Жас мамандармен тренинг Таныс болайы?


Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг
Өткізген психолог: А.Т.Шекебаева
2015-2016 оқу жылы.
Таныс болайық! жас мамандарға арналған психологиялық тренингТақырыбы: Таныс болайық!Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.Міндеттері: - Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс. - Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру. - Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру. Қажетті құралдар: үнтаспа, бояу, карандаш, магнит, клей, қайшы, ватман, «Кері байланыс» сауалнамасының бланкілері. Топтың ерекшелігі: жас және жаңадан келген мамандар. Жұмыс жоспары:1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту»2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».3. Топтық ереже қабылдау. 4. Шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»5. Баяндама «Педагогтық әдеп».6. Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ» топтық жұмыс7. Сауалнама жүргізу. «Кері байланыс»8. Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...»Психолог: Сәлем, қымбатты достар! Бүгінгі болғалы отырған сабақта сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын. Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал ендібірін тіптен білмейсіз. 1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады. 2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз». Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын». Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби қызметінің, білімінің ерекшеліктеріне және т/б. байланысты болуы керек. Мысалы, орындарын ауыстырады ...-3 бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;- Өз жұмыс жақсы көретіндер;- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;- Тренингке бірінші рет қатысып отырғандар; және т.б. Осы жаттығудан кейін, жауап берем деушілерден біріншіден, кімнің есінде кім туралы қалғандығы, ал екіншіден, кім өзі туралы басқалардын естерінде не қалғандығын айтқанын қалайды. Осылай, қатысушылар орындарымен ауысады. 3. Топтық ереже қабылдау. Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады. - ашық әңгімелесу- белсенді болу және әзілдесе білу- бағаламау- өз еркімен қатысу- осы жерде және дәл қазір4. Шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер, карандаштар пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады. Онда келесідей мәліметтер болуы керек: Өзің туралы естігің келетін 3 сөз; Менің қолымнан келеді...; Жетістіктерім...; Арман, мақсаттарым; Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін жер; Менің өмірлік ұстанымым. Әр қатысушы өзінің дайындаған визиткасымен таныстырады.
5.Баяндама «Педагогтық әдеп»
Мақсаты: мұғалімнің оқушымен қатынас жасай білуіне, сыныпта әскерлік қарым-қатынас қалыптастыруға және мектеп оқушылары алдында өз абыройын сақтай білу дағдысын ықпал жасау. 6. Шығармашылық тапсырма «Ғажайып бақ» топтық жұмысЖаттығудың психологиялық мәні: ол іштегі шиеленісті психологиялық шығарып тастауға пайдаланылады, сезімдерді зерттеу үшін, өзара қарым-қатынас пен дағдыларын дамыту үшін, өзіне сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын нығайту үшін қызмет етеді. Жаттығу өзіңді сезініп, түсінуге, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің ойың мен сезіміңді еркін жеткізуге, сонымен қатар әрбір нәрсенің бірегейлігін түсінуге (қайталанбайтын), әралуан осы әлемде алатын орныңды көре білуге және өзіңді осы ғажайып әлемнің бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
7. «Кері байланыс» сауалнамасы
8. Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз...»Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.
«Кері байланыс» сауалнамасы1. Қатысушының тренингтегі аты ...2. Сабақ болған күн ...3. Сабақта қосылу, қатысу деңгейі 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 104. Сабақта қосылып, қатысып отыруға сізге не кедергі келтірді?__________________________________________________________5. Сен үшін маңызды (пайдалы) болған, өзің туралы бір нәрсені түсіне алған оқиғалар, жаттығулар: __________________________________________6. Бүгінгі өткен сабақта саған не ұнамады? Не үшін? Себебі?__________________________________________________________7. Сенің осы сабақтан кейінгі өзің туралы, осы топ, ұжым туралы ойларың ____________________________________________________________________________________________________________________________________8. Жүргізушіге (психологқа) ескертулерің (мазмұны бойынша, сабақ түрі бойынша және т.б.) ___________________________________________________________________________________________________________________________________