Коучинг саба?тар туралы рефлексифті есеп


Мектептегі оқу ісі жөніндегі орынбасары:Әлімханова Қ

Коучинг сабақтар туралы рефлексивті есеп.
Мен мектептегі тәжірибелік кезеңде« Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану» тақырыбын таңдадым.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ,әдістемелер,технологиялар жаңартылып отырады. (Нұсқаулық, 110 бет) Осыны негізге ала отырып,қазіргі заман талабына байланысты АКТ-ны сабақтарда пайдалану әрбір мұғалімнің міндеті деп есептеймін
Менің мектебім Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп.
Мектепке барысымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалдыкүл Әлімхановамен коучинг және оны өткізу жөнінде сөйлестім.Коучинг жоспарымен
таныстырдым.Қалдыкүл Сұлтановна маған коучинг өткізуге қолдау көрсететінін айтты
.Коучинг өткізу жөнінде, 2 деңгей бағдарламасы жайлы мұғалімдермен пікір алмастым.Олар осы айтылғандарды ықыласпен тыңдап,коучингке қатысқысы келетіндерін білдірді. Менің өткізген коучинг сабағыма мына төмендегі мұғалімдер қатысты. Коучингке қатысқан мұғалімдер:
Төре Асылзат,Оспанова Бибіхан,Сәрсенбекова Айгерім,Ергешова Нұргул,Ештаева Гулзина, Оңтуғанова Тұрсынкул,Шөкенова Салтанат,Тоқбергенова Мөлдір,Жұмашова Мөлдір,Абжаппарова Салтанат,Оспанова Қаракөз,Болат,Уалиева Әсел,Нұрмаханов Бақыт,Сейдуалиева Жанна.
Осы қатысқан 12 мұғалімнің 5-уі мүлдем АКТ- мен жұмыс жасауды білмейді екен.Менің мақсатым осы курстан үйренгендерімді және бұрыннан білетіндерімді әріптестеріме ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып ықпал ету.Басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсету.Мұғалімдердің құзіреттілігін жетілдіріп және өз әріптестерімнің кәсіби дамуына ықпал еткім келеді.Мұғалімдердің басым көпшілігі интерактивті тақтаны қалай пайдалануды,компьютермен қалай жұмыс жасауды біле бермейтін.Коучинг өткізгеннен кейін әріптестерім маған ыстық ықыластарын білдірді.Өте қатты ұнағандарын айтты Коучинг сабаққа қатысқан мұғалімдердің жетеуі жас мамандар.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді әріптестеріме оқытып, бағыт бағдар берсем, жас мамандарға көмектесе алсам мен үшін де қуанышты жағдай деп есептеймін.Ауылдық мектептердегі мұғалімдердің қажеттіліктері өте көп деп санаймын «Oқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар»оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетіндіктен біз ынтымақтастықта біріге отырып бір-бірімізден үйреніп сандық технологияны меңгеруге тиіспіз.Мен осы қажеттіліктерді ескере отырып«Oқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбын коучинг сабаққа алуды ұйғардым.
АКТ жөнінде коучинг сабақ

Тақырыбы: «Oқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар».
Мақсаты: Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану, сабақтың нәтижелілігіне тигізетін әсері және оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануды дамыту жолдарын қарастыру.
Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы олардың сабаққа деген құлшыныстарын ояттым.. Сабақтың келесі бөлімінде қатысушы ұстаздарды жаңа модульмен
таныстырдым. Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұнымен таныстырып өттім.
Бізге оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолданудың төмендегідей мәселені естен шығармау керек: оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдануда мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату сонымен қатар оқытуда ақпараттық – технологиялық технологияны тұрақты қолданып жүрген мұғалімдер іс – әрекетінен тәжірибе жинақтар дайындау. Сонымен қатар оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы сабақтарда төмендегідей ерекшеліктер болатынына тоқталып өттім:
-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап қайтарады
-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын байқайды;
-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды
қадағалайды;
-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды,
-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;
-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды;
Теориялық түсінік жұмыстары жүргізілгеннен кейін қатынасушылар үш топқа бөлініп тапсырмалар орындады.. Одан әрі үш топқа бөлініп компьютер,фотоаппарат,ұялы телефон туралы өз ойларын ортаға салды.
1-ші топтан Асылзат сандық фотоаппараттың қажеттілігі,бұрынғы фотоаппараттан
айырмашылығы жөнінде айтып өтті.2-ші топтан Тұрсынай ұялы телефон туралы оның сабақ барысында қажеттіліктері жөнінде әңгіме қозғады.3-ші топтан Әйгерім компьютерді сипаттап оның біздің заманымыздағы алатын орны және қажеттіліктерін
айтып өтті.
Тапсырма орындалып болғаннан кейін екі әрекетке түсініктеме алу үшін кері байланыс орнатып, «оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың оқушы мен мұғалім арасындағы құзіреттіліктерді теңестіру үшін не істер едіңіз?» деген сұрақты қоя отырып, пікірлері тыңдалдыБұл жерде де айтылған пікірлерде, негізінен сабақ нәтижелігіне сабақта қолданылған ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың тигізетін жақсы әсері бар
екені туралы,оны қолда на білу қажеттілік тері жөнінде ой қозғау болды.
Осыдан кейін сауалнама таратылып, оқушылармен осы бағытта жүргізілген сауалнама нәтижесімен салыстырып өттім.(Бейнетаспа №2 12 мин).
Сауалнама нәтижесінде көріп отырғанымыздай коучингтен соң
№ Сұрақтар Жауаптары
Иә Жоқ
Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма? 15 0
Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? 15 0
Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма? 15 0
Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе? 14 1
Коучинг сабағы кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе? 15 0
Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма? 15 0
сабағы сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме? 13 2
Оқушылардың өтініші бойынша, зерттеу тақырыбым бойынша мынадай тоқтамға келдім: егер оқушының оқуға деген қызығушылығын оятқың келсе, АКТ сабақта үнемі қолдану керек, тапсырмалар орындалып болған соң мектепте жүргізілген коучинг сабақтарда қатысушы мұғалімдердің іс әрекетіне тигізген әсерін, тілегін анықтау мақсатында сауалнама толтыруға берілді.15 мұғалімнің бесеуі АКТ ны мүлдем білмейді екен.
(№3 Бейнетаспа 11мин )
№ Сұрақтар Жауаптар
Коучингтеналған әсеріңіз? Маған өте қатты ұнады.Өте қызық болды.Білмеген нәрсемді үйрендім.
Коучинг сабақтан не үйрендіңіз? Бүгінгі сабақта ақтараттық технологияны талапқа сай қолдануды
үйрендім.
Коучинг сабақтан не ұнады? Слайд жасауды үйреткені ұнады.
Қандай сұрақтарыңыз бар? Келгеннен соң да осылай сабақтар үйретесіз бе?
Қорытындысы бойынша коучинг сабақта үйренген тәсілдер мен әдістерді сабақта қолдану тиімді екенін көрсетіп, коучингтің құрылысындағы элементтерді артығы жоқ екенін көрсеткені өз жұмысымда нәтиже бар екенін көрсетті. Одан әрі жалпы оқытудағы АКТ жөніндегі білімдерінің қаншалықты дамығанын «Білім»ағашына бейнелеп берді, нәтижесінде сабақ жөнінде түсінік қалыптасқаны байқалды.

Коучинг сабаққа қатысушыларға слайд жасауды, видеоролик
жасауды көрсеттім.Слайд жасауды қатысушы 15 мұғалімнің бесеуі ғана меңгеретінін байқадым.Мұғалімдер зейін қойып тыңдады.Ноутбукпен қалай жұмыс
жасауды көрсеттім. Интернетпен жұмыс жасап ,почта ашу жөнінде кеңес бердім.
Оқушыларға үйде отырып та тапсырма беруге болатыны жөнінде айтып өттім.
Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты.Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей оның мүмкіндіктерін игермеген болса,олардың басқа пәндерде АКТ –ны пайдалануы тиімсіз болуы да мүмкін.Бұл АКТ саласында және
пәндік білім бойынша кенжелеп қалуға ықпал етуі мүмкін.(Нұсқаулық),114 бет
Салтанат тәлім алушымен сабақтан кейін сөйлескенімде былай деді:
Маған үйреткеніңіз бойынша Нәзір Төреқұловқа арнап видеоролик жасадым.
Маған ұнады.Слайд жасатқаныңыз да жаксы көмектесті.Сол үшін сізге рахмет айтқым келіп тұр. ( Бейнетаспа №3 13 мин)
Жүргізілген іс-әрекеттерді зерделей отырып жеткен жетістіктеріме тоқталатын болсам ұстаздар топтық жұмыс жасауға ниет білдірді, өз ойларын ашық айта алу дағдылары дамыды. Қатысушы ұстаздар арасынан екі мұғалім келіп курсқа барғысы келетіні жөнінде айтты.
кейін мұғалімдер дағдылар мен әдістерді, формаларды өз сабақтарына енгізді.
Нәтижесі:Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан сөйлеу, жады, шығармашылық және метасана үдерістерін ескеріп оқытуды үйренеді.
Құпия сөздер арқылы топқа бөлемін.Әр топта бір бағалаушы анықтауды ұсынамын.
Олардың жұмысы – топ идеясын қорғаушылар мен топ жұмысын бағалау.
(жақсы, түсінікті, түсініксіз, керемет, )
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу дегенді қалай түсінесіз?
Жас ерекшеліктеріне сай осы уақытқа дейін оқушылардың қандай дағдыларын ескердіңіз?Жауаптарын тыңдап, қолдау көрсеттім.
МАН-дағы 4 тәсілді 3топқа тараттым.
Оқытудағы бихевиористикалық тәсіл.
Оқытудағы танымдық тәсіл
Оқытудағы гуманистік тәсіл
Оқытудағы әлеуметтік –жағдаяттық тәсіл
минут уақыт аралығында тәсілді оқып, сол тәсіл бойынша топта «түйінді идея» шығарды.
Идеяны топтағы Уалиева Әсел,Оспанова Қаракөз,Жұмашова Мөлдір қорғады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу туралы Слайд – тан 4 тәсілді көрсеттім.
Сұрақ: Өз тәжірибеңізде қай тәсілді қолдандыңыз?
Себептерін түсіндіріңіз. Слайдтан сурет көрсетіп, сұрақ қойдым.
Мына суретке мұқият қарап алыңыздар, содан соң өз ассоциацияларыңызда қағазға түсіріңіздер.
Әр мұғалімінің суретті түрліше қабылдауы – танымының түрлі деңгейін көрсететінін айтып өттім.
Топтардың өзара бағалауы біршама қызықты өтті.Бағалауға байланысты біршама
сұрақтар болды.Интерактивті тақтадан сурет көрсетіп, осы сурет бойынша әркім өз ойын қойылым бойынша көрсетілім бойынша қорғауын сұрадым.
1 топ: 10 жасар баланың танымымен қабылдаңыз
2 топ: 20 жасар жігіттің танымымен қабылдаңыз
3 топ; 40 жасар ер адамның танымымен қабылдаңыз.
«Инклюзивті білім беру» слайдын көрсеттім.
Қорғауға Шөкенова Салтанат, . Тоқбергенова Мөлдір,Жұмашова Мөлдір шығып өз ойларын суретке қарап жеткізе білді.

Бағалаушылар топ идеясын қорғаушыларды бағалады.
Содан кейін видеофильмдер «Қытай балеті»,Мүгедектер арбасындағы биді көрсеттім.
«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім» эссе жаздырдым.Қысқаша айтсам,
Нұргул: «Маған өте қатты ұнады.Өте қызық болды.Білмеген нәрсемді үйрендім»
Мөлдір: «Өте тиімді және уақыт ұтымды болды.Барлық оқушыны түгел қамтуға болады» Коучинг сабақ туралы ;
Мұғалімдер пікірі:
«Оқытудағы бұл тәсіл өз нәтижесін беретініне сенемін.Мұғалімдердің бірін-бірі оқытып,ынтымақтаса жұмыс жасауы білім сапасын арттырып,оқушылардың жеке тұлға қалыптасуына ықпал етеді.Еңбегіңіз жемісті болсын.Бүгінгі коучинг өз ерекшелігімен ұнады.Сәттілік тілеймін!»-деп жазыпты ой толғанысында Асылзат Төре
Коучинг сабақтарым сәтті өтті.
Қорытынды сөз айтылды. Бірақ жоспарлағанымнан аз айттым. Негізгі ой түйіндерді мұғалімдер кері байланыс кездерінде (рефлексия жасау) өздері түйіндеп айтып қойды. 7 модуль идеясы бойынша түйінді ойды коучингке қатысушы мұғалімдердің айтуы мені қуантты.
Мен көтеріңкі көңіл-күймен шықтым. Әріптестеріме рахмет айттым. Бұл менің коуч ретіндегі алғашқы қадамым еді. Коучинг өткізу маған бұның қаншалықты маңызды және тиімді екендігін көрсетті.