?арапайым математикалы? ??ымдарын ?алыптастыру Бір саны мен цифры
Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінін технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы
№9 сабақ
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 1саны мен цифры
Мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру.
Көп ұғымынан бірді бөліп алу.
Бір цифрын жазуға уйрету.
Қостілдік компонент: бір саны - число один ,көп – много, аз – мало.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әректі
Мотивациялық –қозғаушылық Армысың шұғалалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қуанатын күн бүгін! Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталап, қимылын орындайды.
Бір – бірімен сәлемдеседі.
Ұйымдастыру – іздестіру Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп ,
Бірімізде бір жүрек
Сенбесеңіз қараңыз:
Бір ғана бас,
Бір ауыз.
Кім байқады ,
Кім сезді:
Мықты жандар бір сөзді.
Жалғап тұрған жұртыңды
Бәрімізде бір кіндік.
Балалар қандай сан өлеңде қайталанады?
Балалар бізге бүгін бізге
қонаққа құыршақ келіп отыр
Оның аты Айша
Айшада көп ойыншығы бар екен
Ең сүйіктісі аюдын қонжығы екен
Айша бізден көмек сұрап келіпті көп ойыншықтың ортасынан қонжығын тауып беру керек және неше қонжық барын анықтау керек
Көмектесемізбе?
Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді
Қызуғышылық танытады
Айшаға көмек көрсетуге әр - түрлі іс –әрекет жасайды
Рефлексивті -түзетушілік Ойыншық қанша?
Ал қонжық нешеу?
Айша өте қуанышты сендерге алғысын білдіреді.
Айшамен бірге «Көп-аз, бір» ойынын ойнайық Балалардың жауаптары
Көп.
Біреу.
Ойын ойнау барысында бір санын
қайталайды
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Көптің арасынан бір затты ажырата білді. Бір санының пайда болуы,өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарының бекітілуі.
Қандай түсініктерді игерді: көп – аз , бірнеше – біреу, мөлшерлеу, салыстыру
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қолдарының ұсақ моторикасын дамуы
1 санының алгоритімімен танысты
1 цифрын жазу