К?шпенділер трилогиясы 8 класс


Қазақ әдебиеті 9-класс
Сабақтың тақырыбы: «Көшпенділер» трилогиясыСабақтың мақсаты: Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру. Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.Тәрбиелік: тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлин шығармалары, электронды оқулық, слайд, кестелер, кинодискет, телевизорСабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың типі: жаңа білім беру.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.Үй тапсырмасын сұрауЖаңа сабақ«Көшпенділер» тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтадыІ.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихынынң аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. «Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.Кестемен жұмысТрилогияның қамтитын уақытыТрилогияның романдарыТрилогиядағы тарихи тұлғаларХУ – ХІ ғасырлар“Алмас қылыш” Әбілқайыр хан
ХІІ – ХУІІІ ғасырлар“Жанталас” Жәнібек хан, Керей хан
ХІХ ғасыр“Қаһар” Асан қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр
Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері3) “Қаһар” романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері«Көшпенділер» киносынан үзінді көрсету.«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.Кейіпкерлерін талдауӘбілқайыр1 2
Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысыөз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қолВенн диаграммасыПрозалық шығармаҚазақ халқының өміріРулық жікшілдікКейіпкерлер оқиғаларышынайы өмірде болғанЭпопеяӘдеби романТұрмыстық салт-дәстүр Ақындықты, азаматтықты дәріптеуБолыстыққа таласуСұрақтар мен тапсырмалар:
І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?
Жазушының қандай кітаптары бар?
«Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары
Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?
Сабақты қорытындылау
Оқушылар білімін бағалау.Үйге . «Көшпенділер» трилогиясыннан үзінділер оқу.