Презентация по информатике на тему Corel Draw ба?дарламасында «Мемлекеттік н?мірлі авток?лік салпынша?ын жасау». (10 класс)



№1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Corel Draw бағдарламасында
«Мемлекеттік нөмірлі автокөлік салпыншағын жасау».
Орындаған: Берекетова Г.
Сыныбы: 10 «А»

Жаңаөзен қаласы 2015/2016 оқу жылы
Сайыстың тақырыбы: Corel Draw бағдарламасында «Мемлекеттік нөмірлі автокөлік салпыншағын жасау».
Мақсаты:
Оқушы талғамына сай, қазіргі заманда жастардың техникаға құштарлығы артуына байланысты, осы салпаншақты ойлап тапқандағы мақсатым: егер автокөліктің кілтін жоғалтып алса, нөмірімен оңай тауып алуға болады. Әшекей екі жақты: бірінші бетінде нөмір мен Қазақстан Республикасының көк туы және «kz» сөзі жазылған болса, екінші бетінде машинаның
маркасы жазылған. Біріншіден, әшекей кілтке тағуға икемді, әрі жеңіл, екіншіден, түсіп қалса, оңай табуға, ұқыпты, шағын етіп жасалған, қалтаға да, портмонеге немесе куәліктің арасына да сыйып кетеді. Үшіншіден,
ашекейдің сырты фосформен қапталғандықтан қараңғы жерде жылдам тауып алуға болады.
Жаңа технологияларды оқып үйренумен қатар, оларды қолдану кез келген білім ошақтарында жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырала бастады. Технологияның жетіліп дамығаны сондай сыртқы ақпараттарды да компьютерге еңгізіп, оны өңдеп, қайтадан сыртқа шығару мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отырмыз. Жаңа технологиялық әдістерді тек теориялық тұрғыда ғана қарастырмауымыз керек, оны оқып үйренудегі білімімізді тәжірибелік тұрғыда, яғни күнделікті тұрмыста, үйде, немесе басқа да өндіріс салаларында қолдана білгеніміз жөн. Жаңа технологияларды меңгере отырып, жұмыс жасау үшін басты міндеттердің бірі компьютердің барлық жұмыс жасау мүмкіндіктері мен бағдарламалардың қамсыздандыру ерекшеліктеріне, қолданушы үшін компьютерге қойылатын талаптарға сай жұмыс жасауы қажет. Осындай үлкен алға қойылған бүгінгі күннің талаптарынан болашаққа деген қөзқарас, технологияны меңгеруге деген талпыныс, қызығушылық арта түспек.
Бүгінгі күні суреттер, тақырыптарды әдемілеп безендіру, фотосуреттер сияқты графиқалық объектілерсіз құжаттар дайындау мүмкін емес.
Сандық мәліметтерді өңдеу, тақырып түрінде хабарламалар жасау жұмыстарымен қатар бүгінгі күні әр түлі безендіру жұмыстарын жүргізуде және мәліметтерді беріп қана қоймай көзге әсер ететіндей графиктермен құжаттар жасау үшін жақсы құралдар қажет.Осы талапты орындайтын қажетті құралға - СоrelDraw бағдарламасы жатады. Corel фирмасының бағдарламалық құралын қазіргі жинақтаудың негізін құрайтын CorelDraw бағдарламасы 2002 жылы тамызда шығарылды. Ол он екі жылдық эволюцияның жемісі болып табылады, тамаша әмбебаптылық пен қуаттылықты қамтиды,өнеркәсіптік дизайнда және жарнамалық өнім шығаруда да хабарламалар дайындауда және Web – парақтар үшін бейнелер жасауда тең дәрежеде пайдалы болып табылады.
CorelDraw – дизайнерге, веб-беттерін дайындаушыларға және суретшілерге таптырмайтын көмекші. Графикамен ойнауды жақсы көретін пайдаланушылардың көпшілігіне бұл бағдарлама өте пайдалы. Осы бағдарламаны игеруге жұмсалған күштері есесімен қайтарылады.
CorelDraw пайдаланушыларға жеке дайындалуға өте ыңғайлы, көп түрлі құрал аспаптар жиынтығын ұсынады және жасалған графикалық объектілерді толық игеруге мүмкіншілік туғызады. Бұнда жаңа бастаған пайдаланушы немесе тәжірибесі мол машықтанған шебер де күнделікті өзіне бір жаңалық ашып отырады.
CorelDraw жинағының қуатын әр түрлі косымша бағдарламалармен қатар Corel PHOTO-PAINT бағдарламасы арттыра түседі Corel PHOTO-PAINT-растравой графиктерімен жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарлама.(Осы тарауда осы бағдарлама ) және CorelDraw-3D(үш өлшемді графикалық модельдеу) қысқаша атап өтілген.
Corel PHOTO-PAINT бейнелеуге және анимациялауға арналған көп функционалды бағдарламаны құрастырады








Қорытынды: Бұл мемлекеттік нөмірлі автокөлік салпыншағын әрбір автокөлігі бар адамға қолдануға тиімді, оңтайлы, икемді әрі әдемі дүние деп ұсынамын.