Саба?ты? та?ырыбы Наурыз тойы-елді? тойы


Күні: 19.03.2016
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Наурыз тойы-елдің тойы»
Мақсаты: Балаларға ұлтымыздың Наурыз мерекесі және оны елімізде қалай атап өтетінін таныстыру.Ұлттық салт-дәстүрлерді бәлуге оларды мақтан тұтып қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық тағамдар, буклеттер, ұлттық киімдер, макеттер ұл-қыздың.
1-жүргізуші Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Осыменен жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
2-жүргізуші Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп,
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер,- дей келе ортаға Ұызыр бабамызды шақырамыз.
Қызыр баба; Ау, аманба жарандар!
Наурыз келді қараңдар.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Ұарсы алайық тұрыңдар!
Шашу; Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.2-жүргізуші Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Пәле-жала жерге енсін!
(Екеуі төс қағыстырып амандасады)
1-жүргізуші Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
2-жүргізуші Ұлыс бақытты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!,- дей келе бағдарламамызды Наурыз туралы әнге бермесек болмайды.Мектеп алды даярлық тобының орындауындағы «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Наурыз»
1-жүргізуші Аға есікке қараңызшы, сіз қонақ шақырыппа едіңіз?
2-жүргізуші Жоқ мен ешкімді шақырмадым.Тек балалар мен ата-аналар ғана болатын.Бұл кім болды екен?
2-жүргізуші А,а бұл Қожанасыр ғой
Қожанасыр; Ой, халайық,халайық
Әсем әнге салайық
Арайы бар баланың
Амансызба, жаңа күн!
Сәлем халқым тірегім,
Сендермен бір жүрегім,
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!
1-жүргізуші Армысың Қожанасыр!
Қуаныш боп кір, төрлет
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый-құрмет
Келесі кезекте балардың орындауындағы ұлт
Аспаптар оркестірін тамашалайық
Ұлт аспаптар оркестірі
Қожанасыр; Ой мынау кім? Мынау әлгі Алдар
ғой. Байқандар құрметті ата-аналар алданып
қалып, құры қол қалмаңыздар.
Алдар Көсе; Салем, Наурыз гүліміз!
Қуанышты күніміз!
Салем,Қызыр бабамыз,
Қожанасыр ағамыз
Алдармын мен көсемін
Айтар сөзге Көсеммін
Алдап, сараң байлардың
Айықтырғам «кесемін».