап келсең үйіңе,
Сусының ол сүйсен мейірім қанатын.
Балалардың орындауында "Қуыршақ" әні: Жасұлан, Нүргүл, Гаухар, Інжу, Аяулым, Айару, Каусар, Райым.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз Қуыршақ биін билейді. Қабыл алыңыздар.
Даная, Каусар.

Қайрат. Күй мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Нұрғиса: Clean the blackboard
clean the door
clean the tаbleclean the floor.
Ерсайын: Hickety, pickety, my plack cat
like to sit in my blue hat
Айсұлтан: My family
I have a father
I have a mother
I have a sister
I have a brother
father mother, sister, brother
hand in hand with one another

Ағылшын тілінде ән. Бағжан, Мирас, Бексұлтан My boniАнеля: В степи, на жайляу,
Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.

Жүргізуші: Біз қазақ елі қонақ жай тату елміз, Еліміз бірнеше өкілдерден тұрады. соның бірі орыс халқы. Орыс биі "Калинка" Анеля

Гаухар: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық
Дінмұхамбет: Ән менен күй жарасқан,
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан ақ құсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
Нұрияның орындалуында өзбек биі:

Жүргізуші: Қонақтар екі ауылдың әкімі Сейілов Медет, Арысбаев Бауыржан мырзаларға құттықтау сөз берейік. Балабақша басшыларына алғыс хат беріп шапан жапты.

Алуа: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге нұр болып,
Аққа аузымыз толады
Бір жақсылық болады.
Жүргізуші: Той томалақта айтыс болады, айтыс десе қызыл тіл сайраған. Қыз бен жігіт айтысына кезек берейік. Бағжан мен Бексұлтан айтысы.

Бағжан: Армысың қошақанның асыл ері
Айтыссаң Бағжан қызбен келші бері
Халқымның төл мейрамы Әз -Наурызға
Тартуын дайындаған бар ма еді? (Угай-ай 6 рет)

Бексұлтан: Қарлығаштың қош көрдік ай хас сұлуын
Алып келдім наурызға айтыс туын ( хайлайлім 4 рет)
Жиналған жұрт бүгінгі ай Әз-Наурызға
Екеумізге төксінші жан жылуын ( хайлайлім 4 рет)
Бағжан: Жаңа жыл халқымызға құтты болсын
Ақ мол болып отанымда нан көп болсын
Келген жұрт осы тойға риза болып
Ниетпен шапалақты ұрып қойсын. (Угай-ай 6 рет)
Бексұлтан: Атамұрам көркейіп ай, балабақшам
Әрқашанда аман бол Серік атам ( хайлайлім 4 рет)
Қамажай биі: Інжу, Айару, Аяулым, Мөлдір.

Балабақша тәрбиеленушілері егіз қыз Назерке мен Жанеркенің орындауында "Қара жорға" биі:
Жүргізуші: Халқымның жері де бай, рухы да бай, салт-дәстүрге бай екенін әлем біледі. Шілдехана бесік той, тұсау кесер, сүндет той, құда түсу, сырға салу, беташар т.б. дәстүріміз.

Нүргүл: Бесікке салу - бала таза, жылы жатсын, ұйқысы тыныш болсын деген ниетпен бесікке бөлейді. Бесікке баланы аузы дуалы, беделді әжелерге салдыртады. Оларға кәде сый беріледі.
Бесікке салу рәсімі әжелер Бағжан, Ақтілек, келін Айару.
Тұсау кесер рәсімі Серік атасы Самал қызымыздың тұсауын кеседі.
Мөлдір: Ашылды да кебеже дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге жеті түрлі ас салды.
Абылай: Арпа бидай бастаған
Жеті дәннен аспаған
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.
Сырым: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын,
Қораң толған мал болсын.
Жүргізуші: Екі ауылдың көрермендері болып отқан тұрғындары Абай ауылы тұрғыны Абдирова Бибінұр және Қарауылтөбе тұрғына Алпысова Калия құттықтау сөздерін айтып, ән шашуларын қабыл алыңыздар.

Жасұлан: Ошақта көп шоқ әлі
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ.
Қазан аузы жоғары
Айбар: Жеті ата - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жүргізуші: Бізұлтжанды елміз. Қазағым деп жүрегі лүпілдеген жігіттеріміздің биі. Е.Құдайбергеновтің "Біздің қазақ жігіттері" әніне билейтіндер:
Айбар, Нұриман, Райым, Шахмардан, Нұрасыл, Ердос, Ардақ, Әбдімансұр, Дінмұхамед, Жасұлан, Бексұлтан, Нұриман Ш.

Ұлттық ойындарға кезек берейік. Қазақтың ұлттық ойындарына көкпар, Алтыбақан тебу, қыз қуу, арқан тарту, күрес, асық ойнау т.б. жатады.

Кәусар: Қыз қуу ұлттық ойынының шартын айтып шығады.
Инабат Әбдімансұр қатысады.
Арқан тартыс ұйымдастырушы Серік ағай. Абай ауылы мен Қаруылтөбе ауылының балалары арқан тартады.
Асық ойнау: Бір топ балалар.
Өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар үлестіріледі. Екі елді мекеннің тәрбиеленуші балалардың ата-аналарына арқан тарту сайысы ұйымдастырылып, жеңген ата-аналарға сыйлық таратылады.

Серік ағай: Бір тал кессең он тал ек демекші ата бабамыз көктем шықса тал отырғызған. Балабақшамызда жүз баланың бас-басына арнап ағаш шыбығын отырғыздық және екі елді мекенінің әкімдерінің бір -бір талдан отырғызуларын ұсынамыз.
Жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім шалқып әнім,
Наурыз силап қуаныш бақыт нәрін,
Ұлыстан соң күтіп тұр ұлыс күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел бәрің бәрің.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен асы - Наурыз көже екенін білесіздерме. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Наурыз көже жеті түрлі астан жасалады. Дәруменге бай азықтар. Оның мәні жаңа жылда тоқшылық, молшылық татымды өмір болсын дегенді паш етеді.
Наурыз көжеден дәм татыңыздар, дастарханға жайғасыңыздар.


"Құтты болсын Әз - Наурыз" атты мерекелік іс-шара
АНЫҚТАМА
Наурыз жаңа жыл мерекесіне байланысты "Атамұра-Орда" блабақшасында барлық қызметкерлердің ұйымдастыруымен "Қош келдің Әз - Наурыз" мерекелік ертеңгілігі ашық аспан аясында өтті.
Мерекелік іс шараға екі елді мекеннің Абай және Қарауылтөбе ауылдарының әкімдері және олардың орынбасарлары қонаққа келді, сонымен қатар барлық тәрбиеленуші балалардың ата-аналары қатысты, басқа да жасы үлкен қариялар қатысты.
Балалар дәстүрлі мерекемізді салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын паш ете отырып, өнерлерін төкті. Қазақстан көп ұлтты халық сондықтан, орыс, өзбек, қазақ т.б ұлттар билерін тамаша билеп шықты, әсіресе ұлт жанды ұлдарымыз Е.Құдайбергеновдің патриоттық әніне жанын салып биледі. Кішкентай бүлдіршіндеріміз Қамажай, Қара жорға, Батырлар биін ерекше орындады, қазақша, орысша, ағылшынша тақпақтар мен өлеңдерін жақсы айтып шықты.
Әкімдер басшыларды құрметтеп, ризшылығын білдіріп алғыс хаттар жолдады, ал балабақша меңгерушісі мен әдіскері белсене араласқан бүлдіршіндерге алғыс хаттармен марапаттады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарыда құр қарап қалған жоқ, ән шашуларын шашты.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дегендей тәрбиеленіп жатқан жүз балаға арнап ағаш отырғызылып, оған әкімдерде үлесін қосты.
Салт-дәстүрімізден тұсау кесу, қыз қуу, бесік салу, алтыбақан тебу, арқан тарту, күрес, асық ату орындалды.
"Ас - адамның арқауы" деген үлкен қазанмен Наурыз көже қайнатылып, дастархан жайылды. Би билеп, ән салынды.
Жасы үлкен тоқсанға келген қариямыз батасын берді.
Іс шараның соңында өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар үлестірілумен аяқталды.
Әдіскер А.Тажимбетова