?аза? ?дебиеті. К?шпенділер трилогиясы. 9- сынып.
Қазақ тілі. 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы
Сабақтың мақсаты: Шығармаға талдау жасау
Сабақтың міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет:Шығар ма желісі бойынша сұрақтарға жауап береді талдау жасайды.
2. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндет: Көшпенділер кітабына жаңа мұқаба ұсынады
3. Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндет: топтық ереже құрады және сол ережеге бағыну арқылы бір-бірін сыйлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Шығарманың кейіпкелерінің іс-әрекетіне толық бағалай алады.
Көрнекіліктер: кесте, І.Есенберлиннің портреті,слайдтар
Пәнаралық байланыс : тарих
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу, топ ережесін құрау 10 минут
ІІ Қызығушылығын ояту
Бүгінгі тақырыбымыз «Көшпенділер» трилогиясының кейіпкерлеріне талдау
Бүгін сендер сабақта алдарыңа не мақсат қоясыңдар?
Мақсаттарды жазып қою тақтаға 2минут
Мен қазір сендерге сұрақ қоямын менің сұрақтарыма топпен талқылап алып ортақ шешімге келіп содан кейін барып жауап бересіңдер.
1. Шығарма неліктен көшпенділер деп аталған? Тағы не қосар едіңдер?
2. Нысанбай жыраудың Кенесарыға
«Абылай жолы ауыр жол,
Батыр Кене , біліп қой.
Абылайдай берік бол,
Алам десең абырой»- деген өлең жолдарын қалай түсінесің? Кім басқаша ойлайды?
3. Кенесарының тарихта қалдырған ізі қандай болды? Тағы қандай пікірлерің бар?
10минут
ІІІ Мағынаны ажырату
І.Есенберлиннің кітабына жаңа мұқаба жасауымыз керек.Ол кітаптың мазмұнын ашатындай болуы керек. Әр топ соны салып таныстырады. 10минут уақыт беріледі сурет салуға,ал таныстыруға әр топқа 3 минуттан 9 минут
ІV Ой толғаныс
Сабақ басында қойған мақсатқа жете алдыңыз ба?1минут
Бағалау
Критерийлері :
1. Сұрақтарға жауап табуы
2. Мұқаба моделін асаудағы пікірлерінің ұтымдылығы
3. Топпен жұмыс барысындағы белсенділігі
Кері әсер парағы таратамын және оған мынадай сұрақтар арқылы жауап аламын3минут
Маған сабақта не қиындық туғызды?
Не ұнады\\ұнамады?
Қандай ұсыныстарың бар?