План Мукагали Макатаев 1класс
Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты кештің сценарийі
Мақсаты:
Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.
1. Білімділік – оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
2. Дамытушылық – оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана - сезімін дамыту.
3. Тәрбиелік – Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Құрметті жиналған қауым! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына 82 жыл толуына байланысты «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты кеште бас қосып отырмыз.
Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
1 жүргізуші: Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 82 жыл толып отыр. Ендеше, бүгінгі поэзия кешіміз атынан танылып тұрғандай, Хан тәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы.
2 жүргізуші: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы хотим рассказать Вам о жизни и творчестве неповторимого, выдающегося поэта М. Макатаева. Это поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой поэт М. Макатаев, что представляет его творчество.
1 жүргізуші: Сөз кезегінде ақының өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік. (Слайд көрсетіліп тұрады)
М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз деген ауылда 1931 жылы дүниеге келді. Анасы Нағиман Батанқызы және әкесі Сүлеймен Мұқағали, Тоқтарбай, Көрпеш есімді үш ұл тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары, Мұқағалидің 10 жасында әкесі майданға аттанады. Он жасар болашақ ақын майданға кеткен әкесін аңсап:
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен,
Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен,
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді,
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,
Біз дағы әкемізге зармыз енді.
Әже баласы болған соң анасын Нақа деп атаған. Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектепті интернатта оқып бітіреді. 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы.
Өлең «Жазылар естеліктер мен туралы»
«Алдама мен, ақ сағым»
«Егін салдым, мал бақтым»
2 жүргізуші: (Слайд жалғастырылады) Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Алма - Атинской области. Красота родного, счастливого края стала источником его поэтического дара. Полное имя поэта — Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали, считая, что бремя ответственности (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. У молодых родителей Макатаевых, Сулеймена и Нагиман, он был первым из троих детей. Отец поэта, скромный и работящий человек, за год до войны стал председателем колхоза. В 1941 году началась ВОВ и его отец Сулеймен ушел на войну. Тогда 10 летний Мукагали скучая по отцу написал стихи Из - за тяжелой жизни Мукагали быстро повзрослел. Мукагали закончил среднюю школу - интернат, работал секретарем сельсовета, заведующим красной избой, комсомольским работником, учителем семилетней школы.
1 жүргізуші: Еңбек еткен жылдары: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап ауылға оралады. Мұқағали Мақатаев Киров атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді. Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді, табиғатты сүюге үйретеді. Оның өлең – жырлары: «Отан», «Поэзия», «Жас қайын», «Аққулар ұйықтағанда» көптеген шығармалары бар.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмадан үзінді
Ән «Есіңе мені алғайсың»
Әнін жазған Л. Әбдіхалыкова». Орындайтын 9 сынып оқушысы
2 жүргізуші: Родной аул Мұқағали у подножья горы Хан тегри, где много родников и луг. Увидев красивую картину природы невозможно не быть поэтом. Мукагали все эти картины природы описывал в своих стихах. Мукагали хорошо знал русский, немецкий языки. Он находясь в ауле через почту выписывал книги. Мукагали поэт, который читал мировую классику и перевел на казахский язык Данте, сонеты Шекспира, песни Уолта Уитмена.
1жүргізуші. Мұқағали Мақатаев немістің ұлы сазгері Бетховенге кереметтей өлең арнаған ақын. Мұқағали Мақатаев бірде емделіп жатқанда, талантты жазушы Асқар Сүлейменов көңілін сұрай келген екен.
(Сахналық көрініс)
Мұқағали:
- Асқар екенің рас болса, екі жыл өмір қосамысың? – деп сұрайды.
Асқар: - Қосамын.
Мұқағали: - Қайтіп?
Асқар: - Бетховеннің 9 - симфониясын тыңдайсың.
Мұқағали: - Уақыт өтіп барады. Тез тыңдат. Тек осында әкеп тыңдат,- депті.
Асқар: - Жарайды, қазір тездетіп әкелейін. (Біраз уақыттан кейін алып келеді. Мұқағали Мақатаев тыңдайды)
Мұқағали: - Қандай керемет десеңші, бір жасап қалдым ғой өзі.
Асқар: - Ұнағанын көріп отырмын, жарайды, менің жұмыстарым бар еді, кетейін.
Мұқағали: - Жарайсың, Асқар. Рахмет саған. Жолың болсын.
(Мұқағали қолына қалам, қағаз алып, сахнадан шығып кетеді. Осы кезде жай ғана симфонияны қосып қою.
Өлең «Бетховен» Кұсаинова Айдана
1 жүргізуші: Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадыр тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кейінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Өлең «Үш бақытым»
Өлең «Отан»
Өлең «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
Өлең «Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған»
Сахналық қойылым
Жазушы Нәбиден Әбуталиев жұбайы екеуі Мұқағали Мақатаев емханада жатқанда барған еді.
Мұқағали: - А, келдің бе, Нәке! Мен енді қанша жасайды дейсің, көпке бармаспын. Баспада істейсің ғой, өлеңдерім сендерге аманат, менің байлығым да, артыма қалдырған асыл мұрам да сол, көбін жарыққа шығара алмадым,- деді ол қиналып.
Нәбиден: - О, не дегенің. Әлі - ақ жазылып кетерсің.
Мұқағали: О, тәңірім, неғылған шаққа айналды,
Түнім, тұтып, ақ таңым атпай қалды.
Көңілім кеуіп, өзенім ақпай қалды.
Ақтабан шұбырынды,
Қарғаған кім болды екен ғұмырыңды.
Ақтабан шұбырынды,
Ақ туың жығылулы.
Олақ қатын тоқыған алашадай,
Өрмегіңнің арқауы суырылды,-
Нәбиден жұбайына қарап: - Көрдің бе, өлеңнің төгілуін. «Райымбек, Райымбек» дастанын жыр ғып айтып жатыр. – Ал, Мұқа, жазылып шығыңыз. Біз қайтайық. (Қоштасады)
Нәбиденнің жұбайы: - Ой, тағдыр - ай, ақындар неге ерте кетеді дүниеден,- деп сұрады менен.
Нәбиден: - Білмейсің бе, ақындар өлмейді. (Көрермендерге қарап) Оның өзі өлгенмен, артында өлмейтұғын өлеңдері қалады. Сол өлеңдері ақынның мұрасына айналады.
Өлеңдер: «Қиын не бар?»
«Өкінбеймін»
«Шыда» Ералиев
«Жылдарым менің»
2 жүргізуші: Мукагали Макатаев своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием, поднял ее на небывалую высоту. Произведения Мукагали волнуют, вызывают душевный трепет у современных молодых людей также, как когда - то у их отцов. С песнями Мукагали люди укладывают детей в колыбели, стихи, песни Мукагали сопровождают людей на празднествах и торжествах. Произведения выдающегося, талантливого поэта Мукагали Макатаева будут вечно с народом.
Ән «Сәби болғым келеді»
1 жүргізуші:
Мұқағалидың да аяғын көп шалдырғаны рас. «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат». Қазір ол ең көп оқылатын ақын. Мұқағали мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.
Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
1 жүргізуші: Осымен М. Мақатаевтың туған күніне арналған кешіміз соңына жетті. Келесі жүздескенше күн жақсы болсын! Тілім, елім деп жүрегі соққан жастар көп болсын!