Ау?аныстан-ж?ректегі жара т?рбие са?аты


Тәрбие сағаты: «Ауғанстан-жүректегі жара» Мақсаты:
Білімділігі:Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.< Ауған соғысы > -жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық:Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Әдісі:Еске алу сабағы. Көрнекілігі:Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта. Сабақ бағдарламасы: 1.Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама 2.Майданда туған жыр. 3.Қанжардан құтқарға 5.Қорытынды.
Жүргізуші: Сол Ауғанда талай досты жерледі Қарлы шыңға күн түн демей өрледік Сұрапылда ерледік те шерледік Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар (Әнұран.) Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты,<Ауғанстан-жүректегі жара> тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:Ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да <Ауған соғысы> аяқталды.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде <Ауған соғысы> қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Сыныбымыздың оқушысы Әлиғажы Нұрсұлу.Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.КОКП және КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген <Халықтық-демократиялық үкіметті> қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуынкөздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген
желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп <Халық> тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал <Парчам> тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхамед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26 сәурінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағаррту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді.Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып,Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады.КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп <парчамшыларды> билікке әкелуге әрекеттенді.
1979 жылы 12желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ағаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Жүргізуші:Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған.Целиноградтықтар: 1.Шайкенов Ағзам Тойбатырұлы 1959 жылы пропорщик.1986 жылы 13 наурызда дүниеде өтіп, Шнет ауылында жерленді.
2.Ульянов Владимир Геннадьевич 1963 жыл қатардағы жауынгер. 1983 жылы қарашаның 26 қайтыс болып Софиевка ауылында жерленді. 3.Берлизов Иван
Жүргізуші:Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсанда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңер, тірісіңдер.
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуымызды сұраймын.
Рахмет отырыңыздар. Жүргізуші: Ардагерлер айтса ертек көргендері
Тайбандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда
Кеуде толы жарқырап ордендері.
  Жүргізуші  Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғам  да сен мәңгілік- Ауғаныстан! Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.
«Балбырауын» күйін орындайды Жүргізуші
О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсен ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр