«Биология п?нінен о?ушылар?а ??зіреттілікке ба?ыттал?ан білім беру»
Тақырыбы: «Биология пәнінен оқушыларға құзіреттілікке бағытталған білім беру»Жоспары:І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім1. Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру2. Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру.ІІІ. Қорытынды.І. КіріспеXXI ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты, адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ әдебиетін оқыту процесі болса, оны ұйымдастырушы мұғалімге өте үлкен жауапты міндет жүктейді.Сондықтан қазіргі таңдағы халықтық педагогиканың жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай - қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибемде оқыту барысында алға қойған мақсатым - баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы (іс - әрекет арқылы) жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші, жол сілтеуші.Тұлға - адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі, ал оны жүргізу педагогикалық - психологиялық тұрғыдан шеберлікке байланысты. Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі. Әр баланың өзіне тән мінез - құлқы, психологиялық ерекшелігі бар.Сөйтіп, нәтижеге бағдарланған білімді пәндік компетенция тұрғысынан қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде «Биология» пәні адамның ішкі сезімдері арқылы оның ойлау, пайымдау, тұжырымдау, тыңдау, түсіну, пікірлесу сияқты коммуникативтік қатынастарды жинақтаған білімдері негізінде өмірлік қажеттілігіне айналдыра білуді нысана етеді. Әдеби білім алу арқылы оқушы әдебиетті пән ретінде игеріп қоймайды, ол сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады және эмоционалды құндылықтар болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым - қатынасқа түседі, ал бұл түптеп келгенде оларды әдебиеттің коммуникативтік бағытына әкеледі.Биология пәнінен оқыту барысында білім жүйесі негізінде төмендегідей мақсат қоямын:1. Оқы, түсін, түсіндір, болжай біл. Қолдан, талда, салыстыр, жинақта.2. Бағала (пайымда), өзіңе - өзің және өзгеге де сын көзбен қара, іс - әрекетіңе талдау жаса.Әр уақытта оқушыларға төмендегі сұрақтар басты назарда болу керектігін ұсынамын:1. Не? Қалай? Қандай? Әдебиет жүйесіндегі орны? Не үшін қажет?2. Күнделікті өмірде пайдалана аламыз ба? Күнделікті өмірде пайдасы барма?Міне, осы айтылғандарды назарда ұстағанда мұғаліммен оқушы іс - әрекеті айқындалады.Мұғалім іс - әрекетіОқушы іс - әрекетіБілімді алуға жетелейтін әдіс - тәсілдерді (технологияларды) пайдалану.Өздігінен білім алу жолдарын ойластыру.Әдіс - тәсілдерді ұтымды қолдану.Оқушы еңбегін құрметтеу.Оқушы пікірімен санасу.Қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.Қадағалау, бағалау.Сұрақтар қойып, оған жауап іздеу.Өздігінен білім алуға жауапкершілікпен ұмтылу.Білім алу дағдысын өз бетінше қолдана білу.Бірлесіп жұмыс істеу, өзін - өзі және басқаларды құрметтеу.Сөзге тоқтау.Қиындықты өзі шеше алу.Өзін - өзі және өзгелерді бағалай білу.Бұл әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, өз бетінше ізденуіне жол ашады, танымдық, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндігім келгенше тырысамын. Еліміздің ертеңгі өрімтал ұрпағын өз ұлтын, тілін, ділін сүю ата - баба рухын, салт - дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздар алдындағы басты міндет. Өзім сабақ беретін сыныптарда халық педагогикасының озық идеяларын пайдаланып, іске асыруды күн тәртібіне қойдым. Осы орайда 7 - сыныпта жаңа тақырып өткенде бағдарламамен шектеліп қалмай, сыныптан тыс оқуға көп көңіл бөлемін және олардың қалай орындағанын, қандай нәтижеге жеткендігін қадағалаймын.Тақырыбы:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігіМақсаты: 1. Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру2. Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту3. Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түсіндірмелі сұрақтарСабақтың түрі: Дәстүрлі сабақСабақтың типі: Аралас сабақСабақта қолданатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмысСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіРефлексия.Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл - күймен келдім. (күнді көрсету)Ал сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл - күйін білдіретін карточканы көтереді.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Кім тапқыр?»1. Қысым дегеніміз не?2. Атмосфералық қысым дегеніміз не?3. Бәтеңкемен шаңғының қысымы қалай өзгереді?4. Инемен матаны оңай тесеміз, ал қаламсаппен тесу қиындыққа түсіреді? Себебі....5. Қысымды қандай құрал мен өлшейді?6. Атмосфералық қысымды қай ғалым өлшеген?7. И. Ньютон кім болған? ол қандай еңбегі бар?8. Тартылыс күш дегеніміз не?9. Диффузия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?10. Күш дегеніміз не?ІІІ. Өткен сабақты пысықтауСонымен оқушылар біз өткен сабақта Қысым тақырыбын өткен болатынбыз, яғни біз қысым туралы көптеген мысалдар келтірдік, атмосфералық қысымға байланысты.ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіруОқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстарға Физикалық, биологиялық, метеорологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.