Математикадан кіріктіру саба?ы 6 саны ж?не цифры 
                                                 Математика 1сынып
37-нші сабақ                                                               күні_______________                                                           
Тақырыбы:         6 саны және цифры
Мақсаты:                  
оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның  сандар қатарындағы орны туралы  білімдерін қалыптастыру; 
геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін  бекітуге және зейіндерін дамыту;
таза, әдемі жазуға жаттықтыру. Бір- бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:   сұрақ-жауап,  ой туғызу, ойын түрлерін пайдалану
Пән аралық байланыс:   күнделікті өмірмен
Көнекіліктер және ТҚЖ:  интерактивті тақта, заттық суреттер топтамасы
Қолданылатын технологиялар:   ойын технологиясы
Сабақтың типы:   жаңа сабақ 
                                    Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.  Ауызша жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. 1-5 сандарының құрамы қайталанылады. Ойындар:Кімнің үйі? Не өзгерді? Көршісін ата. Сандар реті.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтамен жұмыс.  Тақтаға 5 тікұшақтың суреті  ілінеді.  Неше тікұшақ көріп тұрсыңдар? Тағы бір тікұшақ ұшып келеді. Нешеу болды? 6 саны қалай шықты? Тақ не жұп екенін анықтау.
Қорытынды: «5-тен кейін 6 тұрады» Сан сәулесіндегі  орнын көрсетеді. 5+1=6
Бестен кейін тұрағым,
Есікте мен тұрамын.
Кім болмаса ашатын,
Сол орында  тұрамын (6 саны , құлып)
Сан тізбегі бойынша тура және кері санау.
ІV. Сергіту сәті .                                                                                                                                                                      
Оқулықпен жұмыс. 62-63бет.  Оқулықпен жұмыс.№1 тапсырма. Назар аудару. 5 қызыл, бір үшбұрыш бар. Мысалдар төртігін құрастырылады. Қосуға кері амал азайту. Амалдардың компонентерін атау.
5 қызыл  1көк 4 қызыл  
2 көк
5+...=6 4+...=6
...+5 =6 ...+4 =6
6-...=... 6-...=...
6-...=.. 6-...=..
Неше қызыл үшбұрыш салынған? Көк үшбұрыш нешеу?Барлығы нешеу? Өрнектерді жазыңдар. Неліктен соңғы бағанда тек екі өрнек болды?
 Дәптермен  жұмыс. 
6 цифрын жазу. Баспа және жазба түрімен таныстыру.                   №1оқулықтан көшіреді.
№2 берілген нүктелерді дәптеріңе қайталап сал. Нүктелерді сызық арқылы қос. Бұл фигураларды қалай атауға болады? (бесбұрыш, алтыбұрыш)
Ауызша. №3 тапсырма «Көршісін тап» ойыны
№4 Фигураларды ата. Кесінділерді өлше және салыстыр. 1-сәуле, 2-3-үшбұрыш, 4-8 бұрыштар, 5- шаршы, 6-түзу, 7 –төртбұрыш, 9-10- кесінді.
№5Үлкен текше неше кіші текшеден құралған? 8 кіші текше.(практика жүзәнде көрсету)
Дәптермен жұмыс. №3 «Математикалық жаңбыр» нәтижесін жазу.
Геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін  бекітуге және зейіндерін дамытуға арналған №4 тапсырманы өздік дұмысы ретінде орындайды. Суретті бояп, әр түрдегі фигуралардың  санын санап, санын осыған арналған торкөзге жазады.
Үлгерімі жақсы оқушыларға: торкөздерге тура осындай суретті қайталап салу тапсырмасы беріледі.
V. Сабақты қорыту. Қандай санмен таныстық?