География ?аза?станны? ішкі сулары (7-сынып)
Арықты орта мектебі
Пәні: география сынып: 7 "а"
география пәнінің мұғалімі: Хажат Лиза
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары
Сабақтың мақсаты Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып Қазақстанның ішкі сулары туралы білімдерін қалыптастыру.
Табыс критерийлері 1. Қазақстанның ішкі суларын атай алады.
2. Қазақстанның ішкі суларын картадан көрсете алады.
3. Қазақстанның ішкі суларының ерекшелігін маңызын түсінеді,салыстыра алады
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топқа болу, “Зымыран сұрақтар!” ойыны, Сәйкестендірі кестесі, постер әдісі, семантикалық карта, «Озық ойлы» оқушы әдісі, сергіту сәті,ой қорыту,Ізгі тілек ағашы (рефлексия),
Сабақтың кезеңдері мен уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылатын
құрал жабдықтар
І.Ұйымдастыру-шы кезең:
3 мин
Кіріспе Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында шеңбер қүрамыз,оқушылар бір бірлеріне жақсы тілек айтдырамын . Оқушылар шеңбер құрап бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.
2 мин
Топқа болу
Оқушыларды ішкі сулары байланысты 3 топқа бөлемін.
I топ: " Өзен жүйелері және өзен алаптары "
IIтоп: " Өзен суының шығыны және жылдық ағыны ".
IІIтоп: " Өзендердің қоректенуі мен режимі ". Оқушылар карточкалардағы әріптерді сөйлемге құрастырып қосып 3 топтарға бөлінді.
Қима қағаздар.
1 мин Бағалауды түсіндіру
Оқушыларды сабақ барысында
жасыл,сары,қызыл дөңгелек фишкалар арқылы формативті бағалап барамын.
Топтық бағалау үш шапалақ. Сабаққа белсенді қатысуына қарай әр топ мүшелері өздерінің жинаған жасыл,сары,қызыл дөңгелектер фишкаларын жинап сабақ соңында қанша фишка жинағанын айтады. Түсті фишкалар
10 мин
Үйге берілген деңгейлік тапсырма-ларды тексеріп шығамын. Үй тапсырмасын Географиялық диктант ойыны мен сәйкестендіру кестесімен сұраймын.Әр топқа екі сұрақтан біріледі
Оқушыларға үйге берілген деңгейлік тапсырмаларды орындап келеді.Географиялық диктант толтырумен сәйкестендіру кестесіне әр топтан екі оқушы шығып жауап беріп,сәйкестендіру кестесін толтырады.
Интерактив тақта карта
Жаңа сабақ
12 мин Оқушылар Қазақстанның ішкі сулары тақырыбында жоба жасап қорғау әр топқа тапсырылады.
Әр топ берілген тапсырма бойынша өз түсініктерін жобаға түсіреді, топ ішінен бір оқушы жасаған жобаларды қорғайды.
Плакат, маркер, стикер. түсті қағаздар
2 мин Сергіту сәті
Оқушыларға "Жемістер салаты" ойынын ойнатамын.
Оқушылар "Жемістер салаты" ойынын ойнап, бой сергітіп алады.
2 мин Семантикалық картамен жұмыс тапсырылады. Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, интерактив тақтада берілген семантикалық картамен жұмыс жасайды. Интерактив тақта қалам
4 мин «Озық ойлы» оқушы әдісі
Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.
Өзен аты: 1.Өзеннің материктегі орны, алабы 2.Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды? 3.Өзеннің су жинау алабы 4.Өзеннің қоректену көздері 5.Шаруашылық маңызы
Әр топқа бір өзеннен бөліп беремін сол бойынша жазып шығады. Топтан бір оқушы шығып , өзен туралы мағлумат береді. А4 парағы
Жаңа сабақты бекіту
3 мин Ой қорыту әдісі бойынша әр топқа сұрақ беремін. 1. Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.Өзен жүйесі жиі экваторлық белдеуде неліктен? 2. Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды.
3. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. 4. Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері.
Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б. 2 мин Оқушылар жинаған жасыл,сары, қызыл түстерімен формативті бағалап,жиынтық баға қоямын. Оқушылар қанша жасыл, сары, қызыл дөңгелектерді жинағандығын айтады.
2 мин
Ізгі тілек ағашы арқылы
Кері байланыс жасаймын Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Ізгі тілектер» ағашына жапсырады. стикерлер
Үйге тапсырма:
2 мин Қазақстанның ішкі сулары туралы қасымша материалдар жинап келу Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.