Ересек тобына арнал?ан ерте?гілік Та?ырыбы: Талаптары? таудай, ?анаттарын талмай, биіктерге сам?а?дар!
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Талаптарың таудай, қанаттарың талмай,
биіктерге самғаңдар!»
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар!
«№7 «Ақ бота» ясли- бақшасының «Алтын балық» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз. Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді.
Барлығы:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)
Кәусар:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар!
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
Саша:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр толар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алансыз балғын шақты балалар.
Мадияр: Күлімдеген көзі, Күннің нұрындай.Әділжан: Мен ол көзді танитын сияқтымын.Мадияр: Қой,ей, ол кім болды екен?Әділжан: «Күнім»- деген сөзі Ақын жырындай-әрине біздің апайымыз Гульнар Токенқызы.Мадияр: Бірақ, Гульнар Төкенқызы қайда? Әділжан: Олай болса Мадияр, бүгінгі қоштасу кешімізді бастамай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайымыз Гульнар Токенқызын ортаға шақырайық!
Ортаға тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады
1.Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым, Бақшамыздан тәрбие алғандарым. Енді міне ер жетіп бәрің бірге, Достарыңмен мектепке барғандарың.Қайырмасы.Балаларым балапан балғындарым , 2 ретКілең беске оқыңдар жарқындарым.
2.Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар Барлығыңда болашаққа аттаныңдар Аттаныңдар жұптарың жазылмасын Ешқандайда қиындық жолықпасын
Қайырмасы.Балаларым балапан балғындарым, 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
3.Құтты болсын ата-ана мерекеңмен
Өмірлерің сән болсын берекелі
Аман болсын әрқашан ұрпағымыз
Жарқын болсын балалар болашағы
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Өсті ақыл- ойларың,
Өсті міне бойларың.Қуанышты бүгінгі,Құтты болсын тойларың!
Ортаға Медина мен Ерсұлтан шығады
Медина: Ерсұлтан, сен осы жұлдыздар дегенді қалай түсінесің?
Ерсұлтан: Жұлдыз - ол аспан әлеміндегі миллиондаған бірнеше жарықтар ғой.
Медина: Оны мен де білемін, бірақ адамдарды жұлдыздар деп айтуға бола ма?
Ерсұлтан: Қыз балаға Жұлдыз, Жұлдызай деп ат қояды. Өнерлі адамға жұлдыз деп айтуға болады.
Медина: Ал, сен балабақшаны неге ұқсатар едің?
Ерсұлтан: Мен балабақшаны, үлкен фабрикаға немесе зауытқа ұқсатар едім.
Медина: Ол неткен зауыт, сонда мұнда не істеп шығарады.
Ерсұлтан: Мүмкін киімдер, мүмкін көрпе төсектер, мүмкін асыл бұйымдар, мүмкін қымбат жиһаздар.
Медина: Мүмкін, бұл фабрика - үйренетін әрі ойнайтын талантты балалар фабрикасы болар.
Ерсұлтан: Ия, ол да мүмкін. Бұл жерде кішкентай жұлдыздар көл жүзіне самғар.
Барлығы: Біздің балабақша жұлдыздар фабрикасы.
Тақпақтар (Замира, Нарлан, Таңат, Нұрислям, Альмира, Асанали, Аружан, Ералы, Раймбек, Айзере, Алима)
Ән: «Біз оқушылармыз»
Жүргізуші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
Бойы да өскен, ойы да өскен, шат бәрі, Барлығы да бақшамыздың мақтаны. Еркелеген кешегі ұяң балдырған, Ұл-қыз болды талап отын жандырған.
(Балалар парларымен ортаға келіп, бастарын иеді, орындарына отырады)
(қыздарды аққу биіне киіндіру)
(Ерсұлтан шығып кетеді)
Дауыстап қария кіреді: Алпамыс! Ау, Алпамыс, қайдасың? Амансыңдар ма, балаларым? Менің немеремді көрмедіңдер ме? Балалар мектепке баруға дайындалып жатыр дегенді естіп, оның тынышы кетті. «Мен де мектепке барамын»- деп, әбден есімізді шығарды. Өзі беске күзде ғана толады. Саған әлі ерте десек, түсінбейді.. Өзі әріптерді, сандарды өз бетінше үйреніп алған. Мектепте оқимын деп бізге дес бермейді.
Алпамыс: Ата, мен мұндамын!
Атасы: Айналайын балашым, таң ата салысымен қайда барасың?
Алпамыс: Мен мектепке барамын! Оқуды да білемін, жазуды да білемін, санауды да білемін!Мен тек бестік қана алатын боламын. (Жүргізушіге қарайды)
Апай, сіз мені мектепке аласыз ба? Мен оқуды да, жазуды да білемін. Қосып, азайтуды да білемін! (Зуылдатып айта жөнеледі) 1+1=2, 2+2=4, 3+3=6
Жүргізуші: Жарайды, жарайды Алпамыс тоқта. Айналайын Алпамыс, саған мектепке бару үшін көп дайындық керек. Атаңның сөзіне құлақ сал, үлкендерді тыңдау керек. Алтыға толған соң, сені мектепке алады. Әзірге сәл сабыр ет. Біздің балалар бүгін алтын ұя балабақшаларымен қоштасқалы жатыр. Олар балабақшада көп жақсы нәрселер үйренді.
Атаң екеуің отырып біздің ертеңгілігімізді тамашалаңдар. Қалай балалар, Алпамысты қатарымызға аламыз ба?
Балалар: Ия!
Нарлан:
Жүргізуші: Олай болса, Алпамысқа балабақшаның не екенін айтып берейік.
Нұрислям: Балабақша, балабақша, Неге олай айтады?
Қарақат: Өйткені, онда бәрі дос, Бір жанұяда өседі, Сондықтан да айтады: Балабақшам, балабақшам!
Дияр: Здесь мы делаем зарядку, Ложкой правильно едим, Приучаемся к порядку! Детский сад необходим!
Асанали: Учим мы стихи и песни, В нашей группе дошколят! Места нет для нас чудесней! Чем любимый детский сад!
Жүргізуші: Шіркін ай әнші, жыршы, күйшілер – ай, Сұлу әуен көңілге құйсын арай. Аққу құстай құйқылжытып, Мың бұралған қазақтың бишілері–ай!- деп кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Аққулар» (Штор жабылады)
(Кәусар, Нұрислям, Саша, Дияр, Патша, Аружан - дайын туру керек)
Ата: Керемет! Менің көңілім толды. Алпамысты сендерге тапсырдым. Мен сендерге бос келген жоқпын. Сендер мектепке барады дегенді естіп, балаларға таңқаларлық ғажайыптар көрсетейін деп келдім.
Жүргізуші: Ата, ғылым әлемінде ертегілердей қиял ғажайып деген болмайды ғой. Менің білуімше, қиял тек ертегіде, ғажайыптар өмірінде болады.
Ата: Е, балам! Ертегі деген қиял ғана емес, онда да шындық бар. Сенбесең ертегілер әлемін аралатып кереметтерін көрсетейін.
Жүргізуші: Ата, ертегілер әлеміне қалай бара аламыз?
Ата: Ертегілер еліне барғыларың келсе, мына менің домбырамды қолыңа ал, бұл сиқырлы домбыра саған көмектеседі. (Ата домбырасын береді). Кәне бәрің көздеріңді жұмыңдар. Домбыраның үнімен ертегілер еліне барасыңдар. (Күй ойналады, балалар көздерін жұмады).
Осы кезде штор ашылады.
«Әліппе патшалығы» деген сөз жазылған, екі жағында екі күзетші тұрады.
Бір қыз бен ұл бала қол ұстасып келе жатады.
Ұл: Біз қайда тап болдық? Қандай сиқырлы орман? Мұнда бір сиқырлы керемет бар.
Қыз: Қандай қызық ғажайып. Ал, бұл елде кім тұрады екен?
1 күзетші: Тоқта келе жатқан кім?
2 күзетші: Әрі қарай жол жоқ. (Екі бала қорқып артқа шегінеді)
Қыз: Сәлеметсіздер ме! Ұл: Қайырлы күн!
Қыз: Сіздер біздің қайда келгенімізді айтасыздар ма?
1 күзетші: Қалай, сендер білмейсіңдер ме? Бұл сиқырлы «Әліппе патшалығы».
Қыз: Әліппе патшалығы? Онда шын нағыз патша тұра ма?
2 күзетші: Ия! Құрметті Әліппе патшасы және Ханшайым.
Осы кезде хан кіреді, Ханшайым артынан жылап кіреді.
Патша: Мынау біздің қызымыз, оқымаймын деп қиқарлық жасайды. Бұл қырсық қызды не істейміз? Ешқандай әріптерді білмейді, сондықтан әріптердің бәрі қашып кеткен.
Ханшайым: Оқығым келмейді, әріптерге қарағым да келмейді. Олар жаман.
Жүргізуші: Хан ием! Сізге көмектесуге рұқсат етіңіз.
Осы кезде тағы да Ханшайым жылайды.
Патша: Мінеки тағы да жылау басталды. Ой менің басым! Болды мен кетемін.
Жүргізуші: Балалар, қанеки Ханшайымның көңілін көтерейікші. Мүмкін біздің балалар ағылшынша тақпақ, ән айтып берсе Ханшайымның көңілі көтеріліп қалар.
Ағылшынша тақпақтар, ән (отырады)
Жүргізуші: Жоқ, Ханшайымның көңілі әлі көтерілмеген сияқты. Олай болса, біздің әңші қыздарымыз көмектесетін шығар.
Мерекеде сызылтып ән салады,Ән айтып би де билеп жан салады.Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: «Семейім» (Кәусар мен Мединаның орындауында).
(Ән айтылып жатқанда Таңат –аю, Алима – Маша киімін киеді)
Жүргізуші: Мінеки, біздің Ханшайымымыз жылағанын қойды және біздің балалар ұнап қалған сияқты. Бірақ әріптерді қайтару үшін сіздерге сиқырлы «Әліппе» кітабы керек. Хан ием, әліппені осында алып келуге бұйрық беріңізші!
Хан: Сиқырлы әліппені алып келіңдер!
1 бала (орнында отырып): Хан ием, сиқырлы кітап жоғалып кетті.
Хан: Қалай жоғалып кетті ?
Ханшайым: А а а..
Хан: Ой, сорлы басым – ай!
Жүргізуші: Ханға қалай көмектессек болады екен?
Осы кезде көңілді әуенмен Маша мен Аю келеді.
Маша: Аю деймін, жүрші ойнашы менімен.
Аю: Ой, Маша мен шаршадым. Сен одан да мына балалармен сабаққа дайындалсаңшы.
Жүргізуші: Аю, біздің мерекемізге қош келдің , сендердің көмектерің керек.
Аю: Сендер Машаны сабаққа дайындасаңдар мен сендерге көмектесемін.
Ойын: «Әріптерден сөз құрастыр»
3 тақта керек және әріптер (Кәусар, Саша, Ерсұлтан)
Маша: Сендерге қарап өзім үшін қатты ұялып тұрмын. Мен сияқты болмаңдар балалар! Қой, менде мектепке барайын! Аю жүрші мені мектепке апаршы!
Аю: Қандай ақылды, тапқыр балаларсыңдар! Өмірлерің тәтті болсын деп, өзімнің ең қымбат сыйлығымды беремін (балдың ыдысын береді). Сауытты сақтап ішіндегі әріпті оқыңдар.
(көңілді әуенмен шығып кетеді). Ә, Л әрпі
Жүргізуші: Рахмет саған аю! Сендер де біздің қонағымыз болыңдар. Ал, балалар Аю мен Машаға біз ән тарту етейік.
Ән: «Біз тәртіпті боламыз»
(Қыздар - Русалка киеді)
Теңіздер толқиды, толқиды.
Шулап келіп ойнайды.
Көк түс болып белгі беріп
Су перісі шығады.
(Ұлдар теңізге шығады материалды ұстауға)
Би: «Су перісі» (киімдерін ауыстырады)
Су перісі: Мен сендерге сәлем берем! Сендер мені танисыңдар ма? Мен су астындағы Су перісі боламын.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Су перісі! Балаларға көмектесші, әліппені қайдан іздеп табуға болады?
Балық: Сендер ертегі еліне бекер келген жоқсыңдар, мен сендерге көмектесемін, бірақ сендер мені көңілдендірулерің керек.
Жалғыз жүзіп теңізде,
Жалықтым мен бәрінен.
Ойын ойнап би билеп,
Көңілденгім келеді.
Жүргізуші: Кәнекей балалар, Су перісін көңілдендірейік пе?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Олай болса Су перісі, балалардың бүгінгі қуанышты күнге арналған тілектерін тыңдайық..
Тақпақтар: (Маржан, Аделя, Мадияр Қ, Раймбек, Назар, Нұртілеу, Медина)
Ән: «Оқуда озат боламын»
(Альмира Қызыл телпек киіп дайын тұру керек)
Су перісі: Рахмет балалар, менің көңілімді көтердіңдер. Ал, енді сендерге өз сыйлығымды берейін.
(Жүргізушіге оракалдан жасалған өз маскасын әріптермен береді) І, Е әрпі
Жүргізуші: Рахмет саған Су перісі. Ал, енді біз басқа ертегі еліне барайық.
Келесі ертегі кейіпкері кім екен?
Балалар: «Қызыл телпек» ертегісі!
Залға көңілді әуенмен Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер кімсіңдер?
Жүргізуші: Біз №7 «Ақ бота» балабақшасының түлектеріміз. Қызыл телпек, сиқырлы әліппені қалай табу керектігін білесің бе?
Қызыл телпек: Алдымен менің тапсырмаларымды орындаңдар.
Ойын: «Тиісті санды тап»
Ата-аналармен ойын: «Шатасқан сандар»
(Ойын ойналып жатқанда құтқарушылар киіну керек)
Ән: «Армансыз күнім болмайды» Кәусар мен анасы
Қызыл телпек: Жарайсыңдар, тапқыр екенсіңдер! Олай болса, менде сендерге көмектесейін. Міне менің сыйлығым (себетпен бәліш береді, ішінде екі П әрпі болады).
Жүргізуші: Рахмет саған Қызыл телпек, сенде біздің қонағымыз бол. Ал, біз Қызыл телпекке арнап көңілді би билеп берейік.
Би: «Құтқарушылар»
Жүргізуші: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Ал, құрметті балалар, қонақтар! Енді назарларыңызды экранға аударыңыздар. Балалардың балабақшада өткен өмірлерін еске түсірейік.
Видео: «Балалардың бал мекені»
(Құтқарушылар киімдерін ауыстырады) (каратэ киеді)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі мереке сіздердікі, олай болса, мерекемізді жалғастырайық.
Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым -сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгінде.
Әке мен қыз биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Балалар, біз ертегі еліне бекер барған жоқпыз, мына әріптер сиқырлы екен, осы әріптерден сөз құрауға болады, бірақ қандай сөз құрауға болады екен? Қане, кім құрастырып береді?
(бір бала тақтаға шығып, «Әліппе» деген сөзді құрастырады)
Балалар бәрі бірге: ӘЛІППЕ
Жүргізуші: Мінеки балалар, бірге мектепке баратын сәт келді ғой деймін. Білім әлеміне сендер онда өздеріңнің алғашқы әліппе кітабын қолыңа аласыңдар. Олай болса біздің балабақшамен және балалар мен қоштасатын кез келді.
Ән: «Әліппе» (қолдарына әріптерді беру)
(вальске барып тұрады)
Жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.
Би: «Вальс»
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтауға, балабақшамыздың бітіріп кеткен түлектері келіп отыр. Сөз кезегі өздеріңде.
Жүргізуші:
Тәрбие алған бақшамен,
Қоштасайық біз енді.
Қимасақ та бақшаны,
Шырқатайық бұл әнді!
Тақпақтар (орысша)
Ән: «Досвиданья, детский сад!» (отырады)
(жарты шеңберге тұрады)
Жүргізуші:
Оқимыз білім аламызБолашақ жолын саламызБақшаменен қоштасыпБіріншіге барамыз – деп, енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек
(Балалардың қолдарына гүл беру)
Тақпақтар
(Ерсұлтан, Кәусар, Алима, Мадияр, Аружан, Таңат, Қарақат, Нарлан)
Жүргізуші: Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектеріне ақ жол тілеп, лебізін білдіруге балабақша меңгерушісі Байскакова Дилдаш Секенқызына сөз береміз.
Марапаттау (грамоталар тарату, диплом, виньетка тапсыру,)
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды. Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер, Өздеріңмен қоштасатын күн туды. Бізден ұшып талмай қанат қағындар, Жүректерден арман отын жағындар. Жақсы оқып алтын ұя мектепте, Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар. Бәріңді де сәбиім деп сүйетін, Өздеріңді сағынып біз жүрейік. Құтты болсын қадамдарың аттаған, Біз сендерге сәтті сапар тілейік!