конспект по технологий на тему А?аштарды жартылай ?иыстыру


Ахметов Құдайберген №35 И. Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің
технология пәні мұғалімі
Сырдария ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды жартылай қиыстыру.
Сабақтың мақсаты: Ағашпен жұмыс атқару кезінде кездесетін бөлшектерді қиыстыру,біріктіру жайлы білімдерін және іскерліктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Ағаш бөлщектерін қиыстыру жайлы білімдерін қалыптастыру.
Шығармашылық ойлау мен кеңістіктік елестетудің дамуына ықпал ету.
Жұмыс кезінде мұқият болу және еңбек нысандарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру (техникалық сөздік қорын байыту).
Пәнаралық байланысы: сызу, математика, орыс тілі
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық
Қолданылатын технология: ұжымдық оқыту технологиясы
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: дайын үлгі, қашаулар, ағаш балға, қалам, сызғыш, бұрыштама, ағаш өңдеу үстелі.
Дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету: презентация, видео
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу және олардың сабаққа дайындығын бақылау, түгендеу
II. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.
Ағашты қаралтым өңдеуге қандай қашауларды қолданады?
Ағашты таза өңдеу үшін қолданатын қашаулар қандай болады?
Қашаулардың бұрыштарының үшкірлігі жұмсақ ағаш өңдеуге, қатты ағаш өңдеуге қандай болу керек?
Қолмен жонғыш кескіштер қандай болаттан жасалады?
III. Жаңа сабақ.
Ұжымдық оқыту технологиясының талабы бүгінгі оқытудың негізгі мақсатымен үндеседі. Оқушыны үнемі жұмысқа дағдыландыруға үйретеді. Технологияның ерекшелігі оқушылар жұптаса жұмыс жүргізген кезде бір-бірінің білімін толықтырып, өз беттерінше жұптаса жұмысқа үйренеді.
Ағаш ұсталағы мен ағаш шеберлігі саласындағы жұмыстарды атқару кезінде ағаш бөлшектерді құрастыру,топтастыру,ұластыру және бұрыштарды байланыстыру сияқты шараларды жүзеге асыруға тура келеді.
Ағаш бөлшектерді бұрыш арқылы құрастырып-бекіту:
Ағаштарды жартылай қиыстыру;
Жартылай шеңберді тетік арқылы құрастырып бекіту.
Таба ұстағыш тәрізді тетіктің көмегімен құрастырып-бекіту арқылы жүзеге асады.
Бұрыш арқылы қиыстыру суреттері


Ағаш бөлшектерді крест тәрізді бекіту кезі.

Ағаш бөлшектерді топтастыру:
Ұштастыра топтастыру.
« Мұртына матастыра» топтастыру.
Ағашты жартылай жарып топтастыру.
Жапсырма құлып арқылы топтастыру.
Қиғаш жапсырма құлып арқылы топтастыру.
Тігінен салынған керілме құлып арқылы топтастыру.
Қиғаш салынған керілме құлып арқылы топтастыру.


Ағаштарды ұластыру арқылы бекіту.
Ағаш бөлшектерді жартылай жару арқылы бұрандамен бекітіп ұластыру.
Жасырын тиекті-кертікті тетіктермен ұштастыра ұластыру.
Тарақ тәріздес тетіктермен ұштастыра ұластыру.
Жартылай жарып біріктіріп, сыртынан хомутпен бекіту арқылы ұластыру.

Бұл биіктігі бойынша ұластыру бөренені бір-біріне жалғау кезінде қолданылады.
Ағаш бөлшектерді біріктіру жұмыстары көп болса, онда оны ағаш өңдеу білдектерімен, қол электр аспаптарымен жасайды.
Белгі салу кезінде өткір ұшталған карандашты қолданған дұрыс. Бұл сызықтың дәлдігіне кепілдік береді.
Ара,қашаулар қайралған, өткір болуы керек.
Ағашқа белгі салар құралы «рейсмус» деп аталады. «Рнйсмус» неміс тілінен аударғанда – «параллель сызықтар жүргізетін құрал» деген мағына береді. Оның көмегімен дайындамаға сызықтар жүргізіледі. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Аралағанда бағыттағыш тақтайды (стусло) қолданады.
Қашау үшін дайындаманы мықтап бекітіп алады; төсем тақтайды пайдаланады. Қашаудың қозғалысы (өзіңнен әрі қарай» болуы керек.
IV. Ағаштарды жартылай қиыстыруға арналған видео фильмді тамашалайық.
V. «Әрі қарай жалғастыр»
Мақал-мәтелдер.
Жігітке жеті өнер аз,
....................... (Жетпіс өнер көп емес.
Өнерлі жігіт өрде озар,
..............(Өнерсіз жігіт жер соғар)
Жантақтан ине,
............(Жаңқадан түйме жасаған)
Темірге тіл,................(Жаңқаға жан бітіретін)
Шешеннің сөзі мерген, ...........(Шебердің қолы мерген)
Қолың ұста болсын,........(сөзің қысқа болсын)
Өнерлінің өзегі........(талмас)
Оймақ пішсең де.........(ойлап піш)
Еңбек ептілікті................(сүйеді)
Күш жақсы, күштен........(іс жақсы)
VI. «Ойнайық та, ойлайық»
Жұмбақ шешу.
Керегенің басында кетпен құйрық,
Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық. (қайрақ)
Елу аяқты, екі қолды,
Салады елу аяқпен жалғыз жолды. (ара)
Кішкене ғана келіншек,
Төбесінде түйіншек. (шеге)
Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен,
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
Есіктегі құлыпқа,
Ұя жасау-өнерім.
Шаңырақтан уыққа
Үңгір қазып беремін. (қашау)
VII. Бекіту сұрақтары:
Ағаш бөлшектерін құрастыру тәсілдерін айтып беріңдер.
«Ағаш бөлшектерін жартылай қиыстыру» дегенді қалай түсінесіңдер?
Рейсмус дегеніміз не?
Қалдықпен шабу дегеніміз не?
VIII. Зертханалық сабақ.
IX. Үйге тапсырма.
₤24 оқу