Модульдік о?ыту технологиясын пайдаланып, о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту
№16 орта мектеп -гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Жумадилова Г.Н.
Баяндама
Тақырыбы:
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін,коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды және сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту үшін модульдік оқыту технологияларын қолданудың тиімді жолдарын меңгеру басты назарда. Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мүндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудің ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.1.Модульдік технологиялар және оның негізгі ұғымдары.Қазіргі уақытта «білім беруде модульдік технологияларды қолдану» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті.Олай болса,қоғамда, білім беруде, модульдік технологияларды қолдану деген не?-соған тоқталайық.Білім беруде модульдік технологияларды қолдану экономиканың,ғылымның,мәдениеттің негізгі шарттарының бірі.Білім беруде жаңа әдістерді енгізудің бір бағыты-оны ақпараттандыру,яғни берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс,яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа модульдік технологияларда қолдану,оларды сүйемелдеу және дамыту,нақты жүзеге асыру шаралары және оны қолдануына жол ашу. Бастауыш сыныптың пәндерін модульдік технологияларды қолдану арқылы оқытудағы негізгі мақсат – жаңа білім,білік,дағдыларын қалыптастыру және дамыту,оны еркін игеру.
Тіл сабақтарын оқытуда интеративтік тәсіл,ойындар,екеуаралық пікірталастар,сонымен бірге ақпараттық технология,интернет,компьютер қолданылуда.Оқытудың модульдік технологиясын қолдану –бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер:педагогикалық технологиялар,бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видео құралдар,компьютерлер,
телекоммуникациялық желілер). Модульдік технологияларды қолданып оқытудағы мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейік.Мысалы:оқушылар,модульдік технологияларды қолдану талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады,сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға,радио бағдарламаларды тыңдауға,бейнероликтер көруге,яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар.Модульдік технологияларды оқытуда жаңа технологияларды,техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану,оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп ,осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Білім беру жүйесіндегі модульдік технологияларды қолданудыңмүмкіндіктері:
Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
Білім беруде модульдік технологияларды пайдалану арқылы даралап оқытуға.
Білімді бақылау арқылы нәтеже алу,бағалау.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным-белсенділігін арттыру.Міндеттері:- модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды таным-түсініктер арқылы
ойлай білуге үйрету, тілді дамыту;- оқыту барысында қоршаған орта, тірі табиғат туралы қызығушылық
тудыру;- білім-біліктерді және ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде
пайдалануды насихаттау.^ Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, заңдар мен теориялар және символиканы зерделеу;
Құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;
Заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін қалыптастыру;
Қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету.
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Диагностикалық құралдар: бақылау; тест; жобалар жасау; реферат жасау;
талдау; сауалнама; болжам жасау; тәжірибе жинақтау.
Күтілетін нәтиже:- қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік алады;- адам, қоршаған орта туралы дүниетанымдық көзқарастары дами түседі.Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.Модуль – Оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.^ Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі
сабақтарында жүзеге асырылады.Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 4 Ә сыныбында екінші жыл пайдаланып келемін .Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысын қарастырайық.І кезең (5-7 минут)
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу дәрежесі тексеріліп, тиісті ұпай саны өткен сабақтың соңында жиған ұпайына қосылады.Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Мұғалім әрбір оқушының үйде орындаған тапсырмалар үшін жинаған және қорытынды ұпайын «ашық журналға» жазады, тиісті бағаға айналдырып, сынып журналына қояды.3) Өткенді пысықтау. Мысалы, 4а сыныптың қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тарауын қайталау бойынша өткізілген сабақ жоспарын қарастырайық.Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1. Дара және күрделі сын есімдермен таныстыру.
2.Дара және күрделі сын есімдерді ажырата білуге,
күрделі сын есімдер екі, үш сөзден құралғанымен бір ғана атау ретінде қолданылып, бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратынын ұғындыру.
3. Оқушылардың өз ой-пікірлерін еркін айта білуге, Отанын, туған жерін қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
-13335-38989000Көрнекіліктер: Кесте, слайдтар, видеофильм.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Ребусты шешу, шешуіндегі сөзге сипаттама беру. Жүйрік ат
Қарсы мәндес сын есімдерге қатар бойынша мысал келтіріп, үй тапсырмасын қорыту.
Қ-Қара-ақ, Қатты-жұмсақ, қатал-жуас, қараңғы-жарық, қымбат-арзан, құрғақ-сулы, қысқа-ұзын
Ж-Жарық-қараңғы, жақын-алыс, жуан-жіңішке, жұмсақ-қатты, жуас-асау,жұқа-қалың, жылы-суық,жаман-жақсы.
3.Жаңа тақырып: Дара және күрделі сын есімдер
Ережемен танысу. Дара сын есім бір сөзден тұрады.Мысалы:Көк, қою, сары, қара, ала.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: Ақ сары, көк ала, қара сұр, қызғылт сары, сары ала, көк ала, ақ боз.
Кесте бойынша жұмыс жүргізу.
4. Көркем жазу минуты
5. Пысықтауға жаттығулар орындау.
Мәтінді түсініп оқу, сын есімдерді табу, салыстыру.
Бір-біріңе түсіндіре отырып, дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырып жаз.
6.Сергіту сәті
7.Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Сын есімдерді тауып,олардың дара, күрделі екенін дәлелде.
Керікке сипаттама беру.
Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз. Әңгімеде күрделі сын есімдерді пайдалануды ұмытпа.
8. Өз біліміңді тексер (дара, күрделі сын есімдерді белгіле)
№ Сын есімдер Дара сын есімдер Күрделі сын есімдер
1 Көк + 2 Көкшіл сары +
3 Ақ + 4 Қара + 5 Жасылдау сары +
6 Ақшыл көк +
7 Қоңыр + 8 Сарғыш көк +
9 Жасыл + 10 Көк ала +
11 Қою + 9. Үйге тапсырма беру.
10.Сабақты қорыту. Оқушылар білімін бағалау.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.Оқушылар модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақатар туралы ой-пікірлерін былай дейді:-МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары;-сыныпта бір-бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен өте қызықты өтеді;-әр тақырыпты сөйлесу сабақтарында бірнеше рет талдаймыз, осындай сабақтан жақсы түсінемін.4Ә сыныбында МОТ 2 жыл жүргізіліп отырғандықтан, мектеп психологы оқушылардың мотивациясын анықтап, сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,
3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.Атқарылған іс-шаралар:
Бірлестік отырысында іс-тәжірибе алмасу, талдау, пікірлесу
Ғылыми жоба, оны жазу ерекшеліктері
Модульдік оқытуды пайдалану;
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Оқушыны ғылыми-теориялық конференцияға дайындау
Технологияларды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту (02.02.2010 жылы қалалық семинар)
Модульдік оқыту технологиясы бойынша мынадай құжаттар әзірлеп, сабаққа пайдаландым:
Модульдік оқыту технологиясы бойынша 4 сыныптарға арналған тесттік тапсырмалар жинағы.
Бастауыш сыныптың пәнінде пайдаланылатын жұмбақтар.
Олимпиадалық есептер жинағын құрастырудамын.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды бастауыш сынып сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмысжүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді.Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2013, -4,5 бет4. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.