Жолда ж?ру ережесіні? білімпазы (?гіт-насихат)


Үгіт - насихат бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін жетік біліп, өзінің және өзгенің өмір қауіпсіздігін сақтауға насихаттау.
Көрнекілігі: жол белгілері, бағдаршам
Топ басшысы Бекарыс
Жалғайтын достастырып бал елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Үгіт-сайысымыз басталсын сәлемменен.
Сәлемдесу рәсімі
Біздер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Бақшаға біз келеміз,
Жол тәртібін білеміз.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен біздер сәлем береміз!
Біздің топ: Бағдаршам
Топтың ұраны
Айналайын абайла
Бағдаршамға қарайла
 Жолда-жүру ережесін
 Есте сақта қалайда.
Автор:
Қызыл телпек қыдырып,
Әжесіне бармақшы.
Жету үшін орманға,
Белгіне еске алмақшы.
Жету үшін адаспай,
Ережені сақтайды.
Жол белгісін білмесе,
Әжені де таппайды.
Қызыл телпек: Мөлдір
Бақытты өміріміз бізге күліп,
Мен есейіп үлкейдім.
Әжеме сапар тартып,
Міне мен жол ережесін білмей тұрмын.
Қасқыр: Марлен
Көмектесіңіздерші (2 рет) Қызыл телпек көмектесші маған.
Қызыл телпек:
Қасқыр жан не болған өзіңе?
Қасқыр: Марлен
Жасырмай айтсам шынымды,
Жол апатына тап болдым.
Бағдаршамға қарамай,
Жолда ойнап доп қудым.
Қызыл телпек: Мөлдір
Қасқыр жан жол ережесін білу керек, жолда абай болу керек.
Көрдің бе? Сен жол ережесін білмегендіктен апатқа ұшырадың. Міне, мен де жол ережесін білмей әжеме жете алмай тұрмын. Мүмкін жан-жағымыздан сұраймыз.
Полиция: Дарын
Ия, қасқыр мен телпек неге тұрмыз, қандай көмек керек?
Қызыл телпек:
Мен міне жолға шығып едім, жол ережесін ұмытып қалыппын, ал қасқыр бағдаршамға қарамай абайсыздан жол апатына ұшырады.
Полиция: Дарын
Жолда абай болу үшін мына басты белгілерді есте сақтаңыздар!
(әр белгілер туралы тақпақтар кетеді)
1.Бекарыс
Ескерту белгісі (Суретін көрсетеді)Қып - қызыл үш бұрыш ескерту белгісі“Қауіптен сақ бол” деп сәт сапар жолдағанАман сау жүреді жаяу да көлік теЕскерту белгіні сақтаған, қолдаған
2.Айғаным
Тыйым салу белгісі (Суретін көрсетеді)Қызылмен боялған шеңбері аумақтыТыйымшыл, қатал ол салмақтыБұл тұрған жерлерде қақың жоқ жүругеҚауіп бар бағдарла көз салып жан - жақты
3. Бейбіт Анықтама белгісі (Суретін көрсетеді)Белгі ол көрсетер жылдамдық бағыттыМіндетті бұрылыс әйтпесе қауіптіБарлығын анықтап тұрады жолыңдаАбай бол шартымды міндетті орында
4.Надина
Нұсқау белгісі (Суретін көрсетеді)Баратын жеріңнің бағытын, тұрағынҮн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.Күндіз де, түнде де от болып жанадыКөк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
5.АянӘр топтан құралған белгілер туыстайЖол сілтеп тұрады у - шусыз ұрыспайКіршіксіз зор міндет атқарып тұр оларСақтап жүр есіңде, балалар ұмытпай.
6.Надина
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем  баспа  алға !
7. Аружан
Сары  көзін ашқанда ,
Қарап қалма  аспанға !
8.Айғаным
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте  бергін , жасқанба !
Полиция: Дарын
Ал енді жолбелгілерін естеріңе түсірдіңдер ме? Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Бір көзі «жүгір» дейді,Ал бір көзім «абайла» дейді. «Қарап қал маңайға» дейді. (бағдаршам)
Қызыл телпек пен қасқыр:
Рахмет сізге! Біз енді жол ережесін сақтаймыз, жолда абай боламыз!
Полиция: Дарын Ендеше жолдарың болсын!
Ән: Бағдаршам (Сарбаздар» әуенімен)Көреген дәу қырағы,Көшемізде тұрады.Оның аты - Бағдаршам.Жол сілтейді әрқашанКөшедегі халыққаБағдаршам, бағдаршамЖанып тұр!
қайырмасы
Ашса кезек үш көзіАйтты деп ұқ сөзін
Жүрме жолға таласып,“Тоқта, сақтан, жол ашық”
Жол жүрудің тәртібінЕрежесін білемізСақтанғанда қатерденСау - саламат жүремізБағдаршам, бағдаршамЖанып тұр!
қайырмасы
Ашса кезек үш көзіАйтты деп ұқ сөзін
Жүрме жолға таласып,
“Тоқта, сақтан, жол ашық”Бүгінгідей мерекеде достар - ауБолғанменен көп айтар ән әлідеЕрежені кел екеуміз бірігіпЖаттайықшы қайта - қайта қайталап.қайырмасы
Ашса кезек үш көзіАйтты деп ұқ сөзін
Жүрме жолға таласып,“Тоқта, сақтан, жол ашық”Қорытынды:
Көшеде біз сақ болайық
  Қаймықпасын ата-ана.
 Жолда сен бол лайық.                                                
 Оқушылар атына.
Жолда жүру әліппесін,
  Білген жөн бес саусақтай,
  Сонда ғана жүре аласың,
  Сен өзіңді сау сақтап.