?арапайым математикалы? т?сініктерді ?алыптастыру 8 саны мен цифры
Сабақ: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Сабақтың тақырыбы: 8саны мен цифры.Сабақтың мақсаты: 8 саны мен цифрымен , оның сандар құрамындағы орнымен таныстыру. Оқушыларды 8 санын дұрыс жаза білуге үйрету.Сабақтың типі: Ойын , аралас сабақ.Көрнекілігі: пойыз,аялдамалар суреті.І Ұйымдастыру мезеті: Көңіл – күй ахуалы, ынталандыру.Армысың, Алтын күн!Армысың, Көк аспан!Армысың, Жер ана!Армысың, достарым!Білімді еске түсіру, қайталау.Ойын. «Орманға саяхат»
*Балалар сендердің қазір алысқа сандар орманына саяхатқа барғыларың келе ме?*Олай болса, орманға тез бару үшін қандай көлікке отырайық? Машинаға бәріміз сыймаймыз. Атқа отыру үшін бізге көп ат керек, Неге отырсақ екен?*Иә, балалар пойызға отырып барайық. Пойызға отыру үшін бізде оған отыруға рұқсат қағаз , билет болуы керек. Билет ақшаға сатылады. Біздің ақшамыз жоқ. Сондықтан пойызға отыру үшін біз мына тапсырманы бәріміз бірге орындайық.*Алғашқы аялдама «Касса» аядамасының тапсырмасы:1-ден 7-ге дейін сандарды тура және кері санау. «Адасқан сандар» ойынын ойнап жіберу*Міне балалар біз пойызға отыруға билетімізді алдық. Енді пойызға отырғызу басталды. Біз орманға саяхатқа баламыз. *Кезекті «Қамқоршылар» аялдамасы.Кәне бұл үйде тұратын сан қандай сан екен, кім айтып жібереді?Көршілері бар ма екен?
Мұнда көршілері тауық пен әтеш тұрады екен.Біз Тіл дамыту сабағында танысқанбыз, тауық пен әтеш қандай жануарларға жатады? Қалай дыбыстайды?Жақсы тауық пен әтешті риза қылу үшін олар туралы қандай тақпақтар үйреніп едіңдер?Кәне кімнің есінде бар?
Нан қоқымын шашпаңдарЖерде жатса баспаңдар Жинап алып қастерлепТауықтарға тастаңдар.Жақсы балалар келесі аялдамаға пойыз жүреді, кәне түзу отырып, дайындаламыз! Кезекті «Жаңылтпашшылар» аялдамасы. -Міне, балалар мына үйде қандай сан тұрады екен? 3 санының көршісі қандай хайуанат екен?Ол қалай дыбыстайды? Нені жақсы көреді?Иә, 3-ші үйдегі мысықты да қуантып, ол туралы тіл дамыту сабағымызда өткен жаңылпташты жалғастырайықшы.Пеш үстінде 5 мысықПеш ішінде 5 мысық 5 күзетші5 мысықЖақсы, мысық сендерге риза болып қалды. Келесі «Сиқырлы әріптер» аялдамасы. Мұнда қандай сан тұрады екен? Оның көршісі орманның батыры аю екен.Аю ормандыкүзетеді.Ары қарай орманға бару үшін біз аюға көмектесуіміз керек.Аю көп әріптерге тілі келмейді екен.Аю туралы қандай мазақтаманы кім біледі? Аю отыр партадаЕкі қолы қалтада А – дейдіТ- дейдіР-ға тілі келмейді. Келесі «Есепші қоян» аялдамасы. Мұнда қай сан тұрады екен? Оның көршісі қоян екен.Қоян туралы қандай тақпақбілесіңдер?Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді Жарайсыңдар балалар, енді қоянның басы қатып, үйге берілген есепті шығара алмай отыр екен, көмектесейік пе?Келесі «Ертекшілер» аялдамасында орманның ең ызақор, қатал аңы қасқыр тұрады екен. Балалар қасқыр аушулы екен, оны алдап , қашып кетпесек болмайды. Кім «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақтың қасқырға айтқан әнін біледі, айтып жіберейік- ші.Атамнан құтылдым,Апамнан да құтылдым. Қояннан да құтылдымЕнді сенен құтылу оңай.......Келесі «Тіл шебері» аялдамасында орманның ақылды хайуанаты орман патшасы -арыстан тұрады.Арыстан тақпақ білеміз? Ол тақпақты айтсақ орманға тағы келуге рұқсат береді.Сергіту сәті: Қарлығыш боп ұшайық,Лақ болып қашайық.Аю болып қорбаңдап,Орнымызды табайық.Келесі ең соңғы үйде сендер бүгін танысатын сан тұрады.Ол 8 саны. 8 саны бір таңбалы сан.Себебі,ол бір саннан ғана тұрады екен.Ол 7 санынан кейін тұрады.Дәптермен жұмыс.1тапсырма. Сөредегі заттарды санап тиісті орындарына жазыңдар.2 тапсырма. 8 санының құрамын табыңдар.3 тапсырма. Сөреге қай құмыраны қою керек?Жапсырмамен жұмыс. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалау, мадақтап, жұлдызшалар беру.Қорытындылау.Қорытындылау.