Ашы? т?рбие са?аты .Та?ырыбы:«Ау?анстан — журектегі жара»


Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»Мақсаты:Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Әдісі: еске алу сабағыСабақ бағдарламасы:1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)4. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет 5. Күй «Кероғлы»6. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)7. ҚорытындыМұғалім:Сол Ауғанда талай досты жерледікҚарлы шыңға күн түн демей өрледікСұрапылда ерледік те шерледікНамыс туын қолдан бірақ бермедікАрмысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!Оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған,Ер төркіні байрағынан таныған.Өзі ақын, өзі әнші халықтаКім айта аларБолмаған,- деп - Әнұран?!Әнұран орындалады.Мұғалім:Соғыс жан алып – жан беруСоғыс халықтың басына келген қасірет, жұтКеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.Жүгізуші - Ақмоншақ:1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)Оқушы: Көп аузынан түспейтін,Отан деген немене?Оның тұлға, түс, кейпінДостым, білгің келе ме?Оқушы: Отан - сенің ата - анаңОтан - досың, бауырың,Отан - өлкең, астанаң,Отан - аудан, ауылың.Отан - тарих, Отан - тіл,Жасаған елің, өз халқың!Отан - өлең, Отан - жырКөтерген көкке ел даңқын.Отан - осы, достарым,Көңілге мұны түйе біл!Отан деп өсіп жан - жағың,Оны ардақтап, сүйе біл!