Презентация по технологию на тему Тама? ?зірлеу технологиясы, тама?тану м?дениеті.


Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Тамақ әзірлеу технологиясы, тамақтану мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тамақтану мәдениетімен таныстыру. Білімділік: оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру. Дамытушылық: тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру. Тәрбиелік: салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ өткізу әдістері: -әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, тақырыптық суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
-Құралдарын көзден өткізу
-Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен тақырыпты зерделеу:
Оқушыларға сұрақтар қою:
- Технология кабинетіндегі ережені атаңдар?
-Т.Қ.Е. атаң?
-Қандай еттен жасалатын қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу:
Дұрыс тамақтану үшін аспаз болудың керегі жоқ. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алса болғаны. Бүгінгі әңгімі осы қағида жайында өрбімек. Өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн. Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жинауына байланысты. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге дейін түссе, таңғы және түскі асқа баса мән беру керек.Ақуызы көп тағамдар тұтыну керек. Жатардан 3-4 сағат бұрын тамақтанған дұрыс, себебі ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады.Бірақ тойып тамақ ішпеу керек. Тәбет сау ағзаның белгісі.Таза тағам тәбетті ашады, лас тамақ зиянын тигізеді, тәбетті жауып тастайды. Бңір күнде қанша мөлшерде тамақтануы жасына, жынысына, мамандығы мен тұрмыстық жағдайына байланысты. Тамақтану туралы ғылым мамандыққа байланысты төмендегі топқа бөледі: Ағзада маңызыды рөлді минералды заттар атқарады: натрий,фосор,магний ауадай қажет болса,цинк,марганец, хром селен, кобальт т.б. аз мөлшерде қажет.1-эелемент жетпесе ауру тудырады. Микроэлементтердің біразын сүт пен бал жеткізеді.Егер дәрумен жетпесе, авитаминозға шалдығады. I V. Өтілгенді бекіту:
-Күндіз қалай тамақтану керек?
-Кешкі асты қашан, қалай тұтыну керек?
-Ағзаға қандай дәрумен қажет?
-Дәрумен жетіспесе қандай ауруға шалдығады?
V. Үйге тапсырма: Ал сіздің тамақтану ережеңіз қандай? Өз тамақтану ережесін жазу
VI. Бағалау.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.